Версия для печати

Грант саны артып, жалақы өседі Избранное

Пятница, 12 Март 2021 04:14 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 14812 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

241

 

–Жоғары білім қолжетімді болу үшін 2025 жылға қарай гранттар саны 50 пайызға артады. Жыл сайын жас ғалымдарға 1 000 грант бөлініп, 500 қазақстандық ғалым әлемге танымал ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өте алады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылғы сәуірде Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы қабылданады, - деді Асқар Мамин. Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігі Білім беру саласындағы ұлттық жобаларды әзірлеу кезінде Елбасының, Мемлекет басшысының, Nur Otan партиясының барлық тапсырмаларының іске асырылуын қамтамасыз етуі қажеттігін баса айтты.
2024 жылға қарай педагогтардың жалақысы мен студенттердің шәкіртақысы 2 есеге ұлғаяды. 800 жаңа мектеп салынып, 5000 ауыл мектебі жаңғыртылады. Колледждерде 9-сынып негізінде оқу толығымен тегін болады. Колледждерді бизнеске сенімді басқаруға беру тәжірибесі жалғасады (қазіргі уақытта 10 колледж берілді). Университеттердің білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттар негізінде 100% жаңартылады, бұл түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттырады. Талантты жастардың елден кетуін қысқарту мақсатында шетел университеттерінің филиалдарын ашу жоспарлануда.
Білім және ғылым министрлігіне, облыс әкімдіктеріне биылғы 25 наурызға дейін 5 мың ауыл мектебін жарақтандыру, жөндеу, орта қауіпсіздігі жағдайлары, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен мектеп асханаларын жаңғырту бойынша нақты индикаторлары бар жаңғырту жөніндегі жол картасын енгізу тапсырылды.
«Білім беру жүйесін кешенді жаңғырту бәсекеге қабілетті экономиканың негізгі факторы болатын сапалы адами капитал қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді», - деді А. Мамин.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.