Nauryz Fashion Day көрсетілімі өтті Избранное

Пятница, 25 Март 2022 03:57 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2033 раз

Наурыз мерекесі аясында үшінші мегаполисте Nauryz Fashion Day дизайнерлік сән көрсетілімі ұйымдастырылды.

25

 

Shymqala этноауылында өткен іс-шараға Қазақстан мен Орта Азияның белгілі дизайнерлері жиналды. Мұнда еліміздің түрлі қалаларынан келген балалар және ересектер дизайнерлерінің топтамалары көпшілік назарына ұсынылды. Мерекелік салтанатты тамашалауға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева, қала тұрғындары мен қонақтары жиналды.
– Біз Наурыз мерекесіне орай Nauryz Fashion Day көрсетілімін ұйымдастырып отырмыз. Мұнда Шымкенттегі өнер саласында жүрген жандар – суретшілер, дизайнерлер, қолөнершілер, арт-директорлар, құрақ құраушылар жиналды. Яғни, қаламыздағы креативті саланың өкілдері бір алаңда бас қосты деуге болады. Бұл – олардың әрқайсына өз өнері мен өнімдерін көрсетуге мүмкіндік беретін іс-шара, – деді Шымкент қалалық дизайнерлер қауымдастығының төрайымы Жанна Елтанова.

28


Сән көрсетіліміне Шымкент және Түркістан қалаларының, Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген дизайнерлер қатысты.
Ұйымдастырушылар келесі жылғы Наурызда дизайнерлердің басқосуын бұдан да кең ауқымда өткізуді жоспарлап отыр.

Последнее изменение Пятница, 25 Март 2022 04:09
Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.