Терең ойға құрылған туынды

Среда, 26 Апрель 2023 05:33 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3268 раз

Биыл Төлен Әбдікұлының шығармалары «Бір ел–бір кітап» акциясы аясында таңдалғаны баршаға аян. Жазушы, қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлының көркем туындылары қалың оқырманға кеңінен танымал.

755

 

Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалары жүйесіне қарасты №2 комьюнити орталығында №75 мектеп-гимназияның 5-сынып оқушыларымен әдеби кеш өтті. Акция аясында өткен кеште сынып жетекші Ж.Қиясованың қатысуымен жазушының «Оң қол» шығармасына талдау жасалды. Қаламгер өмірі мен шығармашылығынан буктрейлер ұсынылып, оқушылар «Оң қол» көркем фильмінен үзінді тамашалады. Балалар шығарма желісі бойынша көрініс сахналап, оқиғаға сай салған суреттерін кітапханаға табыстады.
Акция Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі №5 кітапхана бөлімшесінде жалғасып, Т.Әбдіктің шығармаларына арналған «Көркем жазушы – Төлен Әбдік» атты әдеби сағат өтті. Жиынға №55 жалпы орта мектептің 7-сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Ұлдар Бакирова қаламгердің өмір жолымен таныстырды. Жазушы туындыларының көркемдік ерекшелігін, оның қазақ әдебиетіндегі философиялық прозаны дамытқан талантты қаламгер екенін баяндады. Т.Әбдік шығармалары адамгершілікке, ізгілікке, мейірімге, еңбексүйгіштік сынды қасиеттерді дәріптейтінін түсіндіріп өтті.
Төлен Әбдікұлы тұлғаның екіге бөлінуі сынды психологиялық мәселені де қозғаған. «Оң қол», «Парасат майданы», «Тозақ оттары жымыңдайды», «Ақиқат», «Қайырсыз жұма» атты шығармаларында тұлғаның екі ойда болуы, екі тұлғада өмір сүруі көрініс тапқан. Оқушылар жазушы шығармаларының қысқаша мазмұнына тоқталып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Соңынан «Парасатты прозаның падишасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

А.ДҮЙСЕНБЕКОВА,
Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіндегі №2 комьюнити орталығының меңгерушісі,

К.МЫРЗАБАЙ,
№5 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « «Серінің сергелдеңі» «Қарлығашым, келдің бе?» »