Жас шеберлер байқауы өтті Избранное

Пятница, 04 Июнь 2021 04:38 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4681 раз

«Бейнелеу өнері» мұражайында «Алтын қазына» көркем және сәндік қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының қалалық байқауы өтті. Байқауға Шымкент қаласының 11-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты.

932

 

Қатысушылардың жұмыстары көрмеге 7 бағыт бойынша қойылды: тоқыма бұйымдарын дайындау, ағашты көркемдеп өңдеу, мүсін жасау,
металды көркемдеп өңдеу, ұлттық киімдердің үлгісін жасау, қағаздан бұйымдар жасау, шыныны көркемдеп өңдеу.
Көне дәстүрлерімізді көздің қарашығындай сақтау – біздің басты міндетіміз. Жобаның басты мақсаты ұлттық өнерді жас буынға насихаттау, санасын жаңғырту болатын. Мектеп оқушыларын шеберлікке тәрбиелеп, қолөнерді дамыту, көрермендерді жас шеберлердің жұмысымен таныстыру, қолдау көрсету басты мақсат еді.
Байқауға 613-тен астам жұмыс келіп түскен. Қазылар алқасы қатысушыларды дипломдармен марапаттап, жетекшілеріне алғысын білдірді. Солардың ішінен жұмыстары ерекше көзге түсіп, оза шапқандары да болды. Олар: №47 мектеп-гимназиясының оқушысы
А.Ахметова, №90 мектеп оқшысы А.Айтбаева, Балалар көркем сурет мектебінің оқушысы З.Тәшенов, №71 мектеп оқушысы Х.Анарметова, №99 мектеп-гимназиясының оқушысы Қ.Ерғазы және №85 мектептің оқушысы
М.Айтболатова.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.