977f5d5b-1729-4d5e-b497-bfba77349cb4-2

Биыл білім саласы жаңа оқу жылында толық цифрлы жүйеге көшті. Балалардың онлайн режимде білім алуын қамтамасыз ету үшін қаладағы барлық білім беру ұйымдары жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілуде. Ол үшін 11 базалық станция орнатылуда. Ол нүктелер қаланың қай бөлігіне қойылады? Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Досан Әлібековпен сұхбаттасып, түйткілді сауалдардың жауабын алдық.

–Досан Биназарұлы, алда мектеп оқушылары мен ұстаздарға жаңа оқу жылы қол бұлғап тұр. Биылғы оқу жылы бұрынғыдан өзгерек болатынын бәріміз де біліп отырмыз. Қашықтан оқу – техника мен технологияға тікелей тәуелді. Онлайн оқу үшін әр үйде интернет байланысы жақсы болуы керек. Осы орайда Шымкент қаласында қандай жұмыстар атқарылуда?

–Ағымдағы жылдың оқу маусымында балалардың онлайн режимде сабақ алуын қамтамасыз ету үшін қаладағы барлық білім беру ұйымдары жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілуде. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту мақсатында қала аумағы бойынша 11 базалық станция орнату орындары айқындалып, қазіргі таңда тиісті жер телімдерінің координаттары белгіленді және мемлекеттік актілері рәсімделді. Сонымен қатар, өзге де құжаттары заңдастырылып, осы аптаның аяғына дейін электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі аяқталатын болады. Келесі аптаның соңына дейін байланыс операторлары тарапынан тиісті базалық станцияларды орнату жұмыстары жүргізіліп, нысан толық іске қосылады.

–«Интернетті қайтеді екенбіз?» деп отырған ата-аналар 11 базалық станцияның қай жерлерге орнатылатынын білгісі келеді.

–Қала аумағынан анықталған 11 жер телімі Google maps картасында белгіленген. Олар
Н. Назарбаев даңғылы, Арғынбеков пен Айша бибі көшесінде, Қайтпас, Шымсити-Асар қиылысы, Қайнарбұлақ шағын ауданы, Асар шағын ауданындағы ішкі айналма жолы, Шымкент-Алматы тас жолынан Достық шағын ауданы бағытына қарай, Төлеметов-Өтегенов көшелерінің қиылысына қойылады деп жоспарлануда.

–Шалғай елдімекендерде оқитын оқушыларға интернет қаншалықты қолжетімді болмақ?

–Бұл мәселе қала әкімінің қатаң бақылауында. Қаладағы шалғай тұрғын алабтарды қысқа мерзімде сымсыз интернетпен қамтамасыз ету шаралары қабылдануда. Яғни, жеке инвесторларды тарту есебінен антенна-матчталық құрылыстар салынады және ол жерге базалық станциялар орнатылады. Базалық станция орнату мүмкіндігі болмаған жағдайда, қамту аймағын ұлғайту (модернизация) жұмыстары жүргізіледі.
Қала аумағындағы 105 шағынаудан мен тұрғын алаптар интернет желісімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде мобильді интернетке – 74, сымды интернетке – 79, талшықты-оптикалық байланыс арнасына – 49 шағынаудан қол жеткізген.
Бүгінде интернет желісіне қатынау мүмкіндігі бар үй шаруашылықтарының үлесі 90,7 пайызды құрайды. Оның ішінде 98,5 пайызы мобильді кең жолақты байланысқа, ал 21,8 пайызы сымды кең жолақты байланысқа қосылған. Ал, интернет желісін пайдаланушылар үлесі 80 пайызды, тіркелген интернет абоненттерінің саны 75,5 пайызды құрайды. Бұдан бөлек, 20 шағынауданда интернет желісі, ал 16 тұрғын алапта мобильді интернет сапасы нашар екенін де атап өтуге тиіспіз.

–Ерте көктемде қала әкімі Мұрат Әйтенов жылдамдығы төмен аймақтарды 100 пайыз жылдамдығы жоғары интернет желісімен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. «Шаһардың әрбір тұрғыны сапалы интернетке қол жеткізуі керек. Қазір мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі интернет арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан сапасы төмен елдімекендерге көңіл бөліп, 5G жылдам интернет желісін қолға алуымыз керек» деген еді. Шымкентте ұялы байланыстың нашар аймақтарын, яғни өлі аймақтарды анықтау бойынша министрлікпен жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі қандай?

– Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министірлігінің тиісті мамандарынан құрылған жұмысшы тобының талдауымен шаһардағы интернет сапасы төмен аймақтар анықталып, нәтижесінде қала бойынша қосымша 43 жерге базалық станциялар орнату туралы алдын ала жол картасы әзірленді. Аталған 43 орын бойынша қазіргі таңда Шымкент қаласындағы байланыс операторларымен бірлесіп, нақты жағдайға талдаулар жасалуда.
Байланыс операторларымен келісу тамыз айының аяғына дейін аяқталып, қыркүйек-қазан айларында қосымша базалық станциялар орнатылады немесе белгіленген тәртіптердегі модернизациялау жұмыстары жүргізілетін болады.

– Шымкент қаласы онлайн оқуға қаншалықты дайын?

–Мектептер «Bilim Iand - Onlinemektep.orq» интернет платформасында қашықтан оқытуға толығымен дайын. Білім мекемелері толығымен интернет желісіне қосылған.
Қала сыртындағы елдімекендерде және білім ұйымдарында интернет жылдамдығын 8 Мб/с – 12 Мб/с-қа дейін ұлғайту жөнінде арнайы тапсырма беріліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, мұғалімдер мен оқушыларға заңнамаларда белгіленген тәртіптегі ғаламтор қызметіне қаралған қаржы есебінен «Қазақтелеком» АҚ арқылы интернет желісіне қосылған арнайы «әмбебап-нөмірлер» және қажетті роутерлер берілетін болады.
Қаладағы жалпы 30 колледжде қашықтан оқыту «Smart Nation College» интернет платформасында басталады. Білім беру процесі кезінде педагогикалық, ІТ, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттардағы мамандықтар қашықтан оқытылады.

–Үйге интернет орнатарда қандай байланыс операторының көмегіне жүгінген жөн?

–Шымкент қаласында желілі (кабель арқылы) интернет орнатумен Қазақтелеком, Транстелеком және Картел компаниялары айналысады. Үш оператордың да қызмет көрсету сапасы жақсы.

–Басқарма тарапынан атқарылып жатқан өзге де жобаларға тоқталсаңыз.

–Биыл біз бірнеше жобаның тұсауын кеспекпіз. Оның біріншісі, AR-shymkent – виртуалды шындық. Жобаның мақсаты – қаладағы тарихи жәдігерлер мен маңызды нысандардың, ескерткіштердің жай-күйі, тарихы туралы мағлұматтарды арнайы белгіге смартфон құрылғысын жақындату арқылы көру, танысу.
Одан кейін 2-ГИС жобасы. Бұл жоба бұрыннан бар. Тек толықтырулар енгізіліп, жетілдірілу үстінде. Жобаның мақсаты – қоғамдық көліктер қозғалысын онлайн режимде бақылау. Қазіргі таңда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан GPS деректері сұратылуда. Аталған деректер дайын болған соң, жоба толық іске қосылады.
Тағы бірі – Тру-Конф жобасы. Онда мемлекеттік қызметшілердің уақытын мейлінше үнемді пайдалану және денсаулығын сақтау үшін оларды жұмыс орнынан қозғалтпай жиналыстар ұйымдастыру көзделген.

–Әңгімеңізге рахмет!

 

unnamed

 

Базалық станцияның орналасатын мекен жайы

1. Нұрсәт-2 шағынауданы Н. Назарбаев даңғылының бойы, мешітке қарама қарсы беттегі көк үйлердің жанындағы автотұрақта;

2. Астана шағынауданы, Арғынбеков көшесінің бойында, Шаяхметов пен Астана даңғылы бойында;

3. Облыстық балалар ауруханасы Айша бибі көшесі, Шахан 2 супер маркетінің ішкі жағы, Балалар ауруханасы мен Назарбеков аллеясының арасында;

4. Тұран шағынауданы. Қайтпас шағын
ауданының жоғарғы жағы Тұран шағын
ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер аралығы;

5. Шымкент сити Шымкент-Алматы тас жолы бойы Асар шағынауданы мен Бозарық айналма жолының аралығында;

6. Шымкент сити, Асар шағынауданы мен Бәйдібек би даңғылының аралығында;

7. Шымкент сити, Шымсити мен Асар шағын ауданының қиылысы;

8. Асар-2 шағынауданы 4-көше, Қайнар бұлақ шағынауданына көтерілген жолдың оң жақ бетінде;

9. Асар шағынауданы, Асар шағын ауданындағы ішкі айналма жолдың жанында;

10. Достық шағынауданы, Шымкент-Алматы тас жолынан Достық шағынауданы бағытына қарай 1 шақырым жерде;

11. Солтүстік-Батыс шағын ауданы, Төлеметов-Өтегенов көшелерінің қиылысы, көпқабатты тұрғын үйлерге қарама-қарсы.

Ипподромның орны ауысқалы жатыр

Пятница, 21 Август 2020 05:44

3004e012-c115-420c-b37e-1d44eb087767

Қаланың бас жоспарына сәйкес Бәйдібек би даңғылында орналасқан қазіргі ипподром жаңа орынға көшіріледі.

Шымкент қаласы Бозарық тұрғын алабында заманауи стандартқа сай жаңа ипподром кешені бой көтереді..
Қазіргі таңда нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде. Жаңа ипподром құрылысына 24 гектар жер телімі бөлінді.
Жобаға сәйкес жаңа нысанда - жылы жабыны бар жасанды жүгіру жолы, жаттығу алаңы, ат спорты бойынша жарыстар өткізуге арналған алаң, жабық мінбер, атқоралар, жабық манеж - шпрингартен, ветеринариялық-профилактикалық бекет, сондай-ақ құрама жемге арналған қоймалар және автотұрақ болады деп жоспарлануда.

fe3e2fb6-7334-4136-b861-6d585836256e

Шымкентте қала көшелерінде абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде жол жөндеу жұмыстарымен қатар жаңа аялдамалар да орнатылып жатыр.

Биыл «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында қала аумағында 260 дана жаңа аялдама павильондарын орнату жоспарланған. Оның ішінде, әртүрлі типтегі, мәселен ТИП 22 – 165, ТИП 20 – 95 аялдама жаңармақ.
Атап айтқанда, Абай ауданында - 70, Әл-Фараби ауданында - 70, Қаратау ауданында - 70, Еңбекші ауданында - 50 аялдама павильоны орнатылады.
Ал 145 ескі аялдаманы демонтаж жасап, қала сыртында орналасқан елдімекендерде орнату көзделген.

ДЕНДРО2

Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтың гендік қорын көбейту мақсатында интродуценттердің, яғни жаңа ағаш түрлерінің 42 түрінен 200 дана көшет, 39 түрінен 5 341 дана ағаш-бұта егілді.

Мұнда Қазақстанның қызыл кітабына енген ағаш-бұталардың 7 түрі, ал сирек кездесетіндерден 61 түрі бар.
Саябақ аумағындағы ағаш-бұталардың жалпы саны 100 мың данадан асады. Қазіргі таңда тұқымбақта 62 түрлі ағаш-бұта түрлерінен 8 469 түп көшет өсірілуде.
Сала мамандарының айтуынша, биыл саябақтың жабайы ормандарын тазалау бойынша кезең-кезеңімен жоспар құрылған болатын. Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айы аралығында 5,3 гектар аумаққа санитарлық тазалық жүргізіліп, Төлеметов көшесіндегі ормандар қалпына келтірілген. Дендросаябаққа алты ай ішінде 101 578 адам келген.
Айта кетейік, «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының жалпы жер көлемі 129,37 гектарды алып жатыр. Оның ішінде Қошқар-ата учаскесі 12,33 га. Дендросаябақ флорасы 5 географиялық аймаққа бөлінген: Шығыс Азия, Орта Азия - Қазақстан, Солтүстік Америка, Қиыр Шығыс-Сібір, Европа Қырым-Кавказ.

ЖАРЫКШАМ ФОТО

Шаһар көшелерін самаладай жарықпен шұғылаландырып тұратын шамдар түнгі қаланы ерекше құлпыртып көрсететіні анық. Олардан төгілген сәуле айналаны нұрландырып қана қоймай адамның көңіл-күйіне де ерекше әсер етеді.

Шымкентте көшелерге көрік пен жарық беретін 50 мыңға жуық түнгі жарықтандыру шамдары бар. Жарықшамдардың тозуының алдын алу мақсатында үнемі күтім жасалынып тұрады.
Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін қайта құру және күтіп ұстау жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Жобада жарықшамдарды энергия үнемдейтін LED шамдарына ауыстыру, сыртқы жарықтандыру желілерінің тозуын төмендету қарастырылған. Қазіргі таңда бұған қатысты конкурс өткізу жұмыстары қолға алынған.
Одан бөлек, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қосымша 39 көшеге жарық жүйесін орнату және 4 көшедегі жарық жүйелерін қайта құру, Ленгір бағытындағы тас жолдың ескі шамдарын диодты шамдарға ауыстыру және қосымша жарық жүйесін орнату жұмыстары атқарылып жатыр.

орталык фото

Шымкент қаласында халықаралық стандарттарға сай жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының «Call» орталығы ашылды.

103-ке келіп түсетін қоңыраулардың барлығын диспетчерлер жаңадан ашылған орталықта қабылдап, бірыңғай автоматтандырылған жүйе арқылы бақылайды. Қоңырау қабылдау орындары екі есеге артқан. Нәтижесінде қала тұрғындары еш кедергісіз жедел жәрдем нөміріне хабарласа алады.

Орталықтағы қоңырауларды басқару үшін PRI арнасының үздіксіз байланыс желісі мен спутниктік бақылау жүйесі (GPS) және мобильді интернет технологиясы қолданылады. Біріктірілген жүйе арқылы операторлар 10 секунд ішінде шақыртуды бригадаға бағыттайды.
Сондай-ақ ақпараттық жүйенің көмегімен Шымкент қаласының картасы бойынша мекенжайларды іздеу, көлік бағыттарының карталарын қадағалау, күту уақыты, қозғалыс жылдамдығы туралы мәліметтерді автоматты түрде бақылауға болады. Ал, шақыртуда жүрген мамандардың жұмысын бақылау үшін 100 жедел жәрдем көлігіндегі қызметкердің бәріне толығымен жаңа планшет берілді.
Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігі мен «Мейдей Қазақстан» түрік компаниясы арасында жедел жәрдем қызметін жаңғырту жобасы аясында екі жақты меморандумға қол қойылған болатын. Келіссөз нәтижесінде бірінші кезеңде жедел жәрдем қызметіне 100 жаңа көлік берілген. Екінші кезеңде осы жоба аясында «Call» орталығы әлемдік стандарттар бойынша жаңғыртылды

118042918 2605698639743086 7680979649620999756 o

Шымкент қаласына арнайы іссапармен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков келді. Сапар барысында ол шаһардың бірнеше туристік нысандарын аралап, сала мамандарымен кездесті.

Ең алдымен қаланың орталығындағы Қошқар ата өзеніне, кейін Ордабасы алаңына және Цитадель қалашығы мен Тәуелсіздік саябағына ат басын бұрды.
Онда туристік нысандарды дамыту бойынша бірнеше ұсыныстарын айтып, туризм басқармасының жаңа жобаларымен танысты. Сондай-ақ, ескі қалашыққа арнайы тоқталып, ондағы археолог-тарихшылармен, жоба үйлестірушілерімен кездесті.

–Шымкент – туристер үшін өте қызық әрі әсем қала. Мұнда жанға жайлылық пен ерекше жылылық бар. Цитадель – Шымкент қаласындағы ең тарихи әрі туристік нысан болады. Жобаның аяқталғандағы келбеті мен шаһардың сол кездегі тарихын тамашалауға бәріміз асықпыз. Мұнда Қазақстанды тануға құштар тарихшылар мен туристерді де тартатын боламыз. Сол себепті атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығы мен маңыздылығын абыроймен атқаратындарыңызға сенемін, - деді Д.Рыспеков.

Бұдан соң Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховпен және қаладағы туристік нысан өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелге қатысты. Онда карантиндегі туристік орталықтардың жұмыс қарқындылығы мен жеңілдетілген карантиндік режимдегі талаптарды сөз етіп, алдағы уақыттағы жұмыс алгоритмін талқылады.
Одан өзге, отбасылық қолөнершілер Б.Бейсбековтер шаңырағында болып, қазақтың дәстүрлі бұйымдары мен туристерге ұсынылатын түрлі жабдықтармен танысты.

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

15.08. 2020ж.

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

   город Шымкент

 №32

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр),  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47-ПГВр «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі –ҚР БМСДҚ №47-ПГВр),«Шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №48-ПГВр), «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығынасәйкес, COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 17тамыз сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 31 тамыз сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына:

2.1. адамдардың жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын (еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);

2.2. 65 жастан асқан адамдардың қалада және басқа да қоғамдық орындарда жүруін шектеуді;

2.3. қалада жүріп-тұру кезінде маскаларды кию бойынша міндетті талаптарды сақтау және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталсын;

2.4. үйлердің аулаларына және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне  рұқсат етілсін;

2.5. жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына баруға 3 адамнан аспайтын топтарға рұқсат етілсін;

2.6. қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге барғандасоның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде маскаларды кию және қоғамдық орындарға барғаннан кейін антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталсын.

3. Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға және кәсіпкерлік субъектілеріне, карантин кезеңіндекелесі шараларды қамтамасыз етуді:

3.1. жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, кеңсе қызметкерлерінің 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруді (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда);

3.2. сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын орындарда күнделікті  дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді;

3.3 ХҚКО жұмысын ұйымдастыру (оның ішінде арнайы ХҚКО) алдын ала Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 кезек брондау арқылыжүргізуді,жұмыс күндері(дүйсенбі-жұма) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, ал демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

3.4. «Қазпочта» АҚ-ның, Call орталықтарының жұмыс уақыттарысағат 9:00-ден 18:00-ге дейін,ал мереке және демалыс күндері жұмыстарына тыйым салынсын;

3.5. сыйымдылығы 30% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрдісақтаумен жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) азық-түлік базарлардың,азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім, мал және автокөлік базарлары)жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) барлық базарлардың жұмыстары тоқтатылсын;

3.6. орналасқан орнына қарамастан барлық азық-түлік гипермаркеттерінің, супермаркеттерінің, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендерінің жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақыты шектелсін;

3.7. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

3.8. құрылыс жұмыстарының жәнеүздіксіз өндірістік циклмен жұмыс жасайтын құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындарыныңжұмысын қалыпты режимде ұйымдастыруды;

3.9. медициналық ұйымдардың, дәріханалардың, процедуралық бөлмелердің, коммуналдық қызметтердің көрсету, адвокаттар, нотариустердің сонымен қатар адвокаттық және нотариустық кеңселерді жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастыруды;

3.10.      АЖБ (автожанармай бекеті), АЖБ жанындағы дүкендердің, ТҚО, шиномонтаждың, өзіне қызмет көрсететін авто жуу орындарының жұмыстарын қалыпты режимде ұйымдастыруды;

3.11.белгілі бір топтардың (ауысымдық жұмысшылар, медицина қызметкерлері, спортшылар) орналастыруға келісім шарты бар объектілерді қоспағанда, туристік объектілер мен халыққа жатын орындарды ұсынатын қызметтердің саласындағы нысандардың қызметі (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және басқалар) қонақтардың (клиенттердің) саны жобалық қуаттылығынан 50% дан аспаған жағдайда, сонымен қатар, қосымша қызметтерді (тамақтану, кір жуу, үтіктеу және басқалар) тек қонақ үй бөлмелерінде көрсетудіұйымдастыруды;

3.12.ойын-сауық, спорттық, жаттығу және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды адамдардың көп жиналу орындарында, сонымен қатар үйлерде  өткізуге тыйым салуды;

3.13.спорт оқу-жаттығу Ұлттық құрамадағы, клубтық командалық(30 адамнан аспайтын,қатынассыз термометрия, спорттық базада тұру),  жеке және топтық жаттығу ашық алаңда өткізуге рұқсат етілсін;

3.14.балалар коррекциялық-түзету бөлмелердің, білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың( жазылу арқылы 5 адамнан аспайтын) жұмыс күндері(дүйсенбі-жұма) 09:00-ден 18:00-ге дейін, ал демалыс күндері (сенбі,жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

3.15.кезекші топтарын(топта 15 адамнан аспайтын) қоспағанда балалардыңмектепке дейінгі ұйымдарының және сауықтыру лагерлерініңжұмысы тоқтатылсын;

3.16.жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден сағат 21:00-ге дейін жұмыс кестесімен сыртқа шығаруға немесе үйге жеткізу жүйесімен жұмыс жасап жатқан қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда, ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің (дәмханалар, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофеханалар, кулинария) жұмысына тыйым салынсын;

3.17.бассейндердің, аквасаяжайларының, жағажайлардың жұмыс істеуіне тыйым салынсын;

3.18.спорттық объектілердің бассейнсіз(фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, жабық спорттық құрылымдардың, спорттық үйірмелердің) 5 шаршы метр бір келушіге, сыйымдылығы 50% аспайтын, алдын ала жазылу бойынша 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмысын ұйымдастыру, ал демалыс күндері (сенбі,жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

3.19.СПА-орталықтары, әсемдік салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтары мен салондары (алдын ала жазылу бойынша бір келушіге 4 шаршы метр) жұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмысын ұйымдастыру, ал демалыс күндері (сенбі,жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

3.20.қоғамдық моншалардың және сауналардың(бассейнсіз) сыйымдылығы 50% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метржұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмысын ұйымдастыру, ал демалыс күндері (сенбі,жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

3.21.саяжайлардың, скверлердің, жағалаулардың жұмысы қалыпты режимде жүргізілсін;

3.22.жабық аттракциондардың жұмысы тоқтатылсын, ал ашық алаңда орналасқан аттракциондардың жұмысы 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмысын ұйымдастыру, ал демалыс күндері (сенбі,жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

3.23.көңіл көтеру мекемелерінің (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік және т. б.) жұмысына тыйым салынсын;

3.24. мәдениет объектілерінің (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.) жұмысына тыйым салынсын;

3.25. діни бірлестіктердің нысандарына (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) келушілер мен дінге сыйынушыларға баруды  тоқтатуды;

3.26.үйге жеткізу және сыртқа шығару режимінде жұмыс істейтін нысандарды қоспағанда, дүңгіршектердің, оның ішінде піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын нүктелердің жұмысына тыйым салынсын;

3.27.авто жуу нысандардың жұмысы уақыты шектеліп 09:00-ден 21:00-ге дейін ұйымдастыруды;

3.28.сыйымдылығы 30% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрдісақтауменсауда-ойын орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктер), сауда желілерініңжұмысы шектеліп 09:00-ден 21:00-ге дейін дейін жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмысын ұйымдастыру, ал демалыс күндері (сенбі,жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

3.29.кинотеатрлардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің жұмысына тыйым салынсын;

3.30.Шымкент қаласындағы қалааралық жолаушыларды тасымалдауға және автовокзалдың, автостанциялардың жұмысы тоқтатылсын;

3.31.медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етілсін;

3.32.қаржы нарығындағы субъектілерге жұмыс уақытын шектеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және даму агенттігінің актілеріне сәйкес ұйымдастырылсын;

3.33.осы қаулыда көрсетілмеген объектілердің жұмысы уақытышектеліп 09:00-ден 18:00-ге дейін дейін жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмысын ұйымдастыру, ал демалыс күндері (сенбі,жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын.

4. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына, денсаулық сақтау субъектілеріне және меншік нысанына қарамастан жеке кәсіпкер субъектілеріне:

4.1. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін шектелсін. Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын. Бетперделердің киілуі, толтырылуы отыратын орын санынан аспауы қадағалансын;

4.2. адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмаудың мақсатында көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) желіге барынша шығуын, қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылсын;

4.3. қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, адамдар көп жиналатын жерлерді қоса алғанда, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, өңдеумен қамтуды қамтамасыз ету және карантин аяқталғанға дейін көрсетілген жұмыстарды күн сайын жүргізуді қамтамасыз етілсін;

4.4. Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алабтарының, көп қабатты тұрғын үйлердің аумағында және ұйымдардың қоқысқа арналған алаңшаларын жоспарлы үнемі тазалауды, күнделікті тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды шығару және қоқысқа арналған контейнерлерді тазалауды, дезинфекциялауды, жууды қамтамасыз етуді;

4.5. инфекциялық және провизорлық стационарлардың аумағын күнделікті дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып залалсыздандыру іс-шараларымен қамтамасыз етуді.

5. Меншік нысанына қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына және жеке кәсіпкерлерге карантин аяқталғанға дейін:

5.1. бетпердені, қолғаптарды кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді пайдалану бойынша талаптарды қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсететін объектілерге қызметкерлерді бір реттік қолғаптармен, оларды уақтылы ауыстыруды және температура өлшеу құралдарымен қамтамасыз етуді;

5.2. қызметін жүзеге асыратын барлық объектілерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз етуді (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді, дезкілемшелерді орнату, ғимараттарды күніне кемінде екі рет өңдеу, залалсыздандыру құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету);

5.3. персонал мен келушілердің санитариялық-карантиндік және шектеу шараларын сақталуын қадағалауды қамтамасыз ету;

5.4. атқаратын қызметті ҚР БМСДҚ бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізуді;

5.5. барлық объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте, таксиде санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етуді.

6. Шымкент қаласының аудан әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына:

6.1. өз жұмысын қайта бастаған нысандарға санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мониторингпен қамтамасыз етуді;

6.2. карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.

7. Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Шымкент қаласы полиция департаментіне, Шымкент қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасына, кәсіпкерлік субъектілерімен және жеке тұлғаларымен қамтамасыз етілсін:

7.1. InfoKazakhstan.kz сайынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісінің негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды;

7.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін объектінің кіреберісінде санитариялық нормаларға сәйкестік актісін көрнекті жерге орналастыруды;

7.3. шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді;

7.4. бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan. kz сайтты пайдалануды;

7.5. шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды;

7.6. InfoKazakhstan.kz сайтындғы объектінің паспортына келушілердің үй-жайлардың жоспарланған толтырылуы туралы мәліметтерді кәсіпкерлік субъектілерді енгізуі (шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, осы қаулыға және № 43 ҚРБМСДҚ-ға қосымшаларда айқындалатын 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);

7.7. «InfoKazakhstan» электрондық порталының жұмысы іске қосылғаннан кейін, объектілер белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес объектілерінің қызметін қайта бастауға арналған актіні электрондық беруді;

7.8. жұмысын тоқтатқан нысандармен коронавирустық инфекциясын алдын алу мақсатында олардың жұмысын қайта бастау, санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақтауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді.

8. Күші жойылды деп танылсын:

8.1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 31.07.2020 жылғы №30 қаулысы;

8.2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12.08.2020 жылғы №31 қаулысы.

9. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

10. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

11. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

12. Осы қаулы 2020 жылғы 17 тамыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

 

Страница 7 из 409