Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Вторник, 11 Август 2020 09:54

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күндегі үлкен мәселелерінің бірі болып отыр. Жемқорлықпен күрестің өзі қауіпті әлеуметтік құбылыспен күрес болып табылады. Осыған орай, билік органдары жүйесінде қатаң ішкі құрылымдық бақылау жүргізу өте орынды. Жалпыға белгілі жағдай, жемқорлықты тудыратын тек Қазақстанға ғана қатысты емес, жаңғырту жолындағы әсіресе орталықтанған жүйеден нарықтық экономикаға көшуді бастан өткеріп отырған елдерге де қатысты мәселелер жатады.

«Жемқорлық — індет, жою — міндет». Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс. Сыбайлас жемқорлық — ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс.

Еңбекші ауданы бойынша МКБ да сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, онымен күресу бағытында тиісті шараларды жүзеге асырып отыр. Сонымен-қатар Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.

 

Еңбекші ауданы бойынша

МКБ-бас маманы

Есимбекова Г

13d9037f-a6db-4803-a139-603685fe73fa

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен «Жол Активтерінің Ұлттық сапа» орталығының Шымкент қалалық филиалы үшінші мегаполистегі жөндеуден өткізіліп жатқан жолдардың сапасына бақылау жүргізуде рейдтік іс-шара өткізіп келеді.
Кезекті рейдтік іс-шара ұзындығы 1850 метрді құрайтын Түркістан көшесінде жүргізілді.
Рейд барысында «Жол Активтерінің Ұлттық сапа» орталығының жылжымалы зертханасының көмегімен жаңа асфальттың бірінші жабынының қалыңдығы және жиектастардың беріктігі тексерілді. Тексеру барысында жол жабынынан кемшілік табылмағанымен, бордюрлардың беріктігіне күмән тудырарлық көрсеткіштер байқалды. Дегенмен, жиектастарды жаңадан қойғаннан кейін 28 күн ішінде толықтай дайын болатынын, тиісінше бұл бордюрлардың орнатылғанына 1 аптадай ғана уақыт өткенін алға тартқан автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Баймендиев тексеруді мерзімі келгенде қайта жүргізуді ұсынды. Одан бөлек қазіргі уақытта қалада бордюрлердің жетіспеушілігі байқалып жатқанын айтты.

 

a9cac5dd-a395-4321-a6f3-7adfd02e18aa

 

–Осыған дейін 10 рейдтік іс-шара өтті. Олардан 50-ден астам кемшілік анықталды. Бүгінгі жиектастардың беріктігі бойынша анықталған күмәнді көрсеткіштер бойынша алдағы уақытта тағы да тексеру жүргіземі. Өйткені біздің мақсат – қателіктердің алдын алу», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жәни Қамбар
Айта кетейік, орташа жөндеу жұмыстары мамыр айында басталған. Жолға 611 миллион теңге бөлінген.

10 тамыз – АБАЙ күні

Вторник, 11 Август 2020 06:48

Абай Кениг А. 1953 г

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ұсынысымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 тамызды, яғни, ұлы Абай Құнанбайұлының туған күнін «Абай күні» деп атауды ұйғарды. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10-тамыз Абай күні деп белгіленді. 

Хакімнің 175 жылдығына орай бұл күн биылдан бастап тойланбақ.
Қазақтың ұлттық ақыл-ойының ең асқар шыңына бұл құрмет әбден лайық. Президентіміздің бұл шешімі ұлттық руханияттың үлкен қуанышы. Ұлт қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының «өткенге анық көңілмен, болашаққа ашық көзбен қарайық» дегені рас-ау. Абай күні – өткенге анық көңіліміздің, болашаққа ашық көзіміздің бір мысалы.

 

 

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Понедельник, 10 Август 2020 03:17

WhatsApp Image 2020-08-07 at 23.10.32

Отанды қорғау – әрбір азаматтың асыл парызы!!!

Шымкент қаласының жергілікті әскери басқару органдарында 2020 жылғы күзгі әскери қызметке үміткерлерді алдын ала зерделеу жұмыстары басталды. Бұл процесс бастапқы кезеңде әскерлердің қандай да бір түрлері мен тектерінде әскери қызмет өткеруге дайын әскерге шақырылушылардың сапалық сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке даярлау және шақыру – бұл үздіксіз процесс. Жас жігіт 16 жасқа толғаннан кейін оны шақыру учаскелеріне тіркеу басталады. Шақыруды әкімнің орынбасары бастаған шақыру комиссиясы жүзеге асырады, комиссияның құрамы бекітіледі. Комиссияға денсаулық сақтау, ІІМ, білім беру, қоғамдық ұйымдар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері кіреді, - деді Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы міндетін уақытша атқарушы подполковник Т.Смагулов. Еске салайық, әскерге шақыру контингентін зерттеу екі кезеңде өтеді. Біріншісі жеке істерді зерделеуді, әскерге шақырылушылармен олардың ата-аналарымен немесе олар тәрбиеленіп жатқан адамдармен жеке әңгімелесу жүргізуді қамтиды, сондай-ақ әскерге шақырылушылар жұмыс істеген немесе оқыған кәсіпорындардан (оқу орындарынан) мінездеме жинау жүзеге асырылады. Одан әрі екінші кезең, практикалық, онда әскерге шақырылушылар аудандық және қалалық медициналық комиссиядан өтеді, содан кейін ҚР Қарулы күштері, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Ұлттық ұлан бөлімдеріне бөлінеді. Психиатриялық, наркологиялық, тері-венерологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлерде есепке алудың болуы не болмауы туралы анықтамалар бірінші кезекте зерделенетін болады. Айта кету керек, биыл Шымкент қаласы бойынша зерделеуге жататын 8000-ға жуық жас азаматтар бар. Естеріңізге сала кетейік, елімізде мерзімді әскери қызметке қабылдау жылына екі рет, көктемде және күзде жүргізіледі. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар әскерге шақыруға жатады.

Қосымша:әскерге шақырылушы азаматтар және ата-аналар назарына! Тұрғылықты мекенжай бойынша шақыртуды күтпей-ақ өзіне қатысты жеке және білім туралы құжаттарымен қорғаныс істері басқармаларына келуіне болады. Осыған орай, азаматтарды мерзімді әскери қызметті өткеруге жауапкершлікпен қарап, белсенділік танытуға шақырамыз.

Қосымша ақпаратты 8 (7252) 55-81-29 нөмірі арқылы алуға болады.

Абайды алғаш оқыған ауыл

Четверг, 06 Август 2020 19:14

744

 

Оңтүстікте Абайдың шығармалар жинағын алғаш рет алдыртып оқыған ауылдардың бірі – қазіргі Түркістан облысының Отырар ауданындағы Шілік ауылы. Бұл 1969 жылы су тасқынынан кейін «Ескі Шілік», «Жаңа Шілік» болып аталған қоныстар.
Совет үкіметінің халықты дәстүрлі рухынан айырып жұтаңдандыруы басталғанда Абай Құнанбаевтың өлеңдер жинағы 1923 жылы Ташкент қаласында екінші рет араб харпімен басылып шықты, «Шынжыр балақ, шұбартөс» Құнанбайдың ақын баласы Абай шығармаларын басуға Совет үкіметінің цензурасы әрине, жайдан-жай рұқсат бере қойған жоқ. Әдебиетте адамзаттың ақыны Абайды езілуші, Құнанбайды езуші таптың өкілдері етіп көрсету олар үшін ауадай қажет еді. Алайда, советтік цензура алғашында Абай шығармаларының идеялық мазмұнын толық ашып айқындай алды ма, жоқ па? Ақиқаты Абай шығармаларының екінші жинағын белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, дәрігер, ғалым, «Алаш» партиясын құрушылардың және басшыларының бірі
Досмұхамедұлы Халел мен Омаров Уалихан жанқиярлықпен Ташкенттен бастырып шығарды.
«1920 жылы жаздың соңына таман
Х. Досмұхамедұлы Ташкент қаласына келді. Ташкент бұл кезде бірнеше туыстас түркі халқының басын біріктірген Түркістан Автономиялы Республикасының орталығы болатын. Сол бір аумалы-төкпелі заманда оның жоғарғы басшылығында отырған Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұловтарды сағалап, көптеген қазақ оқығандары, «алашордашылар», мәселен, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхаметжан Тынышбаев, Қошмұхамед Кемеңгерұлы, т.б. зиялылар осында бас түйістірген еді.

 

Сейітжановтар әулеті жатқа алып оқыған Абай Құнанбаевтың 1923 жылы Ташкент қаласында жарық көрген өлеңдер жинағының айқара беті

 

Санаулы ғұмырының қас қағым сәті - «Ташкент кезеңі» Халел үшін бар күш-қуат, интеллектуалдық білім-білік, зор ұйымдастырушылық қабілетін жарқырата көрсеткен жемісті жылдар болды. Сарғайған еңбек кітапшасына үңілсеңіз, онда басшылық та, қосшылық та қызмет-дәреже қоса-қабат жарыса жазылып жүр: ординатор, мектеп дәрігері, әрі Түркістан Денсаулық сақтау халық комиссариатының бөлім меңгерушісі, коллегия мүшесі, институтта оқытушы, проректор, әрі баспагер һәм ғалым... Оның сыртында «Талап» сынды қоғамдық бірлестік құрғаны, «Сана» журналын шығарғаны... тағысын тағы жұмыстары бар» (Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы (Избранное). Алматы,1998.). Міне, Халел Досмахамедұлы осындай өз дәуірі арқалатқан қат-қабат, сан-салалы жұмыста жүріп, Абайды танып, алғысөзін жазып, ұлы ақынның екінші жинағын шығарды. Ғалымның қазақ дүниесінде өзіне дейін теориялық тұрғыдан толымды үлгі негізі жоқ баспагерлік, редакторлық қызметке түрен салуы теңдесі жоқ харекет еді. Халел Досмұхамедұлының таңдап алған әлеуметтік маңызы бар кітаптардың бірі – ұлы Абайдың шығармалар жинағы.
Ғалым Абай шығармаларының екінші жинағына жазған алғысөзін «Дұрыстаушылардан» деп тақырыптап, соңына «Дұрыстаушылар: Халел Досмұхамедов, Уәлихан Омаров, Ташкент, 25-інші апрельде, 1922-інші жылы» деп қол қойған. Кітапты құрастырушылардың өздерін «Дұрыстаушылар» деуінің себебі Абайдың 1909 жылы басылып шыққан бірінші жинағына көп сын-ескертпелер айтып, оған түзетулер енгізген. Мәселен, Халел Абай кітабының бірінші баспасындағы оқушыларға қиын тиген себептерін, емле, өлеңнің мағынасы, ұйқасы, көркемдігі, құрылысы, сондай-ақ, диалекті және шет тілдерден кірген сөздер, т.б. тұрғысынан төртке бөліп, былай топтастырған: «Абай кітабының бірінші баспасы оқушыларға қиын тиюші еді. Қазақ емлесімен дұрыстап жазылмағандықтан, жаңылыс басылған сөздері көп болғандықтан, мәнісін айырып алу қиын еді: бұл – бір.
Екінші, әр өлең өзінің мәнісі, тізілісі, ұйқасымы, ұнасымы жағынан жеке, айырым көрсетілмегендіктен, бір өлеңнің аяғы екінші өлеңнің басына қосылып оқылып, өлеңдердің шегін айырып алуы да көп шатақ еді.
Үшінші, қазақ тіліндегі кейбір сөздер әр жерде әр түрлі мәнге алынады. Оның үстіне Семейде, Ақмолада я жалпы Арқада сөйленетін кейбір сөздер Түркістан қазақтарына жат. Түркістанда сөйленетін сөздердің бір қатарын арқалықтар түсінбейді. Абай Семейде туып, Семейде өскендіктен, өлеңіндегі кейбір сөздері өңге жақтың қазақтарына түсініксіз.
Төртінші, Абай өлеңінің ішінде парсы, араб тілдерінен кірген сөздер көп, бірлі-жарымды орыс сөздері де бар. Шет тілдерден кірген сөздердің көбі қазаққа таныс емес, жат сөздер. Солай болған соң бұл сөздер оқушыларға онан жаман қиындық беретін еді».
Құрастырушылар Абай жинағының 1909 жылғы бірінші басылымында оқушылардың түсінуіне қиын болған жайттарды осылай жеке-жеке айқындап: «Осындай себептерден сөздерін айыра алмай, сөздің жүйесін келтіре алмай, өлеңнің қисынын шығара алмай, мәнісіне түсіне алмай, оқушылардың көбі Абай өлеңдерінен дұрыс мағына ала алмайтын еді. Абайдың тілі ауыр, сөзі түсініксіз деп Абайға жала жабатын едік. Сондықтан терең ойлы, көркем өрнекті сөздері ел ішіне бұл күнге дейін жарытып жайылмап еді», - дейді.
Түркістан Автономиялы Республикасының басшылығындағы Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов және Нәзір Төреқұловтардың тікелей нұсқауымен Халық ағарту комиссарияты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени һәм ғылым мұқтаждарын өтеу үшін 1920 жылы тамыздың 21-і күні арнайы Білім комиссиясы ұйымдастырылады. Халел Досмұхамедұлы алғашында осы комиссияның мүшесі, кейін төрағасы болады. Қашан да өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын Халел Абай кітабының ғылыми негізде жүйелі қатесіз, оқушыларға түсінікті болуының бар мүмкіндігін қарастырды. Халелдің бұл жанжақтылық қасиеті Петерборда Мұхаметжан Тынышбайұлы қатарында тірнектеп жинаған білім қазынасынан, Нобель сыйлығының иегері, ұлы ұстазы академик И.П. Павловтың тәлімінен болса керек.
Халел Досмұхамедұлы Абай жинағын баспаға дайындағанда Қазақ-Қырғыз білім комиссиясының ұйғаруымен қазақ емлесін пайдалана отырып, жаңылыс басылған сөздерді түзеп, өлеңнің мәнісіне оқушылар анық түсіну үшін өлең ұйқасына, мағынасына қарай айырым жазып, шет тілдерден кірген сөздерге, оқушыларға түсінуі қиын-ау деген кейбір қазақ сөздеріне де түсіндірме береді. Түсініксіз сөздердің мағынасын өлеңнің аяғында айрықша көрсетеді. Абай шығармаларының екінші басылымында баспагерлік те, редакторлық та жұмыстарды қоса атқарған Халел кітаптың бірінші басылымындағы кемшіліктерді жоюға қолынан келгенін жасағанын, бұл жұмыстарды атқаруда: «Арамызда Абайдың сөзін естіген жолдастарының, я туғандарының болмағандығынан, өлеңдерін анық білетін кісілердің табылмағандығынан, Абайдың өлеңдерін тексеру, жаңылыс басылған сөздерін түзету, өлеңдерін жүйесіне, мағынасына қарай жіктеу орасан қиын болды», - дейді. Абай кітабын баспаға дайындаушылардың мұнашалықты күрмеуі қиын ауыр жұмыстарын ескерген Қазақ-Қырғыз білім комиссиясы Қазақстанның Абайды толық қылып басуға кіріскенін ескеріп, көмек беруден аянбаған. Бұл игілікті істің басы-қасында Нәзір Төреқұлов болған. Нәзірдің қайраткерлігі туралы Халел Досмұхамедұлы: «Абайдың тарамағандығынан қазақ-қырғыз әдебиетіне, оқушыларға, шәкірттерге, мұғалімдерге келетін кемшіліктерді көрсетіп, шапшаңдықпен Абайды жұмыстауға білім кәмисиасына қамшы болған Нәзір Төреқұлов болды. Баспахана жағынан да тоқталмай тездікпен жөнделіп, басылып шығуына да Нәзір міндетті болды», - деп жазады.
Нәзір! Қазақтың тұңғыш дипломаты, Түркістан түлегі. Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Халел Досмахамедұлы қатарында Абайды Түркістанға - күллі түркі (түрік) жұртына танытқан дара тұлға.
Міне, хакім Абайдың трактат-хикметінің екінші басылымы 1923 жылы Ташкентте осылай жарыққа шықты. Елге тарады. Абайды оқып тәлім алған алғашқы әскери қызметкер Қызыл армия командирі, Ұлы Отан соғысының қаһарман батыры, әскери жазушы Бауыржан Момышұлы болды. Мәселен, Бауыржанның Абайдан алған ғибратын жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» атты романындағы (1976) автор мен кейіпкердің мына диалогынан аңғаруға болады:
«Автор: – Әскерде, соғыста қандай кітаптар оқыдыңыз? Қандай жағдайда, қалай оқыдыңыз?
Бауыржан: – ...Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігі» мен «Севастополь әңгімелерін», Пушкин мен Лермонтовтың әскери прозасын, адмирал Нахимовтың, адмирал Макаровтың, ағылшын адмиралы Нельсонның кітаптарын, қазақ кітаптарынан мен Абайды ешқашан да жанымнан тастаған емеспін. Мен Абайды ақын деп қана емес, ойшыл, философқа балап оқыдым. Барлап қараған және әскери көзбен қараған кісіге Абайдың өзі қып-қызыл соғыс. Рас айтамын. Мәселен, оның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген өлеңін алшы, жатқан соғыс емес пе? ... Москва түбінде тұрғанда Қазақстаннан алдырып, Шоқан Уәлиханов шығармаларының ертеде шыққан басылымын оқыдым. ...Ал «Абай» романының бірінші кітабы менің қолыма соғыста жүргенде тиді. Өз қолымен автограф жазып, оны Мұқаңның өзі жіберді. Мен оны оқып шығып, Мұқаңа арабша 6 бет хат жаздым. Мұқаң менің кітапқа берген бағама разы болып, 3 бет жауап жолдады.»
Міне, Бауыржан осылай Шоқан мен Абайды оқып, толық адам болды. Батыр, батыл, қаһарман қолбасшы болды. Бұл құбылыс Баукеңнің өзі айтқандай Абайдың тағылымы.
Қашан да дүниенің төрт бұрышына керуен тартқан Меңлібай қажының әулеті Абай кітабын елге алдырып, Шіліктің әр үйі оны жатқа оқыған...
Меңлібай қажының әулетінде күні бүгінге дейін сақталып келген «Кәләм шариф» (қазан, 1324 хижра), Абай Құнанбайұлының араб харпімен 1923 жылы шыққан өлеңдер жинағы осының бір дәлелі. Хадиша анамыздың бір дерегінде Сейітжан Ташкентте орта Азия университетінде оқып жүргенде ауылға демалысқа келгенде, Темір стансасынан пойыздан түскенде ең ауыр жүгі кітап болады екен. Сол әдебиеттердің ішінде Абай Құнанбай-ұлының 1923 жылы Ташкенттен шыққан осы екінші жинағы да болған. Шілік ауылы жалпы қазақ елі қатарында Абайды оқыған да, тоқыған. Кезінде Отырардағы, Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейіне тапсырылған Абайдың бұл жинағы қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейде жоғарыда аталған әл-Фараби музейінің тарапынан қойылған көрмеде уақытша сақтаулы тұр.
Жалпы, Шілік елі, Меңлібай қажының әулеті Қожа Ахмет Ясауидің «Хикметін» Ұлы Қазан төңкерісіне дейін ашық, төңкерістен кейін жасырын-жабық оқып, табаны тілінсе де тіленбей, маңдай терімен ризық тауып, Аллаға беріліп, халыққа рухани тазалық жағынан қызмет етіп, Абайды ашық оқып, ұлы кемеңгер дананың үш ілімін, ақыл, әділет, рахымын бойына дарытып, толық адам болып, қалыптасты (Мекемтас Мырзахметұлы).

 

Шілік қыстағы

Абайды алғаш оқыған Шілік ауылы

 

Абдулла Жұмашев,
әдебиетші, этнограф,
өлкетанушы,
музейтанушы

Shym

Қала – қайнап жатқан тіршіліктің қазаны іспетті. Коронавирус карантиніне қарамастан шаһар шаруашылығы толастаған жоқ. Шымкентте қаланың үлкен магистралды көшелерінде орташа жөндеу жұмыстарымен қатар веложолақтар салынуда. Енді бір-екі ай көлемінде тұрғындарға велосипедтер пайдалануға беріледі.

–Қазіргі таңда, SHYMKENT BIKE әлеуметтік-инновациялық жоба шеңберінде 160 велосипедтен құрайтын 40 велостанция пайдалануға әзір тұр. Велосипедтерді әкімдік балансына алып, тиісті шараларды жүргізіп жатырмыз. Алдағы 1,5-2 айдың көлемінде велосипедтер тұрғындар үшін пайдалануға беріледі, – деп жазды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлеуметтік парақшасында.
Әкім орынбасарының айтуынша, велосипед пайдаланушылар үшін қолжетімді және ыңғайлы тарифтік жоспарлар да әзірленген. BIKE SHARING жүйесі арқылы велосипедті алғашқы 30 минут тегін пайдаланып, одан кейін тарифке сәйкес 1 сағат үшін -100 теңге, 2 сағат үшін – 250 теңге, 3 сағат үшін – 500 теңге, ал 3 сағаттан асса 1 000 теңге төлем талап етіледі. Жалпы абоненттік төлем картасының құны: 1 айлық абонемент – 2 500 теңге, 3 айлық абонемент – 6 000, 1 жылдық абонемент – 10 000 теңге тұрады.

«ШӘМШІ АЛЛЕЯСЫ» абаттандырылуда

Четверг, 06 Август 2020 19:08

117288768 2595535550759395 2335070266718845059 n

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі Шәмші Қалдаяқов атындағы аллеяда күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатқаны жайлы ақпарат кеңінен тараған болатын. Осыған орай, бұл мәселеге қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жауап берді.

Шыңғыс Жұмабекұлының айтуынша, «Шәмші аллеясы» 2006 жылы салынған. Ал, 2011 жылы демеушілердің көмегімен гүлзардың орталық бөлігіне сахна, жаяу жүргіншілер алаңы, «Жұлдыздар аллеясы» құрылған.
Соңғы жүргізілген анықтау жұмыстарының нәтижесіне орай, гүлзар ішіндегі жаяу жүргіншілер жолының 80 пайызынан астам плиталық төсеніштері жөндеуді қажет ететіні және сахна айналасындағы су бұрқақтың жабындары, темір бүріккіштері (коррозия салдарынан шірігені), жасыл желектерді суғару жүйелерінің жарамсыз болғандығы, демеушілер қаржысына салынған түнгі жарық шамдарының жер асты кабельдерінің үзіліп, талапқа сай күтіп-ұстау жұмыстарын атқару мүмкін еместігі белгілі болған.
– Сол себепті, 2019 жылы Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан «Шәмші әлемі» гүлзарын абаттандыру жұмыстарының сметалық құжаттары әзірленіп, ұсынылған. Жоба құны 207,0 млн теңге. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуші бас мердігер - «Шымкент спец.комплекс» компаниясы. Жоба бойынша плиталық төсеніштерді толықтай жаңарту, суғару жүйесін алмастыру, қосымша көркейту элементтерін орнату және өзге де жұмыстарды атқару жоспарланған. Бүгінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен республикалық қазынадан 207 млн теңге қаржы бөлінді. Мұнда қазір 52 азамат жұмыс жасап жүр. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталып қалады. Сондықтан ақшаның жоқ кезінде жаңа аллеяны бұзып, қайта салды деген түсінік болмауы тиіс. Бұл қаржыны бөлудегі түпкі мақсат, жергілікті жерде жұмыс орындарын ашу, - дейді Шыңғыс Мұқан.
Бүгінде жауаптылар жөндеу жұмыстарын 3 аймаққа бөлген. Алғашқысы «Шәмші аллеясы», Неке сарайы және көл аумағы. Алайда үш аумақ та жөндеуді талап етеді. «Шәмші аллеясында» төсеніштер алмастырылып, Жұлдыздар аллеясы мен қолданыстағы ескерткіштер өзгеріссіз қалады.
Жалпы биыл қаланы абаттандыру мақсатында, осы жұмыстармен қатар, «Чернобыль» гүлзарын, «Әл-Фараби алаңындағы гүлзарды», Қажымұхан атындағы стадион аумағындағы «Спорт» станциясын абаттандыру және Қайтпас-1 шағынауданын, Қасірет шатқалын көгалдандыру жұмыстары жоспарланып (5 жоба), құрылыс жұмыстары басталған.

45

Шымкент қаласында «SHOOTING PLAZA» әмбебап ату кешенінің құрылысы бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Кешен құрылысы аяқталғаннан кейін Шымкентте ату спорты түрлерінен халық-аралық деңгейдегі спорттық жарыстар өткізуге мүмкіндік болады.

«SHOOTING PLAZA» кешені бұрынғы Комсомол көлі ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолына жақын жерде ату алаңы аумағында орналасқан. Жалпы ауданы 14 гектарды құрайды. Нысан осы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
«SHOOTING PLAZA» - жобасы толыққанды жаттығу кезеңін ұйымдастыру және ату спорты түрлері бойынша Әлем чемпионаттары секілді ірі спорттық іс-шараларды өткізу үшін барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Спорт кешені Азия аймағындағы ең ірі ату кешені болатынын айта кету керек. Жобаның құрылысы ату спортын одан әрі дамытуға үлесін қосады.
Жаңа нысан құрылысы Халықаралық спорттық ату Федерациясы мен Азия ату конфедерациясының ұзақ мерзімді ынтымақтастығының нәтижесі.
Айта кетейік, ату спортының жүйріктері Токиодағы XXXIІ жазғы Олимпиада ойындарына алғашқы екі лицензияны жеңіп алды. Бүгінгі таңда ату спорт түрінен Қазақстан ұлттық құрама командасының негізгі құрамының 60%-ы Шымкентте тұрады.

Страница 10 из 409