Тарихи кітап жарық көрді Избранное

Среда, 26 Май 2021 03:49 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 6021 раз

Жазушы әрі тарихшы Момбек Әбдіәкімұлының «Шымкент қаласының тарихы» атты жаңа кітабы жарық көрді. Кітапта Шымкенттің екі мың жылдық тарихы баяндалған.

861

 

Шымқаланың пайда болуы мен қалыптасуы, ғасырлар безбенінде шаһардың кімдердің иелігінде болғандығы, түркілер заманында және Шыңғыс хан мен Ақсақ Темірдің һәм Қазақ ордасының құрылу кезеңдерінде шаһарда орын алған оқиғалар, XVI-XIX ғасырларда Бұқар, Қоқан хандықтарының басқыншылығына, қазақ-қырғыз қақтығысына, Ташкент билеушісі Жүнісқожа бектің шапқыншылығына, орыс отаршылдығына қатысты деректер рет-ретімен нақты әрі қысқаша түрде тізбектелген. Бұдан бөлек, қаладағы әрбір нысан, тарихи ескерткіштер мен қаланың дамуына қызмет еткен тұлғалар назардан тыс қалмаған.
Момбек Әбдіәкімұлының көп жылғы еңбегінің нәтижесінде жарыққа шыққан кітап архивтік материалдарға, көне қолжазбалар мен ескі ғылыми жәдігерлерге сүйеніп жазылған. Сонымен бірге тарихи фактілер мен даталар құрғақ баяндаулардан ажыратылып, оқиғалар барысы көркем тілмен көмкерілген.
Тарихи кітап Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың алғы сөзімен және белгілі тарихшы ғалымдар Мәмбет Қойгелді мен Бахтияр Смановтың пікірсөздерімен басылған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.