Версия для печати

АЛТЫНАЙ ЖАҢА ҚЫРЫНАН ТАНЫЛДЫ Избранное

Пятница, 01 Апрель 2022 04:31 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2999 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрының ақпарат және жарнама бөлімінің меңгерушісі Алтынай Алиева жаңа бір қырынан танылды. Ол бұған дейін әнші, ақын ретінде танылса, енді драматургия саласына қалам тербеп, тырнақалды туындысы жуырда Көкшетаудағы Ақмола облыстық орыс драма театрында екі тілде сахналанды.

83

 

— Қаңтар айында «Балақай@Net.ata» заманауи ертегісін жаздым. Сол айдың соңында еліміздегі бірқатар театрларға ертегімді ұсындым. Ең алғаш шығармаға деген қызығушылығын танытып Ақмола облыстық орыс драма театрынан хабарласты. Қуантарлығы сол, ертегіні екі тілде сахналайтынын айтып, екі жылға авторлық құқымен алды. Кейінірек өзге де театрлардан ұсыныс түсті. Алайда, алғашқы келісім жасалған соң, өзге театрларға келісім бере алмадым, - дейді Алтынай Алиева.
Ертегіні режиссер Фархадбек Қанафин сахналаған. Ал, А.Алиева арнайы шақырумен премьераға қатысып, ерекше шабытпен оралыпты.

84


— Спектакль екі тілде сахналанады дегенде орыс тілді аудитория қалай қабылдар екен деген күдік болғаны рас. Дегенмен, режиссердің, актерлердің жеткізу шеберлігінің арқасында жас көрермендер екі тілде де жылы қабылдады. Ақмола облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы, Ақмола облыстық драма театрының директоры Бейбіт Салауатұлы ерекше ықыласпен қарсы алып, премьерадан соң алғысын білдірді. Осы сапар барысында балалар драматургиясына қалам тербеп жүргендердің тым аз екені де айтылды. Тырнақалды туындымның көрермен көңілінен шығып, қысқа мерзімде сахналанып үлгеруі маған шабыт бергендей. Жуырда тағы бір ертегімді жазып аяқтадым, - дейді автор.
Айта кетейік, Ақмола облыстық орыс драма театры 13-17 сәуір аралығында гастрольдік сапармен Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрына келмек. Олар осы сапар барысында жерлесіміз Алтынай Алиеваның «Балақай @Net.ata» ертегісін де сахналайды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.