39751

Бұл – халқымыздың басынан өткізген бірнеше тарихи кезеңге байланысты әңгіме. Өткен ғасырдың басында Кеңес өкіметінің әдейі ұйымдастыруымен жасалған жаппай ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін қазақ халқын баудай қырып, небір сұмдыққа толы геноцидті іске асырды. Ұлтымыздың бетке ұстар жақсылары мен жайсаңдарына мемлекет басшылығы тарапынан «халық жауы» деген жала жабылып, атылды. Сол тұлғалардың қатарында қазақ рухының асқақтауына үлкен үлес қосқан ұлы ғалым Құдайберген Жұбанұлы да бар. Осы бір аяулы тұлғаның қаншалықты ұлтжанды екенін кезінде өзінің тегін Жұбанұлы деп жазғанынан білдім.

8b8f4719-8666-4ba3-a015-e927f782f9a4Қ.Жұбанұлы нағыз энциклопедист ғалым болған. Өз қолымен толтырған құжаттарда ол 18 тілді еркін меңгергенін, және ол тілдердің көбісі – байырғы түркі, араб, грузин, коми, моңғол, неміс, парсы, орыс, шуаш, жапон және басқа да көптеген түркі тілдерін білетінін жазды.
Ол елінің жарқын болашағын армандап өмір сүрген жан еді. Педагогикалық институттың жалпы тілтану және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етті. Сонымен қатар негізгі жұмыс орнынан басқа бірнеше жерде де жұмыс істеуіне тура келді. Халық Ағарту комиссариятының коллегия мүшесі, оқыту-әдістемелік кеңесінің төрағасы, бөлімдердің бірінің меңгерушісі, республикалық терминология комиссиясының төрағасы, ұлттық мәдениет институтының ғылыми кеңесінің мүшесі бола жүріп және басқа да қызметтер атқарды.
Құдайберген Жұбанұлы орта мектепке арналған қазақ тілі грамматикасының жаңа оқулықтарын жазды. Оның қаламынан қазақ тілі туралы негізгі ғылыми еңбектер: қазақ және орыс тілінде түсіндірмелері бар «Қазақ тілінің академиялық сөздігі», үш томнан тұратын «Фонетика», «Морфология» «Синтаксис», «Қазақ тілінің ғылыми тілі бойынша лекциялар», ғылыми тілтаным жинағы және басқалар шықты. Жалпы алғанда баға жетпес 17 ғылыми еңбек, онымен қоса мал шаруашылығында қолданылатын одағай сөздер туралы екі баяндамасы із-түссіз жоғалып кетті. Бұл ғылыми жұмыстар баспаға уақтылы ұсынылғанымен, ғалым тұтқынға алынған соң басылмай қалған.
Кейін Қазақстанда Ғылым Академиясы ашылып, қуғын-сүргінге түскен ғалымдардың ғылыми зерттеулерін пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл тізімде Құдайберген
Жұбанұлының еңбектері де бар еді. Сол кездері белгілі жазушы Мұхтар Әуезұлы ғалымның інісі композитор
Ахмет Жұбанұлына: «Тек
Құдайбергеннің зерттеу еңбектері баз біреулерге 4 докторлық және 7 кандидаттық диссертация қорғауға жетті», - деп айтыпты.
Қ.Жұбанұлының бүгінге жеткен еңбектерімен танысқан кім де болса бұл сөздің шындыққа жанасатынын мойындайды. Бұл жөнінде ғалымның қызы Мүслима
Құдайбергенқызы өз естелігінде бірнеше мысал келтірген, солардың бірі мынадай: «...академик Ісмет Кеңесбаев өзінің тірі кезінде: «Менің атымнан шыққан әліппені сенің әкең бастап жазған болатын, қолы тимей, аяқтай алмағандықтан маған берді», – деп өз аузынан айтып еді. Әліппені өз атынан шығарса да, әкеміз ұсталғаннан кейін қаламақысын шешеме беріпті».
Ия, ол кез сондай аласапыран уақыт еді...

***

Мен өз басым осы бір ұлы ғалымның домбырасын іздеймін деп ешқашан ойлаған жоқ едім. Әкем, әдебиетші ғалым Әсілхан Оспанұлының қызметі кітаптармен тығыз байланысты болғандықтан, біздің үйдің балалары – екі қызы мен алты ұлы, бәріміз жастайымыздан кітаптардың арасында өстік. Бірде әкеммен жақын таныс болған, қазақтың белгілі ақыны
Әбділда Тәжібайұлының «Жылдар, ойлар» атты кітабын қызыға оқыдым. Ақын осы жазбасында композитор Ахмет Жұбанұлы туралы айта келіп оның ағасы Құдайберген Жұбанұлының домбырасы туралы да сыр шертеді.
Профессор Қ.Жұбанұлына өкімет басшылығы тарапынан «халық жауы» деген жала жабылып, тұтқынға алынған соң, ғалымның отбасы қиыншылық көріп, үйдегі заттарын сата бастайды. Бір күні ғалымның жұбайы отағасының домбырасын да сату туралы ұйғарымға келеді. Ғалымның інісі сол кезде досы Әбділдаға телефон шалады. Естелікте бұл оқиға былайша баяндалады: «…Ахмет біздің үйге телефон соқты.
– Әбеке, жеңгеміз ағаның домбырасын базарға шығарады екен, соны есіңе салып тұрмын, – деді, бір түрлі ыңғайсызданған дауыспен.
– Түсіндім, Аха! – дедім, оны ыңғайсыздықтан тезірек құтқару үшін, – базарда мені күтсін. Не болса да көрініп, тілдесіп кетемін, – дедім. Содан телефонмен асығыс хабарласып, Мұхтар Әуезұлының үйіне соқтым.
– Маған шамалы күнге 500 сом бере тұрыңыз, өте қажет боп қалды, Мұха, – дедім. Сырлас достан жасырын сөз бола ма, Құдайберген Жұбанұлының домбырасын алатынымды да айттым... Аса қадірлі қазақ, қымбат ағаның домбырасы сол күні менің меншігіме ауысты.
– Ах! – деді анам, домбыраға жас толған көзімен жылай қарап. – Көрінген біреудің қолында кетпей, саған келгені жақсы болды ғой, балам, күтіп ұста, азамат аман қайтса, өзіне тапсырарсың.
Ахметке телефон соқтым.
– Шақыр, келсін, – деді апам сыбырлап.
Ахметпен уәде бойынша келер кеште біздің үйде кездестік. Біздің үйде Құдайбергеннің домбырасы емес, өзі күтіп отырған сияқты еді. Мен Ахметті түпкі бөлмеге кіргізіп, шығып кеттім. Шынымды айтсам, бұл менің Ахаңның домбырамен кездескенін көрмей-ақ қояйын дегенім еді... Бірақ құлағым да, көңілім де түпкі бөлмеде, мен домбыра даусының қалай шығарын күтудемін... Мен күткелі күн өткен, ай өткен сияқты. Сабырым сарқылып, шыдамым шарт сынардай күтудемін. Бірақ домбырадан дыбыс жоқ.
Жай ғана есікті ашып, ішке кірдім. Ахаң терезенің қарсы алдында домбыраны құшақтап қатып қалыпты.
Әбділда Тәжібайұлы ұлы тұлғаның домбырасын былай суреттейді: «Аяулы адамның аяулы дүниесі екені көрініп-ақ тұр. Сыртқы қабының өзі екі жерден кілттеледі екен. Ал ішін қара-қошқыл, кейде қызыл-күрең де боп көрінетін бархытпен астарлапты. Кебуі әбден жеткен, шертіп қалсаң ішексіз-ақ дыңылдап тұрған ағаштан жасалған домбыраның сырлауы да келісімді-ақ, сырты қызыл қына секілді де пілдің сүйегімен ұқсас болыпты. Құлағы мен тиегі де бір ағаштан жасалыпты».
Ақынға Ахмет Жұбанұлы бұл домбыра туралы қызық мәліметті де жеткізген: «Ахаң бунақ-бунақ саусақтарымен бабына жеткен екі ішекті шалып қалды. Домбыра көмейінен күміс төгілгендей сыңғыр-сыңғыр етті:
– Мен мұны үш рет қайта істеткенмін, – деді домбыраның шанағын алақанымен жұмсақ қағып-қағып қалып, – домбырашысы кездессе, бұдан табылатын дыбыста есеп жоқ, бұрауын жетістірсек, бойында титтей де жалған сыбыс қалмайтын домбыра...»
Осы жолдарды оқыған соң мен ұзақ уақыт «Сол домбыра қайда екен» деп ойланып жүрдім. Бұл кез ақын
Әбділда Тәжібайұлы дүниеден өтіп кеткен уақыт еді. Алматыға барғанда Әбілда Тәжібайұлының ұрпақтарын тауып, Құдайберген Жұбанұлының домбырасының тағдыры туралы білгім келді. Бірақ Алматыға жиі баруға ол кезде жағдай көтермеді. Сонымен бұл ойым кейінге қала берді.
2014 жылы Алматыда қазақтың белгілі ақыны
Нұрпейіс Байғаниннің немересімен таныстым.
Ерболат менің мәдениеттанушы екенімді білген соң, маған атасының үш томдық шығармалар жинағын сыйлады. Осы жинақтың соңғы кітабында ақынның ұлы Момынның әкесі туралы жазған естелігінен мына жолдарды оқыдым: «Әкем жасының ұлғайғанына қарамастан өзін өте қуатты сезінетін. 1943 жылы Алматыға республикалық ақындар айтысына шақырылды. Осы жылы маған сырты қапталған өте әдемі домбыра әкелді.
Бұл домбыраның өз алдына тарихы бар. Алматыда әкем Әбділда Тәжібайұлы ақынның құрметті қонағы болған екен. Кетерінде ол «Құрметті ақын ата, біздің үйден не қалайсыз», – дегенде, әкем «Ренжімесең мына домбыра» – депті. Сол домбыраны қимас атаға деп тарту еткен. Әкем өз өсиетінде анама: «Мына домбыраны балам 10 жасқа толған кезде қолына берерсің» деген. Бұл тілегіне қарағанда, ол менің болашағымды болжаған екен деуге болады. Әкем айтқандай, мен 10 жасымнан мектеп сахнасында өнер көрсетіп, көпшілік көңілінен шығып жүрдім. Сондай жиындардың бірінен кейін байқамай домбырамды қиратып алғаным өкінішті-ақ. Кейін білсем қимас домбыра марқұм ағамыз Құдайберген Жұбанұлыныкі екен. Осындай құрметті ағадан қалған мұраны өз қолыммен ұстағанымды үлкен мақтаныш етемін».
Бұл жолдарды оқығанда жоғалғаным табылып, қатты қуандым. Осы кітапта ақын Әбділда Тәжібайұлының «Аталармен кездесу» атты естелігі де бар екен. Ол 1943 жылы Жазушылар одағы мен Әдебиет және тіл институты бірігіп, Алматыға қазақтың атақты ақындарын шақырғандарын жаза отырып, Ақтөбеден атақты ақынды өз үйінде қонақ еткенін, Құдайберген Жұбанұлының домбырасын Нұрпейіс Байғанинге қалай бергені туралы баяндайды: «Шай аяқтала бергенде Нұрекең сәл ғана жастыққа жантайған еді, домбыра қабығына қарап, күбірлеп қалды:
– Мынау не қарағым?
– Домбыра, Нұреке, – дедім қарияға қақпағын ашып ұсынып. Нұрекең домбыраны жай ғана алып, жай ғана шалып қалды».
Н.Байғанин осы үйде бірнеше күн қонақ болады. Әбділда Тәжібайұлының анасы Айманкүл мен қонақтарына «Құбығұл», «Төрехан», «Ақкенже», «Нарқыз» дастандарын жырлайды. Сонымен қоштасар күнде таяйды. Бұл сәтті Әбділда Тәжібайұлы былай сурттеген:
«Нұрекең біздің үйден аттанар күні жақын достар түгел жиналдық. Ол өз қолынан сарқыт асатты бізге. Бірақ қоштасуы сондай ауыр болды, біз жылауға жақын едік.
Апам киініп отырған Нұрекеңе тақау отыра беріп:
– Нұреке! –деді дауысы дірілдеп. – Аз ғана күн сұхбаттас болдық, өз қолымнан дәм таттырғаныма қуаныштымын. Сіз жүремін дегенге мен де, мына Әбділда да қиналып отырмыз. Шын сөзім, қимаймыз сізді Нұреке, – деді жылай жаздап. Содан соң өзін мықтап іштей ширатып алып, қайта сөйлеп, қысқа қайырды: – Не қалайсыз. Нұреке, қалағаныңызды алыңыз!
– Сендер қимасаңдар, мен де қимаймын. Айеке, қимасам да қайтемін, сый құрметтеріңді, ықыластарыңды айта жүремін. Енді жүрер алдында бата берейін, – деп. қарт дұғаға қолын көтерді. Бәріміз де ақын лебізін ұйып тыңдап қалдық. Нұрекеңнің батасы оның біздің үйде айтқан соңғы жыры болды. Барлық жақсылықтарды бізге, біздің жанұямызға тілей келіп:
– Іші томпайған келінім аман босансын, ұл тусын! Сол ұл Айманкүл, Әбділда, сендерге баянды болсын! Мына домбыра маған баянды болсын! – деп бетін сипады. Мен: «Әумин» деп қимас домбырамды қимас атаның қолына ұстаттым.
Міне, мен біраз жыл іздестірген Құдайберген
Жұбанұлының домбырасының оқиғасы осындай.
Нұрпейіс Байғаниннің 1937 жылы дүниеге келген ұлы
Момынның бала кезде қолына ұстаған домбырасы Құдайберген Жұбанұлының аспабы екенін ұмытпағанына қуандым. Атасы мен әкесінің мұрасын елге жеткізуге талпынып жүрген ақынның немересі Ерболат ініме де алғысым шексіз.
Сонымен, домбыра табылды деуге болады. Ендігі кезекте сол кездегі суреттерді қарастырып, мысалы, Нұрпейіс Байғанин Әбділда Тәжібайұлының үйінде болған бірнеше күн аралығында жыр айтып отырғанда фотосуретке түсірілуі мүмкін ғой... Момын ағамыз да бала кезінде жұрт алдында өнер көрсетіп жүргенде сол домбырамен суретке түсіп қалуы да әбден мүмкін. Ендігі кезекте ұлтымыздың мәдениетінің бағалай білетін домбыра шеберлерімен бірлесіп, осындай іздестіру-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қазақтың тұңғыш профессоры, әдебиетші ғалым Құдайберген Жұбанұлының домбырасын қалыпқа келтіру мәселесі тұр.

 

Бердалы ОСПАН

294 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛҒАН

Пятница, 14 Август 2020 04:20

117728463 648757926056064 5885711935299867479 o

Шымкент қаласында карантин талаптарының сақталуына арнайы мониторинг жасап жүлген мобильді топ 294 заң бұзушылықты анықтады.

Ақпараттық-коммуникациялық орталықта Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы, полиция-генерал майоры Ералы Жұмаханбетовтің қатысуымен өткен брифингте қаладағы карантин талаптарының сақталуы және құқық бұзу фактілерінің алдын алу бойынша сөз қозғалды.
– Атап айтсақ, ресторан, кафе, клуб, компьютерлік ойынханалар мен букмекерлік кеңселер бойынша – 78, шаштараз, массаж, монша, сауна, әсімдік салондар бойынша – 19, сауда үйлері, базар, дүкендер бойынша – 123 және басқа да қоғамдық жерлерде (саябақ, аллея) 74 факті анықталды. Бұдан бөлек қоғамдық тәртіпті сақтауға байланысты 139 құқық бұзушылық, онымен қоса 45 жеке тұлғаның көпшілік орында бетпердесіз жүргені анықталды. Бұл заң бұзушылық жөніндегі іс-құжаттар Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды, – деді Е.Жұмаханбетов.
Ералы Мұсаәліұлының айтуынша, қалада карантин талаптарын сақтамаған тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) 1-бөлімімен 238 хаттама толтырылып, бүгінге дейін 13 миллион 85 мың теңге айыппұл салынған.
Брифинг соңында Полиция департаментінің басшысы қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтап, індетке қарсы бірге күресуге шақырды.

409a4d2eb808024c1ff0f36f108765e3

2022 жылға дейін қаланың құрамдас бөліктері мен атауы жоқ және қайталанатын көшелерге толығымен жаңа атау беру жоспарланып отыр.

Осы орайда Шымкент қаласында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер саласын дамыту мақсатында 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдама әзірленді.
Қаланың мәдениеті мен өнерін шетелдерге таныстыру үшін басқа өңір мекемелерімен ынтымақтастық меморандумдарын түзу қолға алынған. Бұл тұрғыда 2021 жылы «Түркі әлемінің Ұлттық Дельфий ойындары» өткізіледі деп күтілуде.
Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мамандарының айтуынша, тұжырымдаманың іске асуы нәтижесінде тұрғындардың мәдени іс-шараларға қатысуы 30%-ға артып, музейлер саны үшке, концерттік ұйымдар саны екіге, мәдениет сарайларының саны 12-ге дейін артады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді мәдениет нысандарының үлесі мен тұрғындардың мәдениет инфрақұрылымдарына қолжетімділігін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Бұдан өзге, тіл мәселесінде мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін – 94,3, орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесін – 87,8, ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін 24,4 пайызға арттыру көзделген.
Бұл тұжырымдамада қала тұрғындарының мәдени-тарихи, көркемдік-эстетикалық, рухани құндылықтарын жетілдірудегі негізгі бағыттар көрсетілген.

каралган арыз шагымдар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Шымкент қаласы әкімдігінің жұмысында кең көрініс тауып келеді.

Тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштеріне дер кезінде құлақ асып, оған тиісті дәрежеде көңіл бөлу, мәселені тиімді шешу басты назарға алынуда. Мұны нақты дәйектермен дәлелдеуге болады.
2020 жылдың қаңтар-шілде айында Шымкент қаласы әкімдігіне 8 711 арыз-шағым келіп түскен. Өтініштердің 950-нің мәселесі қанағаттандырылып, 8491-не жазбаша түсіндірме берілді.
Арыз-шағымдар түрлі салаға қатысты. Оның ішінде жер қатынастары бойынша – 3986, карантин кезінде қалада жүріп-тұруға рұқсат алу – 839, энергетика және коммуналды шаруашылық – 314, баспана мәселесі – 302, әлеуметтік және жұмысқа орналастыру – 300, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары – 198, құрылыс саласы бойынша – 161, білім саласы – 142, денсаулық сақтау – 135, екінші деңгейдегі банктерден алған несие сомасын өтеу туралы – 78, басқа мәселелер бойынша2 134 өтініш бар.
Әкімдіктің ресми сайтындағы «Ашық диалог», «Сұрақ-жауап» блогтарына 375 арыз-шағым түсіп, толық жауап берілген.
Сонымен қатар, биліктің бұқараға барынша жақын болуы мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов карантин кезеңіне дейін, яғни қаңтар-наурыз аралығында халықпен 7 рет жүздесіп, 186 тұрғынды қабылдады. Әкімнің қабылдауына келген 108 азаматтың мәселесіне түсіндірме жауаптар берілсе, 75 азаматтың мәселелері шешімін тапты. Ал 2 азаматтың мәселесін шешу ұзақ мерзімдік бақылауға қойылды.
Айта кету қажет, жеке қабылдауға қатысқан 16 азаматқа қаланың жомарт азаматтарының көмегімен қоларба, ортопедиялық аяқ киім, көзілдірік, дәрі-дәрмек алынып, ота жасатуға ақшалай көмек берілді. Құжаттарын рәсімдей алмай жүрген 15 азаматтың мәселесі шешіліп, заңгер көмегі берілді.
Қала әкімі карантинге байланысты азаматтарды онлайн байланыс арқылы қабылдап, тікелей эфирге шығуды қолға алды. Аптаның әр жұмасында өтіп жатқан онлайн қабылдауда 26 азаматтың өтінішін тыңдап, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасарлары жыл басынан бері 266 азаматты қабылдап, өтініштер негізінде жұмыс атқарды.

А. Қапбарова

12 тамызда елімізде ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес ҚР Парламенті Сенатының депутаттары сайланды. Шымкентте саяси іс-шара барлық карантиндік талаптарды сақтай отырып, жоғары деңгейде өтті. Сайлау учаскесінің кіреберісіне карантиндік сақтау шаралары ұйымдастырылды.

Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын жариялады. Таңдаушылардың 18 дауысын иеленген Айгүл Жарылқасынқызы
Қапбарова ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып қайта сайланды.
Сайлау комиссиясының хатшысы Болатбек Қыстауовтың айтуынша, 26 депутаттың 25-і сайлауға келіп, дауыс берді. Біреуі денсаулығына байланысты қатыса алған жоқ. Қатысу – 96,1 пайыз.
Үшінші мегаполистен үміткерлер саны жалпы үшеу еді. Шымкент қаласының мәслихаты ҚР Сенаты депутаттығына кандидат ретінде Айгүл Қапбарованы ұсынған еді. Жеке кәсіпкер Бектай Орманов пен педагог Толқын Аюбаева өзін-өзі ұсынған.
Осылайша бұған дейін Сенат депутаты болған Айгүл Қапбарова кезекті рет сайлауда жеңіске жетті.

117627244 2601479180165032 2394997365163185769 n

Қалаға қарасты елдімекендердің инфрақұрылым жүйесін шаһар шаруашылығына сай қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түскен емес.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қаладан шалғай орналасқан тұрғын алаптарын осы талап деңгейіне жеткізу туралы тапсырмасына сәйкес қарқынды жұмыстар жүзеге асты. Соның бір мысалы – Әл-Фараби ауданындағы
Текесу тұрғын алабында инфрақұрылым мәселесі шешімін тапты.
Биыл осы тұрғын алап жолдарына шағал тас, 3 көшеге асфальт төселді. Ал өткен жылы негізгі көшеге демеушілер тарапынан жарық бағаналары орнатылған.
Бұған дейін тұрғындар электр және газ жүйесімен толық қамтамасыз етілген болатын. Ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 17 млн теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталып, тұрғындардың пайдалануына берілді.

1483098361

Шымкентте байланыс антенналарын орнататын  жер телімдері анықталды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қалалық жер қатынастары басқармасы байланыс антенналарын орнату үшін 11 жер телімін бөліп, оларды заңдастыру туралы қаулы шығарды.

117364577 2601225773523706 2070524663129133283 o

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев шаһарды цифрландыру бойынша өткен жиналыста қала әкіміне баяндады. А.Сәттібаевтың айтуынша, байланыс антеннасын инвестор өз есебінен орнатады. Одан әрі ұялы байланыс операторлары өздерінің базалық станцияларын осы құрылғыға жалғайды.
– Энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасына тиесілі жарықтандыру бағандарына мобильді операторлардың базалық станцияларын инвестор орнататын неғұрлым тұрақты бағандарға ауыстыруды ұсынамыз. Атап айтқанда, жүк көтергіштігі 1.5 - 2 тонна болады. Біреуінің құны шамамен 2-2,7 млн теңгені құрайды. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жол картасы жасалды, - деді әкімнің орынбасары.
Сондай-ақ, мобильді интернет пен байланыстың сапасын жақсарту шеңберінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері Шымкентте ұялы байланыстың нашар аймақтарын анықтау бойынша жұмыс жүргізді.
Сонымен қатар, осы жабдықты орнату үшін 43 мекенжай көрсетілген жол картасы дайындалды.
Айта кету керек, бұл учаскелер ұялы байланыс операторларының статистикасы мен қала құрылысының ерекшеліктерін ескерусіз, қала көшелеріндегі драйв-тест нәтижелері бойынша анықталған.
Бұдан басқа, зерттеу жүргізу және базалық станцияларды орнату мақсатында арнайы топ құрылды. Топ жұмысына цифрландыру басқармасының, жер қатынастары басқармасының өкілдері, сондай-ақ, 43 жер учаскесінің әрқайсысына байланыс операторларының мамандары жұмылдырылды.
Сала мамандардың мәліметінше, көптеген проблема үй-жайлардың ішінде қызметті пайдалану кезінде, тұрғын үй кешендеріне тікелей жақын жерде базалық станциялар болмаған кезде туындауда.
Атқарылып жатқан жұмыстарды тыңдаған қала әкімі жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеді.

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

12.08.2020ж.

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

 №31

                                                                   

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 20 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), «Қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдесіндегі № 44-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №44-ПГВр), «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 31.07.2020 жылғы №30 қаулысына келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

1) 3 тармағы 3.2. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын «сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді»;

2) 3 тармағы 3.6. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын «осы қаулымен қызметі тоқтатылған нысандарды немесе басқа жұмыс уақытысы белгіленген нысандарды қоспағанда барлық қызмет көрсететін нысандардың (химиялық тазалау, кір жуу орындары, кілем тазалайтын объектілер, техниканы, киім, аяқ киім жөндеу шеберханалары, ателье, гүл, өсімдік тыңайтқыштарын, бақша құрал-саймандарын, құрылыс заттарын және құралдарын, радиотауарларын сататын дүкендер, киім және аяқ-киім, дүңгіршектер, металл қабылдайтын орындар, мақта түту цехтары, ұялы байланыс кеңселері, бизнес-орталықтары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын»;

3) 3 тармағы 3.24. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын «автожуу орындарының  жұмыс уақытысы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелумен жұмыс істеуіне рұқсат берілсін».

  1. Осы Қаулы барлық мүдделі ведомстволармен ұйымдардың назарына жеткізілсін, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.
  2. Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
  3. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

Страница 8 из 409