ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ
Среда, 13 Март 2024 05:45«майшелпек» емес, мүмкіндік
Елімізде жыл сайын ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге қайтарымсыз грант беріліп келеді. Онымен қоса мемлекет кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында жұмыскерлердің жалақысын субсидиялайды. Қайтарымсыз грантқа халықтың әлеуметтік осал топтары, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасылардың мүшелері – көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы алушы, оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударушылар, қандастар, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үміткер бола алады. Жүйедегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы толығырақ Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының жұмыспен қамту және еңбек нарығын үйлестіру бөлімінің басшысы Зәуре ҚАДІРОВА айтып берді.
МАХМҰД САБЫРХАН ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Среда, 13 Март 2024 05:44Жерлесіміз, бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасына жолдама алды. Ол Италия елінің Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирде 57 келіде бақ сынады.
БЕЛСЕНДІ ӘЙЕЛДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Среда, 13 Март 2024 05:41Шымкентте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ әйел азаматша аталмыш комиссияның төрағасы Аида Балаеваның арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
ЖАС АҚЫНДАР ӨЗБЕКӘЛІНІ ЖЫРЛАДЫ
Среда, 13 Март 2024 05:35Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде республикалық «Рух сардары» атты жас ақындар айтысы өтті. Айтыс Өзбекәлі Жәнібековтің ел үшін жасаған қызметі мен мұраларын насихаттау, жас ақындарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Өнер додасын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың Басқарма төрағасы-ректордың міндетін уақытша атқарушы, айтыс жанашыры Гүлжан Сүгірбаева құттықтау сөзбен ашып, ақындарға сәттілік тіледі.
«Шам жарығындағы кездесу»
Среда, 13 Март 2024 05:34Шымкенттің поэзия сүйер қауымы «Шам жарығындағы кездесу» атты кеште бас қосты. «Şam» əдеби шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен кеш көрерменге тамаша көңіл-күй сыйлады.
«БАЙЛЫҚ - БАЙЛЫҚ ЕМЕС, ДЕНСАУЛЫҚ – БАЙЛЫҚ»
Среда, 13 Март 2024 05:33Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында екі күн бойы қатарынан «Денсаулық — өмір негізі» көрме-жәрмеңкесі өтті. Онда жанға дауа, дертке шипа іздеген жандар үшін табиғи емдік қасиеті мол өнімдер қойылып, шипажайлар мен медициналық орталықтар өз қызметтерін ұсынды. Сондай-ақ келушілер отандық косметикалық өнімдермен де танысты.
ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗАР, ЖАРЫСҚАНДА...
Среда, 13 Март 2024 05:31Шымкент қаласының жаңа ипподромында ұлттық ат спорты – бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионатының іріктеу турнирі өтті. Сайысқа Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларынан, жалпы 9 өңірден 80 ат қатысты.
"БЖЗҚ" АҚ-да " Ашық есік күні"
Понедельник, 11 Март 2024 07:12"БЖЗҚ" АҚ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде 2024 жылғы 15 наурызда "Зейнетақы заңнамасындағы жаңашылдық: ЖМЗЖ" тақырыбында "Ашық есік күнін"өткізеді.