Ал мектептің «Жас қыран» әскери патриоттық командасы «Ұлы Жеңістің 77», «Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовтың 120 жылдығына» орай ұйымдастырылған республикалық «Кәсіпқой маман армия негізі» олимпиадасына қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
Мектеп ішінде де айтулы күн аталып өтті. «Тарихқа тағзым» тақырыбында кітапхана дакітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге тарихтағы ең ірі соғыстар мен соғыс тақырыбында жазылған қазақ жазушыларының кітаптары қойылды. Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының «Ұшқан Ұя» мен Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен Аңыз» шығармасы оқушылардың ерекше назарына ілінді.
Сонымен қатар оқушылар білім ордасының алаңшасында «Бейбітшілік» тақырыбына сурет салу челленджін жасады.