Қаңтар оқиғасы. Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің жауынгерлері мен полиция қызметкерлері 5 қаңтарда Шымкент қаласы әкімдігінің алдында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұрады. Қатардағы жауынгер Самандар Ташкенбаев өз өміріне төнген қауіпті түсінсе де, бульдозер көлігімен ғимаратқа қарай беттеген тәртіп бұзушының жолын бөгейді. Салдарынан Самандар ауыр жарақат алып,…
Мектеп оқушылары жазғы демалысты қызықты өткізіп жатқанда, Шымкент қалалық білім басқармасы келер оқу жылының қамына кірісіп кетті. Әсіресе, білім ұйымдарының құрылысы қарқынды. Бүлдіршіндерге сапалы білім беріп, оның қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған 5 жылдық кешенді жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 101 мектеп салу көзделіп…

Асыр сал, балақай!

Пятница, 10 Июнь 2022 04:24 Автор
Оқу жылы аяқталып, мектеп бітіруші түлектер үлкен өмірге қадам басып жатса, оқушылар жазғы демалысты қызықты өткізудің қамына кірісіп кетті. Балалар жылында үйдегі бұзықтарымыздың демалысын қалай тиімді ұйымдастырып, қайда апарған жөн? Тақырыпты тарқатар болсақ.
Таяуда Петропавл қаласында NIS мектептері арасында футзалдан III желілік спартакиаданың финалдық кезеңі өтті. Кезекті маусымда ұлдар және қыздар арасындағы үздік құрама командалар анықталды.
Бүгін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған «WorldSkills Shymkent – 2022»кәсіби шеберлік чемпионатының қалалық кезеңі қорытындыланды. Аймақтық чемпионат 20-27 мамыр күндері аралығында Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты 15 колледждің базасында өндірістік кәсіпорындардың атсалысумен өткізілді.
NIS-те биылғы оқу жылы айтулы және көптен күткен оқиға – домбыра сабағымен аяқталды, оны Гиннесс рекордтар кітабына «Ең ауқымды домбыра сабағы» атауымен онлайн тіркеу жоспарланып отыр. Қазақ халқының басты музыкалық аспабында бір мезгілде мың оқушы ойнады.
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Билал Алиев 13-15 cәуір аралығында өткен халықаралық В. И. Вернадский ғылыми-зерттеу байқауында аймақтық өлкетану бағыты бойынша жоба қорғап, бірнеше бағытта лауреат атанды.
Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономия ғылыми жарысында NISШымкент оқушыларыжоғары нәтиже көрсетті.
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қаладағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Тыл ардагерімен кездесуге барып қайтты. Ұлы аяқталғаннан кейін тылда еңбек етіп, жазушылық жолында еңбектерін соғыс тақырыбына арнаған 82 жастағы Тұрдалы Османовтың шығармаларымен танысты. Қанды жылдардың оқиғаларын 92 жастағы  Абылай Қазыбаевтан естіп,…
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қазақ әдебиетіне арналған «Қазағымның әдебиеті» атты ауқымды жобаны қолға алды. Оқушылар, ұстаздар және ата-аналарды белгілі ақын-жазушылармен жүздестіретін символдық қоңырау барлық NIS-те соғылды. Бірыңғайәдебиет сабағы мектептің YouTube арналары мен басқа да интернет-платформаларда тікелей…