Театрдың әр маусымы – бір тарих Избранное

Пятница, 23 Сентябрь 2022 04:26 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1628 раз

Шымкент қалалық өзбек драма театрының жаңа ХХ маусымы ашылды. Көрермен назарына театр ұжымы өзбекстандық танымал режиссер Сайфиддин Мелиевтің «Тановор» арт-этнофольклор қойылымын ұсынды.

221

 

Қойылымға материалдық және рухани байлықтың ара-жігін білу, қазіргідей жаһандық дәуірдегі рухани байлықтың құндылығы арқау болған. Әлемнің өркендеуі үшін үйлесімді дамыған қоғам құруда адам факторы өте маңызды екені айқын. Шаходат Исаханованың «Тановор» шығармасы осы тақырыпқа арналған. Оқиға қыз-келіншектердің тігіншіге келіп, әңгіме-дүкен құруынан басталады.
Көрермен пьесада жақсылық пен жамандық, тәкаппарлық пен кішіпейілділік, адалдық пен алауыздықтың күресі арқылы қоғамның шынайы бет-бейнесін тануға мүмкіндік табады. Спектакльде бірнеше өлең шырқалды.
Салтанатты кеште сөз алған театр директоры Мирвахид Миразизов көрермендерге алғысын жеткізді. «Atlas Travel Agensy» агенттігінің директоры Султонмурод
Халмуратұлы және
Абдураим Худойбергенов демеушілік танытып, көрермендерге сый-сияпаттар табысталды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.