Версия для печати

Таңғажайып хикаят Избранное

Пятница, 19 Март 2021 03:57 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 10699 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының 2200 жылдығы мен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған драматург С.Қасымбектің «Наурыз көне Шымқалада» таңғажайып хикаятының премьерасы өтті.

400

 

–Әр қаланың тереңінен тартатын тарихы болуы заңды құбылыс. Оңтүстіктің маржанына айналған Шымкенттің қилы тарихы ғасырлар қойнауынан сүзіліп, бүгінгі бізге қалай жеткенін жас ұрпаққа жеткізетін қойылымның берері мол болмақ. «Көне қала мәңгілік болу үшін ортасынан өзен ағады» деген ұстанымның шындыққа айналғанына куәгер – «Шымкенттің сұлу алқасына» айналған Қошқар ата өзенінің шығу тарихына жаңаша көзқараспен шолу жасалынған. Сан-қилы тағдырды кешкен тарихымызды тарқата отыратын хикаяттың таңғажайыптығы өз көрерменін тәнті ететіне сеніміміз мол, - дейді хикаяның қоюшы режиссері Жұмабек Есимов.
Иә, бұл Шымкенттің 2200 жылдығына орай көне қала тарихынан ой тербей отырып Ұлыстың Ұлы күні Наурызды қала тұрғындарына кеңінен насихаттап, тіршілік бастауы бірліктен тұратынын ырыс пен құттың берекелі ынтымаққа жетелейтінін, әз-Наурыздың мән мағынасын жасөспірімдерге қиял-ғажайып оқиғалармен жеткізетін таңғажайып хикаят.
Бұлай деуімізге қойылымды тамашалауға келген кішкентай көрермендердің риясыз көңілі, қошаметі себеп. Көне мен жаңаны үйлестірген қойылымды келушілер аса қызығушылықпен қабылдады.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.