НЗМ оқушылары IESO 2022 халықаралық олимпиадасына жолдама алды

Вторник, 08 Февраль 2022 07:30 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4799 раз

NZM-mektep 2

Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Даниал Пак пен Нұрзат Баратбек “Жер туралы ғылым IESO 2022” олимпиадасының халықаралық кезеңіне жолдама алды.

 IESO 2022 олимпиадасының іріктеу кезеңін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министірлігінің  қолдауымен ашылған “Жас геолог” корпоративтік қоры ұйымдастырды. Жыл сайын өткізілетін сайыстың республикалық кезеңіне физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептен алты оқушы қатысып, олардың барлығы жүлделі орынға ие болды.

Республика деңгейдегі іріктеу кезеңінде оқушылар геология, геофизика, метеорология, океанография, астрономия салалары бойынша білімдерін көрсетіп, команда мен  жұмыс істеу және ағылшын тілі бойынша біліктіліктерін танытқан.

“Жас геологтар биыл сайысқа қатысып жоғары нәтиже көрсетулері үш жылдағы үздіксіз дайындықтың жемісі” - дейді, Зияткерлік мектептің география пәнінің мұғалімі Нұржан Сұлтанбаев. Әріптесі Ерлан Есентаев пен бірге 22-30 тамыз аралығында өтетін халықаралық кезеңге дайындықты бастағандарын да айтты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.