ӘР АУДАННЫҢ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ БАР Избранное

Пятница, 19 Август 2022 04:07 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 2063 раз

Бүгінде Қаратау ауданында 60 мыңнан аса жас бар. Бұрын қалада бір ғана Жастар орталығы болса, өткен жылы мемлекеттің қолдауымен әр ауданның өзінің жастар орталығы құрылды. Бұл жастар үшін қуанышты жаңалық болды.

356

 

Қаратау аудандық жастар орталығы бір мезетте 100-150 жасқа қызмет ете алады. Ғимаратымыз мейлінше заманауи техникалармен жабдықталған, арнайы психолог кабинеті жұмыс істейді. Жастардың бос уақытын өткізетін COWORKING алаңымен де қамтылған.
Мемлекет басшысы кезекті бір жиында жастарды жұмыспен қамту, тұрақты кәсіп ашуына қолдау көрсету, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша жұмысты жандандыруды тапсырған болатын.
Біз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне теңіздің тамшысындай болса да үлес қосқымыз келеді. Осы мақсатта Қаратау аудандық жастар орталығы жастарға 5 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, жастардың шығармашылық бастамаларына қолдау көрсетіледі; бос уақыттарын тиімді пайдалануға ұйытқы болады; психологиялық көмек беріледі; мемлекеттік бағдарламалар бүге-шігесіне дейін түсіндіріледі; еріктілікке тарту жұмыстары жүргізіледі.
Ашылғанына көп бола қоймаса да орталық 150-ден астам іс-шара өткізді. Жастар арасында танымал тұлғалармен, аудан әкімі, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдерімен жиі кездесулер ұйымдастырылады. Мұның өзі жас буынға жігер береді деп сеніммен айта аламыз.
Мемлекетіміздің, ел ағаларының жастарға деген қамқорлығы бізді алға жетелейді. Біз де күш-қайратымызды, білім-білігімізді елдің игілігіне жұмсап, аянып қалмақ емеспіз.

Бекзат ТӨЛЕБАЙ,
Қаратау аудандық жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.