Версия для печати

«STEP UP» – Би баттл жеңімпазы Избранное

Пятница, 17 Июнь 2022 04:50 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3023 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қаламыздың көрікті, мәдени орындарының бірі – Қызғалдақ субұрқағы маңында «Бибаттл» сайысы өтті. Жарыста мектеп оқушылары хип-хоп пен брейк-данс сияқты заманауи биден сайысқа түсті.

28

 

Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева жналғандарды қала күні мерекесімен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Заманауи би түрлері тек өнер ғана емес, дене қимылына негізделген спорт әрі жастар арасында қалыптасқан мәдениет болып та саналады. Статистика бойынша бүгінде қаладағы мектеп оқушыларының 74 пайызы сабақтан тыс қосымша үйірмелермен қамтылған. Соның ішінде мектеп оқушыларының 18 пайызы би үйірмелеріне қатысады. Бұл – көп көрсеткіш емес, әрине. Ендігі мақсатымыз – осындай сайыстар арқылы жастарды би өнеріне қызықтырып, бойындағы таланттарын шыңдау, – деді Жанат Арысбекқызы.
Жарысқа би өнерінің майталмандары қазылық етті. Қазылар алқасының алдында «Брейкинг баттл», «Хип-хоп» жанрлары бойынша үйірмелерге қатысатын 6 топ сайысқа түсіп, қазіргі би өнерінің үлгілерін және оның негізгі ережелерін орындады, өзара жарысты.
Байқау қорытындысында «Брейк-данс» шоу бағдарламасы бойынша I орын – «Step Up» тобына, II орын «Djangl» тобына берілді. Ал хип-хоптан оза шапқандардан I орынды – «РИА» тобы, II орынды – «Step Up» тобы, III орын «Заңғар» тобы жеңіп алды. Барлық жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.