Шарықта, шалқар шабытым Избранное

Среда, 25 Май 2022 04:30 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1938 раз

Үшінші мегаполисте «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамы бірлестігінің бастамасымен «Шарықта, шалқар шабытым» атты концерт өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық іс-шараның мақсаты – өмірге, өнерге ғашық жандардың шығармашылығын насихаттап, бойындағы таланты мен дарынын өнерсүйер қауымға көрсету болмақ.

600

 

–Концертке руханиятымыздың дамуына үлес қосып жүрген жандар қатысып отыр. Олар ән салып, өлең-жырларын халыққа жеткізеді, - деді «Шалқар шабыт мүгедектер қоғамы» ҚБ төрағасы, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың қызметкері Ербек Мейрамбайұлы.
Шаһарда мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында таланатты азаматтар көп. Осындай дарынды жастардың талабын ұштап, шығармашылығын шыңдап, өнерін өрістетіп, оны көпшілікке насихаттауда аталған қоғамдық бірлестіктің үлесі зор. Қайырымдылық концертті өткізу қаламызда дәстүрге айналды. Сондықтан Шымкентте ғана емес, өнерпаз жандар Түркістан облысында да өз өнерлерін паш етіп жүр.
– «Шалқар шабыт» қоғамдық бірлестігі маған үлкен қолдау көрсетті. Аудан, облыс деңгейлерінде, республика көлемінде көптеген шығармашылық концерттерге қатысып, өнерімді шыңдадым. Ұйымның бастамасымен Шымкент қалалық опера және балет театрында шығармашылық кешім өтті. «Өмірге құштармын» атты авторлық әнім жарыққа шығып, көрерменнің жүрегінен орын тапты. Бізді қолдап, концертімізге келген көрермендерге алғысым шексіз, - деп өз ризашылығын білдірді өнерпаз Рүстем Кенжеұлы.
Кеш соңында өнерлі жандар алғыс хатпен марапатталды.

Айдана МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.