Версия для печати

Шымкенттік NIS оқушысы В.И. Вернадский атындағы халықаралық жасөспірімдер сайысының лауреаты атанды

Понедельник, 16 Май 2022 04:11 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4425 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Билал Алиев 13-15 cәуір аралығында өткен халықаралық В. И. Вернадский ғылыми-зерттеу байқауында аймақтық өлкетану бағыты бойынша жоба қорғап, бірнеше бағытта лауреат атанды.

IMG 8940

 

Билалдың сайысқа ұсынған «Оңтүстік Қазақстандағы дәрмене: тарихи фактілер мен интерпретация» тақырыбы ұйымдастыру комитеті тарапынан «өзекті зерттеу жұмысы» деп танылды. Бұл ғылыми жұмыс «Туған елге тағзым» желілік жобасында да номинацияға ие болған.

Тарих пәнінің мұғалімдері Ивашев Сергей Владимирович пен Амалбекова Бақыт Әбілашымқызының жетекшілігімен орындалған зерттеуде Оңтүстік Қазақстандағы дәрмене туралы аңыздар мен тарихи фактілер талданған. Тарихи құжаттар мен ақпараттық дереккөздер дәрмененің Шымкент қаласының елтаңбасында үш рет бейнеленгенін, дәрмене тек түстік өңірде ғана өсетінін және Кеңес Үкіметі кезеңінде емдік шөптен дәрі дайындалғанын дәлелдейді.

Айта кетейік, Сергей Ивашев пен Бақыт Амалбековаға байқау ұйымдастырушылар зерттеу жұмысына жетекшілік еткені үшін алғыс хат жолдады.

– Біріншіден дәрмене Шымкент қаласының символына айналу керек. Екінші мәселе тек біздің өңірде өсетін, медицинада пайдасы орасан емдік шөп туралы қазақ тілінде ақпарат мүлде жоқ. Менің басты мақсатым ғаламторда дәрмене туралы қазақша ақпарат орналастыру - дейді, Билал.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.