Жас қаламгерлермен кездесті

Среда, 13 Июль 2022 10:04 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1625 раз

zhas-kalamger

«Ақын-жазушыларға шығармашылық қолдау көрсету мәселесі жиі сөз болады. Біздің қоғамда ақындық пен жазушылық кәсіп емес. Бірақ, ол — сіздерге қонған дарын. Дарын сіздердің артықшылықтарыңыз». Жас қаламгерлермен кездескен Шымкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Мұқан осылай деді.

Кездесуге жас ақындар Сүндет Сейітов, Салтанат Мадиярқызы, Арайлым Мұратәлиева және жазушы Жәудір Нартай қатысты. Еркін форматтағы отырыс барысында жас қаламгерлердің жұмыспен қамтылу мәселесі де назардан тыс қалмады.

— Ақын-жазушыларға шығармашылық қолдау мәселесі жиі сөз болады. Шетелдерде жазушылар өте бай. Олар шығармасымен елді елітіп, сол туындысына алған қаламақысымен өмір сүреді. Біздің қоғамда ақындық пен жазушылық кәсіп емес. Бірақ, ол — сіздерге қонған дарын. Дарын сіздердің артықшылықтарыңыз. Сіздер де өз өнімдеріңізді өткізе білулеріңіз керек. Әуелі, шығарма арқылы оқырман жүрегіне жол табу маңызды. Екінші, шығармашылық маркетингті дамыту қажет. Яғни, өніміңіз оқырманға өту үшін сіздер олармен жақын болыңыздар, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Жиын барысында жас қаламгерлердің алдағы жоспары талқыланды.

— Жуырда өздеріңіз ұйымдастырған «ШАМ» бірлестігінің шығармашылық кешіне қатысып, поэтикалық дуэльдеріңізді тамашаладым. Алайда, аудитория әлі де аз. Шымкентте 200-ден аса мектеп, 8 ЖОО, 30-дан астам колледж бар. Сіздер арнайы шығармашылық бағдарламамен осы білім ұйымдарындағы замандастарыңызбен кездесіп, өздеріңізді таныстырыңыздар, - деді Ш. Жұмабекұлы.

Жас қаламгерлер кездесу барысында өз пікірлерін білдіріп, бүгінгі поэзия мен проза тілі жайлы әңгіме өрбітті.