Шахмат бәсекесінің жеңімпаздары марапатталды Избранное

Пятница, 22 Июль 2022 04:26 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1172 раз

Шымкент қаласының Орталық саябағында Асанбай Асқаров атындағы шахматтан қалалық BI CHESS рейтингілік турнирі өтті. Тағылымды іс-шараны бүкіләлемдік шахматшылар күні қарсаңында BI group компаниясы ұйымдастырды.

13

 

Турнирде 2-ші санаттан жоғары шеберлер мен арнайы іріктеу турынан өткен әуесқойлар бақ сынады. Жарысқа қатысуға жалпы 120-дан астам қала тұрғыны өтініш берді. Жеңімпаздар FIDE ережесіне сай анықталып, арнайы жүлделермен марапатталды.
–Аталған сайыс бұқаралық спортты дамыту мақсатында Шымкентте алғаш рет қолға алынып отыр, - дейді ұйымдастырушылар.
Жарыс қорытындысы бойынша 60 жасқа дейін және 60 жастан жоғары қатысушылар арасында жеңімпаздар анықталды.
Бірінші жас санатында Әбубәкір Жолдасов 6 ұпаймен, екінші санаты бойынша Әбілмансұр Әбділхайыр 8 ұпай нәтижесімен үздік шықты. Сондай-ақ турнирдің ең жас қатысушылары да марапатқа ие болды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.