Адам адамға жау болған, Қауіп-қатерлі, жұртты үрей билеген, Қанды шайқастардан ел көзін бір ашпаған, Қазіргі мына заманнан сыр шертеміз, көрсетеміз... Мыңдаған жылдар бұрын Эврепид жазған Медеяның махаббат жолындағы зұлымдығы еш үзілмей келе жатыр. Ғасыр жаңарған сайын, тәсілі де жаңарып, жоғалудың орнына өршіп жатыр. Неге?..
Мирвахид МИРАЗИЗОВ: Өнерін – өмірім деп білетіндер театрдан кетпейді
Пятница, 28 Январь 2022 03:38 Автор Алдабергенова Замира
Шымкент — мәдениет ордасы. Бүгінде мегаполис тұрғындары үшін онға жуық театр ұжымы қызмет етіп, түрлі жанрда қойылымдар ұсынып келеді. Осындай өнер ұжымының бірі — Шымкент қалалық өзбек драма театры. Жуырда театрдың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында мекеме директоры Мирвахид Мырсабырұлы МИРАЗИЗОВПЕН сұқбаттасудың сәті түскен еді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ОҚМПУ 80 жылдығы және «Қазығұрт» фольклорлық ансамблінің құрылғанына 25 жыл толуына орай Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Жаңғырған Қазығұрт» атты салтанатты мерейтойлық концерті өтті.
Поэзия сүйер қауым «Шам жарығындағы кездесуде» бас қосты. Шабыттары шарықтап, арман жолында мазмұнды өлең жазуды мақсат тұтқан жастар биыл 5 жылдығын атап өтуде.
Театр — ұлт тәрбиесінің жаршысы. Себебі, театрға ақыл айтып, тәрбиелеу тетігі берілмесе де, қоғамдағы түйткілді тақырыптарға түрен салып, ықпал ету мүмкіндігі бар. Жуырда Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры жас драматург Қ.Мұраттың «Мұғалім» пьесасы негізінде «Мектеп» драмасын сахналады.
«Menin Armanym» корпоравтивтік қоры денсаулығында кінәраты бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың армандарын орындайды. Қордың ұйым ретінде тіркелуіне дүниежүзіндегі «Make a wish» қорының жұмысы әсер етті деуге болады. Қор армандарды www.menin-armanym.kz сайты арқылы өтінімдерді қабылдайды. Кінәраты бар балалардың ата-анасы, туыстары, еріктілер, яғни кез-келген адам…
Шымкентте Тәуелсіздік күні мерекесінде дүниеге келген сәбилерге Мемлекет басшысының атынан сыйлық табысталды. Қасым-Жомарт Кемелұлының сәлемдемесін жас босанған аналарға «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қалалық филиалының директоры Данабек Исабеков жеткізді. Мамандар анасы мен сәбидің үйіне барып, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Сүйінші» атты естелік бэби-бокстар табыстады.…
Шымкенттегі Түркістан сарайында белгілі дінтанушы, ғалым Қайрат Жолдыбайұлының «Kemel adam» атты рухани кеші өтті. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі аралықта адамзат баласы кемел болу үшін қандай харекет жасауы керек? Кемелдіктің сыры неде? Автор кеш барысында осы сауалдарға жауап іздеп, көрерменге ой салды.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Мархабат Байғұттың «Жоғалған Жұрнақ» драмасының премьерасы өтті. Иә, премьерамыздан қалмайтын тұрақты көрерменнің көкейінде «Ертеректе саханаланған еді ғой» деген ой туындауы мүмкін. Театр ұжымы бірнеше жыл араға салып, «Жоғалған Жұрнақты» қайта сахнаға әкелді.
«ЖОҒАЛҒАН ЖҰРНАҚ» ДРАМАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ
Вторник, 14 Декабрь 2021 09:00 Автор Алдабергенова Замира
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрында М.Байғұттың «Жоғалған Жұрнақ» драмасы сахналанды. Премьераны шығарма авторы М.Байғұт, зиялы қауым өкілдері мен жастар тамашалады.