Версия для печати

«АЛТЫН БЕСІК» БҮЛДІРШІНДЕРІ АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНЕН СУСЫНДАЙДЫ Избранное

Среда, 04 Декабрь 2019 04:53 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2817 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкенттегі № 47-ші «Алтын бесік» бөбекжай-балабақшасында Абайдың 175 жылдығына арналған шара ұйымдастырылды. «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты мерейлі шараға Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов, балабақша қызметкерлері, ата-аналар қатысты.

302

 

Жиында болашағынан үміт күттірген бүлдіршіндер ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, ән шырқады. Балабақша басшылығы ұлы ақынның мерейтойына орай әр айға шаралар жоспарын құрған екен.
– Осындай шаралардың маңызды екені сөзсіз. Мақсатымыз – ұлы кемеңгер, ойшыл ақынымыз Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін, жас ұрпаққа насихаттау. Дара тұлғаның өлеңдері арқылы бүлдіршіндердің бойына адами қасиеттерді сіңдіру. Осылайша, өскелең ұрпақ ұлы тұлғаларымызды ұмытпай, оның шығармашылығына қызығушылық танытады. Бұл шараны ұйымдастыруға ата-аналар да ерекше белсенділікпен атсалысты, – дейді балабақша меңгерушісі Гүлмира Тойбаева.
Айта кетсек, «Алтын бесік» – қаламыздағы үздік бөбекжай-балабақшалардың қатарында. Мекеменің шығармашылық тобы республикалық байқауларда жоғары көрсеткішке ие болып жүр. 1967 жылы негізі қаланған балабақшада бүгінде 20-дан астам білікті педагог 220 бүлдіршінге тәлім береді.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.