ТЕАТРДА КЕЗЕКТІ МАУСЫМ ЖАБЫЛДЫ Избранное

Понедельник, 04 Июль 2022 04:48 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2862 раз

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының 39-маусымының жабылуы салтанатты түрде өтті. Өнер ұжымы Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнап, Ақылбек Шаяхметтің «Ахмет» реквиемімен маусымның шымылдығын жапты.

131

 

Қостанайлық қаламгер Ақылбек Шаяхмет «Ахмет» қойылымын 25 жыл бұрын жазған. Пьеса ширек ғасырдан бері еліміздің театрларында сахналанып келеді. Бұл жолғы қойылымның жөні бөлек. Тарихи ұлы тұлға туралы спектакльдің қоюшы режиссері – жас талант Әліби Жанабілов.
Қойылымда Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының отаршылдыққа қарсы күрес жолы, ерік-жігері мен ұлттық рухы, қиындыққа толы өмірлері суреттелген. Халқы үшін жанын пида еткен, ұлты үшін басын бәйгеге тіккен нар тұлға туралы қойылған туындының айтары көп.
Қойылым соңында Ақылбек Шаяхмет өзінің жылы лебізін білдірді.
– Спектакльдің кемшілігі мен қателігін қырағы көзді көрермен байқап, қалай болғанын айта жатар. Бұл қойылымды А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына жасалған лайықты тарту деп ойлаймын, – деді қойылым авторы.
Ақылбек Шаяхмет Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ернат Салмақовтың атынан театр ұжымына алғыс хат табыстады. Сондай-ақ, өзінің пьеса жинағын жас актерлерге тарту етті.

Айдана МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.