ЖӘРМЕҢКЕ ҚАЙТА ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Пятница, 11 Сентябрь 2020 05:11

 DSC9898

Шаһарда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Қажымұқан атындағы орталық стадионда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі осы сенбіде, яғни 12 қыркүйекте қайта жұмысын бастайды.

Енді шымкенттіктер бұрынғыша әр аптаның сенбі күні ұйымдастырылатын жәрмеңкеден азық-түлік өнімдерін көтерме бағада сатып ала алады.
Бұл жөнінде қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков жәрмеңке ассоциациясы мүшелерімен кездесу барысында хабарлады. Кездесуде жәрмеңке кезінде карантин талаптарын қатаң сақтау шаралары түсіндірілді.
Айта кету керек, жәрмеңкеде жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтарының өнімдері сатылады. Ет, сүт, бау-бақша, көкөніс, макарон, шұжық, тұрмыстық химия, текстиль жəне өзге де өнімдер базар нарқынан тауар түрлеріне қарай 10-15 пайыз төмен бағада ұсынылады.

 DSC8916

Өткен аптада BI Group компаниясы Шымкентте заманауи әкімшілік-тұрғын үй орамы құрылысының жобасын таныстырды.

Тұрғын үй орамы қаланың солтүстік аймағында, 500 мың шаршы метр жерге орналаспақ. Бәйдібек би даңғылының бойындағы ипподромның орнында бой көтеруі мүмкін деп жобаланып отырған болашақ кешеннің концепциясын ҚР вице-премьері Роман
Склярға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов және құрылыс компаниясының басшысы
Айдын Рахымбаев таныстырды.

Бұл жобаның жүзеге асқандағы қаланың даму мүмкіндіктері туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев баяндап берді.
– Бұл – ауқымды жоба. Жүзеге асқан жағдайда құйылатын инвестиция көлемі шамамен 135 мрлд теңгені құрап, 15 млрд теңгеге жуық салық түспек. Құрылысқа алты мыңға жуық адам тартылады. Ал құрылыс аяқталған соң орамдағы мектептер, балабақшалар, білім беру орталықтары мен т.б. әлеуметтік және коммерциялық нысандарда 2500-ге жуық тұрақты жұмыс орны болады, — дейді Б.Мамыталиев.
Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, BI Group компаниясы тек өз тұжырымдамасын таныстырған. Жоба егжей-тегжей пысықталған соң Шымкентте қоғамдық тыңдаулар өтеді.
– Жоспарға қала әкімі жобаны қоғамдық талқылаудың оң нәтижесінен кейін, яғни, қоғамдық тыңдауға қатысушылардың көбісі қолдаған соң ғана қол қояды. Егер қала тұрғындарының көбісі жобаны қабылдамаса, біз оны жүзеге асырмаймыз. Дегенмен, бұл тұста кең көлемде баға беріп, мегаполистің болашақтағы дамуын ойластыру қажет. Бұл орам шаһардың дамуына оң әсер етіп, Наурыз саябағын Шымкент Ситимен байланыстырады, тартымды бола түседі, — деді қала әкімінің орынбасары.
Бауыржан Мамыталиевтің айтуынша, ипподромның орнын ауыстыру мәселесі 2018 жылы, Шымкенттің бас жоспарын өзектендіру және қалаға республикалық статус берер кезде жоспарланған. Ол кезде жаңа ипподромның құрылысына 2 млрд теңгеге жуық қаржы қажет болған.
«Ал жаңа әкімшілік-тұрғын үй кешенінің жобасы мақұлданса, жаңа ипподромды BI Group компаниясы өз қаржысына салады» дейді әкімдік өкілдері.
– BI Group концепциясында көпқабатты, эконом және бизнес класты жайлы үйлер, емханалар, мектептер салу, әлеуметтік инфрақұрылым жүргізу қарастырылған. Бұрынғы ипподромның жері BI Group компаниясына тегін берілмейді. Shymkent әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының үлесіне беріледі. Яғни, Shymkent ӘКК ол учаскені инвестициялық жоба ретінде жүзеге асырады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация жердің бағасын не пәтерлер арқылы, не алдағы уақытта әлеуметтік мақсатта қолданылатын басқа ғимараттар арқылы алады, — деп түсіндірді Бауыржан Мамыталиев.
Бұған қоса BI Group тұжырымдамасында осы орамда ерекше
балаларға арналған алдыңғы қатарлы «Жұлдыз-ай» оңалту орталығын салу қарастырылғаны белгілі болды. Ондай орталықтар әзірге Нұр-Сұлтан және Алматы қаларында ғана бар.
Бауыржан Жаймұрзынұлының айтуынша, бұл уақытқа дейін бірде-бір жекеменшік компания Шымкентке осындай ірі сома – 135 миллиард теңге көлемінде инвестиция құймаған.
Қалалық әкімдік өкілдері бұл құрылыстың дендросаябаққа қатысы жоқ екенін, ол ерекше қорғалатын аумақ екенін мәлімдеді.

 

А.СӘДУӘЛІ

Салық төлеушілер назарына!

Среда, 02 Сентябрь 2020 11:39

Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 166 – бабының 6-тармағына сәйкес бақылау-касса машинасының (бұдан әрі - БКМ)чегі мынадай ақпаратты:

1) салық төлеушінің атауын;

2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;

3) БКМ зауыттық нөмірін;

4) БКМ салық органындағы тіркеу нөмірін;

5) чектің реттік нөмірін;

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;

8) фискалдық белгіні;

9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;

10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;

11) сатыпалынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;

12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;

13) егер салық төлеуші қосылған құнсалығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құнсалығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құнсалығының сомасын;

14) БКМ пайдаланылатын жердің мекенжайын;

15)БКМ чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ БКМ чектеріне қолданылмайды.

Салық төлеушілер БКМ қолданған кезде қойылатын талаптарды сақтауға міндетті екендігіне назар аударамыз (Салық кодексінің 13-бабының 3- тармағының 4) тармақшасы).

Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.

Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқрамасы, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің және Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстар негізінде Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған, 300.00 нысанын табыс етуші салық төлеушілердің назарына, 300.00 СЕН «0» көрсеткішпен табыс ету немесе айналым сомасын көрсетпей табыс ету бүгінгі күнге кәсіпкерлік мәртебелеріңізге кері әсерін тигізу ықтималдығы бар екенін хабарлайды. Осыған орай, тәуекелі жоғары салық төлеуші мәртебесіне енбеу және, тәуекелдерді әкімшілендіру бойынша автоматты түрде қалыптастырылатын хабарламалар тізіміне енбеу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің болмауы немесе уақытша тоқтатылған жағдайда салық есептілікті табыс етуді уақытша тоқтатылуы жүзеге асырылған тиімді екенін хабарлайды.    

Тоқсандық 300.00 салық есептілік нысанын «0» көрсеткішпен немесе айналым сомасын көрсетпей табыс ету кәсіпкерлік қызметіңізге кері әсерін тигізетінін ЕСКЕРТЕМІЗ.

 

 

Еңбекші ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқрамасы

Салықтық бақылау бөлімінің бас маманы Төребек Н.

Құрметті қала тұрғындары!!!

Среда, 02 Сентябрь 2020 11:34

Мемлекеттік кірістер Комитеті жыл сайын «Чекті талап ет те - жүлде ұтып ал!» атты жалпыреспубликалық акциясын өткізеді. «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы Акцияға онлайн-БКМ фискальды  чекті жөнелтіп жүлдеге 200 теңгеден 5000 теңгеге дейін ұтыс шыққан тұлғаның телефонына бірлік ретінде алу мүмкіндігі бар. Акция 2020 жылдың 01 желтоқсанына дейін өткізіледі.

БКМ чектерін бермеу жолымен тиесілі салықты төлемейтін кірістерін жасыратын азаматтарға қатысты нөлдік төзімділікке азаматтық қоғамды тарту мақсатында чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Халықтық бақылау – Түбіртекті талап ет»  Акциясы  жүргізіледі.

 

Құрметті қала тұрғындары!!!

Тауарларды сатып алу немесе қызметтерді алу кезінде бақылау-касса машиналарының чектерін бермеу түрінде бұзушылықтарға нөлдік төзбеушілік көрсету қажет. Өткізіліп жатқан  акцияға белсенді қатысыңыздар, бұл өз кезегінде көлеңкелі экономиканың қысқаруына және мемлекетіміздің әл-ауқатының артуына алып келеді.

 

Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның негізгі ұғымдары, Заңның қолданылу аясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының негізгі принциптері және жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталған барлық жағдайлар туралы мәліметтерді құқықтық статистика және ақпарат органдарына жіберу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен, құқық бұзушылықпен және ол үшін жауаптылық, мемлекеттік міндеттерді атқарумен сыйыспайтын қызмет, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың зардаптарын жою туралы болды.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік міндеттерді атқаруға не осындай міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген органдар мен ұйымдарда мемлекеттік лауазым атқаруға үміткер адамдар өздерінің мәртебесін және соған негізделген беделін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерді пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында осы Заңмен және өзге де заңдармен белгіленген шектеулерді қабылдайды. Аталған адамдардың шектеулерді қабылдауға келісімі жазбаша түрде, тиісті ұйымдардың кадр қызметі белгілейді. Шектеулерді қабылдамау ол адамды мемлекеттік не соларға теңестірілген міндеттерді атқаруға шақырудан бас тартуға не жұмысынан босатуға, немесе заңдарда көзделген тәртіппен аталған міндеттерді атқарудан өзгедей босатуға әкеп соғады.

 

Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

бөлімінің басшысы. К.Дарибеков

Сыбайлас жемқорлықты жою

Среда, 02 Сентябрь 2020 11:29

Сыбайлас - жемқорлық  мемлекеттік құрылымдардың  экономика  аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай – ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр.

Жемқорлықпен күресті әр ел әртүрлі тәсілді пайдаланып жүргізеді. Бірі заңының мықтылығына, жазаның қаталдығына иек артса, енді бір ел жемқорлыққа жол бермеу үшін мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талапты көтеріп, олардың жалақысын жоғарылатуды жөн санайды. Тағы бір елдер сыбайластыққа жол бермеудің жолы құқықтық түсіндіру, кеселдің алдын алу деп біледі. Қазақстан жас мемлекет болғандықтан, дамыған елдердің жемқорлыққа қарсы қолданған тәжірибесінің барлығын зерделеп, артық-кемін саралап, өз қызметтерінде қолдануға тырысуда.

Еңбекші ауданы бойынша

МКБ- ның бас маманы

Б.Касымов

Silkway студенттері өз биігінде

Среда, 09 Сентябрь 2020 05:58

b1cd1b03-7e65-4370-8bd8-491188c6fa05

66f900f9-6d75-4c86-a70c-1f0d723d4323Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның үздік студенті-2020» атты Халықаралық байқауының жеңімпазы атануымен Silkway Халықаралық университетінің студенттері , Шымкент қаласының «Ең үздік студенттік өзін-өзі басқару» ұйымы атанған «Жалынды жастар» клубының мүшелері Есентай Индира, Қуандық Ақнұр, Жорабек Сұлтан, Құралбек Арман, Оразбай Наурызбай, Сәрсенбек Мадина және Студенттік ректор Тасхожа Ділбарды шын жүректен құттықтаймыз. Онымен қоса байқау жеңімпаздары «БІЛІМ – ӨРКЕНИЕТІ» инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйғаруымен «Қазақстанның Үздік студенттері» академиясының мүшесі атанды.
Жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігі, «БІЛІМ – ӨРКЕНИЕТІ» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының арнайы төсбелгісімен марапатталды. Жеңімпаздардың жеткен жетістіктері жинақталып, орталық тарапынан арнайы кітап жинағы жасалды.

Страница 2 из 409