ЖІГЕР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ
Среда, 06 Апрель 2022 02:58Өткен сенбіде «Шымкент жастар лигасының» волейболдан іріктеу ойындары Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда жалғасты. Мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылып жатқан «Шымкент жастар лигасы» биыл екінші мәрте өтуде.
1 СӘУІРДЕН БАСТАП МЕШІТТЕРДЕ ТАРАУИХ НАМАЗЫ ОҚЫЛАДЫ
Среда, 30 Март 2022 04:26Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласының бойынша өкіл имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов кәсіпкерлерді қасиетті Рамазан айының құрметіне халықтың тұрмыс-жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше кемі 10 пайызға төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырды. Үндеу күні кеше ҚМДБ тарапынан жолданған. Бұл туралы қаланың бас имамы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
«Disney» ханшайымын қазақша сөйлеткен
Среда, 30 Март 2022 04:04Назерке СЕРІКБОЛҚЫЗЫ — тал бойына өнер тұнған жас дарын. «Жастар театрының» сахнасында қазақтың Жібегін, Айманын сомдап, ұлт аруларының бейнесін жаңғыртып жүр. Ал дубляж саласындағы еңбегі — бөлек тақырып. 2015 жылдан бастап халықаралық деңгейдегі «Disney» мультфильмдерін қазақ тілінде дубляждауға өз үлесін
қосып келеді. Бүгінге дейін жас бүлдіршіндердің
кумиріне айналған оннан астам «Disney» ханшайымын қазақша сөйлеткен жан. Танымал режиссер, профессор Нұрқанат Жақыпбай ағамыздың шеберханасынан тәлім алған Назерке СЕРІКБОЛҚЫЗЫМЕН Шымкентке келген сапарында сұхбаттастық.
Әділ АХМЕТОВ, актер, «Жастар театрының» директоры: Театр өмірлік миссиямызға айналғандай
Пятница, 25 Март 2022 04:01Жан-жақты шыңдалған актерлер трагедиядан комедияға, комедиядан драмаға еркін ауыса алады. Шеберлігімен, еңбекқорлығымен, тіптен ерекше образдарымен танылған театр және кино актері, «Жастар театрының» директоры Әділ Ералыұлы АХМЕТОВПЕН Шымкентке гастрольдік сапардың соңғы күнінде аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Әділ Ералыұлы — «Кек», «Қалжа», «Астана — махаббатым менің», «Жаужүрек мың бала», «Қарашаңырақ», «Анаға апарар жол» фильмдері арқылы көрермен көзайымына айналған майталман. Десек те, біз сахна сыртындағы бұл жүздесуде Әділ Ералыұлының актерлік қырынан гөрі, басшылық қызметтегі еңбегіне тоқталуды жөн көрдік.
Ұлттық киімді күнде киюге не кедергі?
Пятница, 18 Март 2022 04:30Көктем келіп, Әз-Наурыз мерекесі жақындағалы айнала гүлдене бастады. Табиғаттың әсемдігінен бөлек, адамдардың мерекеге орай киген бүрмелі көйлек, оюлы бешпенттері ерекше көңіл-күй сыйлайтындай. Алайда, қарасаң көркемдігіне көз тоймайтын, ұлттық нақыштағы киімдерді күнделікті киюге не кедергі? Дәл осы сауалдың жауабын іздеп, ұлттық киімдерді насихаттаудан жалықпайтын тұрақты оқырмандарымызға хабарластық.
Жаужүрек, белкөтерер, өрметөс, үлпершек...
Пятница, 18 Март 2022 04:22Қазақ халқының даналығы, тапқырлығы, өмірге бейімдігі шешендік әңгімелер мен тарихи деректерден бөлек, ұлттық тағамдарымыздан да көрініс тапқан. Қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын, денсаулыққа да пайдасы мол тағамдар — ұлттық астың төресі. Біз бүгін әз-Наурыз мерекесі қарсаңында ұмыт болған, сирек қолданылатын ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, дәріптеп жүрген Шымкент қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұлттың тағамдарды насихаттаудағы жұмысымен таныстыруды жөн көрдік.
Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ, «Жастар театрының» көркемдік жетекшісі, режиссер: «Мен өзімді де, оларды да аямаймын»
Среда, 16 Март 2022 04:27Сан қырлылығымен, жаңашылдығымен қазақ театр өнерінде өзіндік орнын айшықтаған, жас та болса жасампаз өнер ордаларының бірі — «Жастар театры» 10-14 наурыз аралығында Шымкентке гастрольдік сапармен келді. Шымкенттіктердің ыстық ықыласына бөленіп, көрерменнің көзайымына айналды. Ал бұл еңбектің басым бөлігі театрдың көркемдік жетекшісі әрі бас режиссеріне тиесілі екені анық. Осы сапар барысында театрдың негізін қалаушы, режиссер, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙМЕН аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен еді.
ШЫМКЕНТ «ЖАСТАР ТЕАТРЫН» АНШЛАГПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Среда, 16 Март 2022 04:26Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар театры» гастрольдік сапарын Шымкент қаласынан бастады. Өнер ұжымы 10-14 наурыз аралығында шымкенттік көрермендерімен қауышып, театр сүйер қауымның назарына 5 бірдей қойылым ұсынды. Гастрольдік сапар театрдың 15 жылдығына орай басталып отыр.