Еркін САТҚАНБАЕВ, Шымкент қаласы бойынша референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың төрағасы: ОТАН, ТАРИХ ЖӘНЕ КЕЛЕР ҰРПАҚ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ БІРЛЕСІП КӨТЕРЕЙІК
Среда, 18 Май 2022 04:16– Еркін Тұрниязұлы, референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың құрылудағы мақсаты және оның қазіргі жұмысы туралы айтып беріңізші...
– Біз өткен отыз жылда тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, халықаралық қауымдастықта өз орнымызды иемденіп, аумақтық тұтастығымыз бен ұлттық қауіпсіздігімізді бекемдеп, ұлттық экономикамызды біршама бекемдеуге қол жеткіздік. Дегенмен, елдің дамуы барысында өзекті мәселелердің туындағаны, қоғамда түрлі қайшылықты көзқарастардың қалыптасқаны да жасырын емес. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түбегейлі реформаларды қолға алып, елде әлеуметтік әділеттілік орнату бағытында жұмысты бастады. Осынау түпкілікті өзгерістерді құқықтық тұрғыда негіздеу үшін Конституцияның 33 бабына өзгерістер енгізілетін болды. Демек, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бұл – тәуелсіз Қазақстанның даму тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы.
ӨЗГЕРІСТІҢ БАСТЫ ӨЛШЕМІ – ӘДІЛЕТТІЛІК
Пятница, 13 Май 2022 04:41Біздің елге өзгеріс керек екені көптен бері айтылып жүр. Бірақ, ол қандай өзгеріс? Ол өзгерістің басты өлшемі қайсы және оны қалай жүзеге асырамыз? Міне, бұл шын мәнінде маңызды сұрақтар. Елді, қоғамды түбірімен өзгерту бір-екі күндік шаруа емес, ол өте күрделі әрі ұзақмерзімді процесс. Себебі, алдағы өзгерістер қоғамда ашықтық пен жариялылықтың орнауына, азаматтардың қауіпсіздігінің артуына, құқықтарының қорғалуы мен әлеуметтік жағдайының жақсаруына, ең бастысы, әлеуметтік әділеттіліктің орнауына жол ашуы тиіс. Яғни, елдегі өзгерістердің ең басты өлшемі – әділеттілік. Қаншалықты әділ қоғам орната алсақ, өзгерістердің де соншалықты нәтижелі болғаны.
ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Пятница, 13 Май 2022 04:35Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізуге қатысты республикалық референдум өткізу бүкіл халықтың еркі мен пікірін білдіруіне мүмкіндік береді.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕСІ ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Пятница, 13 Май 2022 04:29Конституцияға енгізілетін өзгерістер болашақта біздің қоғамның, жекелеген азаматтардың және келешек ұрпақтарымыздың да өмір сапасының жақсаруына әсер етеді. Сондықтан әрбір азамат референдумға жәй қатысып қана қоймай, қандай өзгерістер үшін дауыс беріп жатқанын түсініп, оның мәнін ұғынуы тиіс.
ВЕЛОЖОЛАҚТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ
Пятница, 06 Май 2022 05:04Шымкент қаласындағы әуежайдың жаңа терминалына кіреберісте 2020-2021 жылдары ұзындығы 2.2 шақырымды құрайтын төрт жолақты жол салынған. Жолдың қос қапталында аяқжол мен веложолақ та төселген болатын.
Танкіші Жандос
Пятница, 06 Май 2022 04:25Қанша жерден әскери қару-жарақтың жаңа, заманауи түрлері шығып, пилотсыз ұшу аппараттары сияқты ноу-хоулар жасалып жатса да танктер өзінің армиядағы орны мен маңызын жойған жоқ.
МАҚСАТ – САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ СЕНІМІН АҚТАУ
Пятница, 29 Апрель 2022 04:42Заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты өткен жылғы сайлауда мәслихат депутаттары тек қана партиялық тізіммен сайланған болатын. Сол кезде аталған өзгерістің тиімділігіне көптеген мамандар, саясаттанушылар күмәнмен қарағаны белгілі. Бір жағынан бұл норма ешқандай партияның құрамына енбеген, бірақ, белсенді азаматтық ұстанымға ие, тұрғындар арасында беделі бар азаматтарды депутат атану мүмкіндігінен айырса, екінші жағынан тұрғындар өздерінің кімге дауыс бергенін де білмей қалады. Қазір кейбір тұрғындардың «біздің депутатымыз кім екенін де білмейміз» деп шағымданып жатқаны соның айғағы.
«АБЫЛАЙ ХАН КӨШЕСІНІҢ ҰЗЫНДЫҒЫ – 300 МЕТР...»
Пятница, 29 Апрель 2022 04:39депутат Шымкенттің орталық көшелеріне тарихи тұлғалардың есімін беру мәселесін қозғады
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Президент әкімшілігімен келісе отырып тарихи тұлғалардың тізімін жасақтаған. Бұл тізімге қазақ халқының тарихынан орын алған 555 тұлға енген екен. Алайда, қазіргі таңда Шымкент қаласында аталған тізімдегі тұлғалардың тек 20 пайызына ғана көше атаулары берілген. Қаламызда ұлт тарихынан ойып тұрып орын алатын қаншама қайраткерлердің атында көше жоқ. Бар болса да, ешкім білмейтін елеусіз бұрыштағы көшелер ғана берілген.