ҚАРА ШАҢЫРАҚТАҒЫ ҚОС ҚУАНЫШ Избранное

Среда, 16 Март 2022 04:19 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1264 раз

Жуырда шымкенттік театр сүйер қауымға ақжарылқап жақсы жаңалықтар жетті.
Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының әртісі Нұржамал Қаламбаева халықаралық театр сыншылары бірлестігінің ұйғарымымен «Эпизодтық рольдегі жыл актрисасы» номинациясы бойынша марапатталды.

506

 

Нақтырақ айтар болсақ, режиссер Әлібек Өмірбекұлы қойған «Qora Z» спекталіндегі министрдің рөлі үшін актриса жүлдеге лайықты деп танылған.
«Халықаралық театр сыншылары бірлестігі» – «International Union of Theatre Critics» 2020 жылы 13 ақпанда тұсауын кесе салысымен қазақ сахна өнеріне жаңа леп алып келген бірлестік. Бірлестік жетекшілерінің айтуынша, бұл ұйымға еліміздің ғана емес, шетелдің де белгілі театртанушы мамандары мүше. Олар заманауи театр мен драматургия мәселелерін талқылайды. Жыл сайын Қазақстан театрларының жұмыстарына баға беріліп, жеңімпаздар анықталады. Сахна өнерінің қорытындысы шығарылады.

507


Дәл осы бірлестіктің ұйғарымы бойынша 2021 жылы Қазақстанда шығармасы ең көп қойылған авторлар тізіміне Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының әдебиет бөлімі меңгерушісі, драматург Сая Қасымбек еніп отыр. Драматургтың шығармалары екінші жыл қатарынан үздік ондық сапында. Бұл – үлкен жетістік.
Шаниндіктерді қос бірдей қуанышымен құттықтаймыз!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.