Назарбаев Зияткерлік мектептері Тұңғыш Президент күнін дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастады. Бүгін еліміздің барлық қалаларында, NIS-тің ұйымдастыруымен, халқымыздың атақты күйлері орындалды.
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі желілік марафонды мегаполистегі «RIXOS KHADISHA» бес жұлдызды қонақ үйінің атриумында өткізді. Интелектуалды мектептің домбыра үйірмесіне қатысатын 40-қа жуық оқушысы Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», Дәулеткерей Шығайұлының «Қосалқа», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» және халық күйлері «Қара жорға», «Келіншекті» орындап, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін “Ұлы Дала Мұрагерлері” іс-шарасының мақсаты: тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту, ұмыт болған күйлерді еске салып, халық арасында таралған күйлердің тарихын насихаттау. Халқымыздың баға жетпес қазынасы – күйді дәріптеп, күйшілік дәстүрдің мән - мағынасын түсіндіру.
ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІ СЕНСІҢ ДОМБЫРА
Четверг, 02 Декабрь 2021 05:06 Автор Редакция Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2292 разРедакция
Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.
Последнее от Редакция
- Жемқорлыққа қарсы күресейік
- 2023 жылдың қорытындысы бойынша "БЖЗҚ" АҚ-ның салымшыларды (алушыларды) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар ету жөніндегі жыл сайынғы науқаны
- "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасын іске асырудың алғашқы 2 айындағы жас қазақстандықтардың нысаналы жинақтарын пайдалану нәтижелері
- Ерікті зейнетақы жарналары - зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді әдісі
- 2024 жылдың 2 айында отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 641 млрд теңгеге көбейді