Шымкентте 100 жаңа тауар түрі шығарылып, 25 жаңа кәсіпорын ашылады Избранное

Среда, 27 Январь 2021 04:43 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 3738 раз

Пандемия бизнес саласына елеулі салқынын тигізді. Өткен жыл қиын болды. Індеттен экономиканың туризм, тамақтану, қонақ үй бизнесі, азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудасы, жолаушылар көлігі, тұрмыстық және басқа да қызметтер, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, ойын-сауық және демалыс, білім беру салалары зиян шекті. Бүгінде карантин жағдайында Шымкентте 27 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істеуде.

576

 

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы жүргізген сауалнамаға сәйкес пандемия салдарынан қоғамдық тамақтану, халыққа қызмет ету, транспорт, сауда салалары бойынша жұмыс орындары қысқарған. Сондай-ақ сауалнама көрсеткендей кәсіпкерлер аренда құнын төлеу, кірістің төмендеуі немесе болмауы, жұмыстың уақытпен шектелуі, толық жабылуы, дезинфекциялау шараларына кететін шығындар секілді қиындықтарға ұшыраған.
Кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында палата мен әкімдіктің бірлескен шараларының нәтижесінде қала ішіндегі көлікті бақылайтын гугл портал, shym-karantin.kz сайты әзірленді. Оған 113 мыңнан астам автокөлік тіркелді.

–Елімізде төтенше жағдай аяқталған соң, республика бойынша жүйелендірілген «Info Kazakhstan» платформасы жұмысын бастады. Платформа шеңберінде палата жанынан контакт-орталықтар құрылып, оған 4 мыңнан астам арыз келіп түсті. Жалпы, 2020 жылы еліміздің Бас дәрігерінің 37 қаулысы жарық көрді. Бұл қаулыларға біздің тарапымыздан сараптамалар жүргізіліп, кәсіпкерлік субъектілерінің ұсыныстарын ескеріп, барынша қолдау жұмыстарын жүргіздік. Алдағы уақытта да осы бағытта жұмыстарды жалғастыратын боламыз, – деді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының диреторы Нұрлан Қабыштаев.

575


ҚР Бас мемлекеттінің санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанында №68 қаулысы қабылданды. «Жағдайдың эпид Қызыл аймағында», «жағдайдың эпид Сары аймағында» және «жағдайдың эпид Жасыл аймағында» орналасқан өңірлер үшін қандай объектілерге тыйым салынуы тиіс және қандай объектілер белгілі бір жұмыс режиміне көшуі керектігі айтылады.
Палата жүргізген сауалнама нәтижесінде 4 мыңдай ШОБ субъектілерінің 11 мыңға жуық қызметкері ақысыз демалысқа жіберілгені, жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың басынан бері 0,2% ға артқаны және кадрларға деген қажеттілік 1,7 есеге төмендегені анықталған. Былтыр ІІ жартыжылдықта мегаполисте мына мамандықтар бойынша сұраныс артқан: сатушы-кеңесші, техник, автомеханик, санитар, жалпы практика дәрігері, фельдшер, медбике, инженер, аспаз, технолог, есепші, тігінші, кондитер, оператор, менеджер.
Жұмыссыздықты қысқарту мақсатында бірнеше жобаны – мәселен «Атамекен қолдау орталығы» мобильді жұмыспен қамту орталықтары, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары іске асырылды. Былтыр 7 мыңнан астам адам Бизнес бастау бойынша оқытылып, 3 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. «Еңбек» бағдарламасы аясында 2 мың адам курс оқыса, соның 70 пайыздан астамы жұмыс тапты.
Палата Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесіп дағдарысқа қарсы бағдарлама әзірледі. Ол 2020 жылдың мамыр айында бекітілді. 10 көмек құралын қамтыған бағдарлама арқылы кәсіпкерлерлерге пандемия кезінде қолдаулар көрсетілді. Былтыр «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 28,7 млрд. теңгеге 16 жоба мақұлданды. Қаржыландыру сомасы бойынша мегаполис республика рейтингісінде 9-шы орында тұр. Субсидияланатын жобалар бойынша Алматы қаласынан кейінгі 2-ші орындамыз. Сондай-ақ, бүгінгі таңда қаржы институттарында 23 млрд. теңгеге 18 жоба қаралуда. Жобалардың 93% өңдеуші өнеркәсіп саласында, қалған 7% ауыл шаруашылығы, білім беру және денсаулық сақтау салалары бойынша іске асырылуда. Бағдарламаны қаржыландыру жағынан «Қазақстан Халық банкі», «Форте банк», «АТФ банк» көшбасшы болып саналады. Жобалардың ішіндегі ең ірісі – «Kazalpack» ЖШС-нің алюминий банкілерін өндіретін жобасы. Оның құны – 23,4 млрд.теңгені құрайды. Шымкент қаласы Жобалық кеңсесінің қолдауымен іске кіріскен бұл кәсіпорынды қаржыландыру үшін ҚР Үкіметінің қаулысына басым салаларға 2592 алюминий банкілерін қосуға бастамашылық етіп, қолдау тапты. Жалпы, былтыр жобалық кеңсе 6 отырыс өткізген, 19 мәселе көтеріп, оның 11-і оң шешімін тапқан.
– Бизнестің жол картасы-2025 бағдарламасы бойынша өткен жылдың басында субсидиялауға 3,6 млрд. теңге бөлінді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарына арналған «Еңбек» бағдарламасы» аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы бөлінген 816 млн.теңге 4 айда игеріліп, 79 кәсіпорын қолдау көрді. Ал 2019 жылы бөлінген 618 млн. теңге 12 ай бойы игерілген. Шымкент қаласы әкімдігінің көмегімен төмен пайызбен несие беретін Микроқаржы ұйымын құру туралы шешім қабылданып, бұл бағытта жұмыстар атқарылуда. Аталмыш бастама өңірлік дағдарысқа қарсы бағдарламаға енгізілді, – деді Нұрлан Қабыштаев.
Шымкент қаласында 90-ға жуық экспорттаушы және 150 трейдерлік компания бар. Былтыр палата 21 кәсіпорынға қолдау көрсетті. Мәселен, «Шымкентмай» АҚ, «Газпромнефть битум», «Бал текстиль», «Химфарм», «Шымкент сабын», «Юг Агро-С», «Taza Onim», «AgroFood Kazakhstan», «AIIG Қазақстан» сынды кәсіпорындар «Kazakh export» АҚ-ның қаржылық-сақтандыру құралы арқылы 2,4 млрд. теңгеге қолдау тапты. Бұдан басқа, 12 кәсіпорын «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ның көмегімен 444,7 млн. теңгеге шығындарын жапты. Бүгінгі таңда палата тарапынан Өзбекстанның акциздік тауарларына кері шаралар орнату, жүнге экспорттық баж салығын алып тастау, Өзбекстан мен Түркияға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттаудағы кедергілерді алып тастау секілді мәселелер көтерілуде. Өткен жылы импорттан гөрі мына салалардың өнімдері сатып алынды: жиһаз, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау, химия өнеркәсіпкері. Бұл бойынша 2,6 млрд. теңге игерілсе, соның 631 млн. теңгесі импорт, 2 млрд. теңгесі отандық тауар өндірушілер өнімі. Шымкент қаласында жергілікті қамту үлесін бақылайтын Комиссия жұмыс істейді. Былтыр 16 отырыс өткізген. Онда отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету, мемлекеттік ұйымдарда жергілікті тауарларды қолдануға қатысты мәселелер қаралды. Соның нәтижесінде мәселен «Karlskrona LC AB» ЖШС-нің сусорғыштары шетелдік нұсқасының орнына ауыстырылды. Сонымен қатар, Еңбекші ауданында 88 млн. теңгеге 600 қоқыс контейнері орнатылды. Осыған қоса, «Бизнеске арналған үкімет» аясында 35 жаңа кәсіпкер мемлекеттік сатып алу аясында 25 млн. теңгеге тапсырыс алды.
Н.Қабыштаевтің мәлімдеуінше, Шымкентте былтыр «Нишалық жобалар» бағдарламасы қабылданды. Ол қала әкімінің дағдарысқа қарсы бағдарламасына енген. Соның аясында «Бал декор» компаниясы кілемдерге арналған шашақтар өндірісін іске қосты. Биыл 3 меморандумдық келісімге сәйкес нишалық жобаларды іске асыру жалғасын табады. Олардың қатарында картонға арналған қағаз, жұмыртқа қорабы, қатырғыштар (бұранда) және қағаздан жасалған цилиндрлер өндірісі бар. Аталған бағдарлама шеңберінде 2021-2022 жылдары біз импортты алмастыру мақсатында 400 жаңа жұмыс орнын құру, 100 жаңа тауар түрін шығару және 25 жаңа кәсіпорын ашу көзделуде. Кәсіпкерлер палатасы директорының айтуынша, пандемия кезінде елімізге жетіспейтін тауар өндірістері қолға алынды. Мәселен, СТ-КЗ сертификатын 2020 жылы 10 маска шығаратын компания, 6 дезинфекциялық құралдар мен өкпені жасанды желдету құрылғыларын (ИВЛ аппараты) өндіретін компаниялар алды.
«Аға сеньорлар» бағдарламасы арқылы шетелден сарапшыларды, білікті мамандарды тарту бойынша ЖК «Орынбек» - транспорттық қызмет және металл бұйымдарын шығаратын «Шымкент механикалық зауыты» ЖШС-нің өтініштері қабылданып, шетелдік мамандар аталған компанияларда тәжірибе алмасуға көмектерін көрсетті. Сондай-ақ«Азия Трафо» ЖШС – электр қозғалтқыштарын, генераторлар мен трансформаторларды өндіру, «Асыл Арман Казахстан» - фармацевтика өндірісі, «Алем БТ» – тоқылған және тоқылған шұлық өндірісі, «Event company» – ауылшаруашылық жануарларына дайын жем өндірісі, «Nefis» – шай және кофе өндірісі, «Эко фарм – жұмыс киімдерін өндіру, «Құт береке құрылыс» – металл бұйымдарының өндірісі, «NURTAU distribution company» – тамақ өнімдерінің көтерме саудасы бойынша «Іскер байланыс» жобасына құжаттарын өткізіп, ол қазір комиссия тарапынан қаралу үстінде.
2020 жылы «Бастау бизнес» жобасы бойынша 2 820 азамат оқып, тиісті сертификатын алды. 962 үміткерге қаржылай көмек берілді. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы арқылы 942 азамат грантқа (555 600 теңге) ие болды. Сол секілді алды, «Бинестің жол картасы 2025» арқылы 12 үміткер грант (5 млн, тг) жеңіп алса, 8-і несиеге (101 млн.тг) қол жеткізді.
12 онлайн семинар-тренинг Шымкент қаласының «Бизнеске арналған Үкімет» фронт-офисінде ұйымдастырылды. «Бастау бизнеске» қатысушыларды табысты жобалармен таныстыру үшін белсенді кәсіпкерлердің қатысумен Каравай – тамақтану желісі мен Art School – тігін цехында семинарлар өткізілді.
2021 жылы оқуға ниет білдірушілердің саны жоғары болып отыр. Алайда, Палата қалаға бөлінген грант (600 грант) пен үміткерлердің арасында несие алуға ниет білдірушілердің аздығын ескере отырып, биыл 2500 азаматты оқыту жоспарлануда.
– 2020 жылы тамызда Шымкент қаласының Өңірлік кеңесіне сайлау өтті. Кеңестің құрамы 56 пайызға жаңартылды. Оған өңірдің шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ салалық қауымдастықтар кірді. Жыл ішінде 17 отырыс өткізілді, оның арасында ҰКП Төралқасымен және Шымкент қаласының әкімімен болған кездесулер бар. Онда 50-ден астам мәселе қаралып, оның 22-сі оң шешімін тапты. Өңірлік кеңес жанынан әр саланың мәселелерін жеке қарау мақсатында 7 салалық комитет құрылған. Олар агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі Комитеті, өңдеу өнеркәсібі Комитеті, білім және денсаулық сақтау Комитеті, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Комитеті, сауда және қызмет көрсету Комитеті, көлік және логистика комитеті, туризм Комитеті, - деді Н.Қабыштаев.
Былтыр Шымкент қаласы кәсіпкерлерінің ұсыныстарын жинақтап, жиһаз өнеркәсібінің кластерін құру мәселесі әкімдікке ұсынылды. Бұл ретте, алдымен ұсыныс концепциясы жиһазшылармен пысықталды. Статистика бойынша үшінші мегаполисте жиһаз өнеркәсібі соңғы 5 жылда 2,3 есеге өскен, бүгінде бұл салада 500-ге жуық кәсіпкер еңбек етіп жүр. Сарапшылар Шымкентке жылына 100 млрд. теңгенің жиһаз өнімі импортталатынын айтады. Жиһаз өндірісінің болашағы бар. Өйткені қалада жыл сайын көптеген көпқабатты үйлер салынады. Сонымен қатар, Шымкент буферлі аймақта орналасқан қала, сондықтан Орталық Азияға да өнімдерді экспорттауға мүмкіндік бар. Осыларды ескере келе, палата биыл кластерді құру бойынша концепция әзірлеп, нақты іс-шаралар жоспарын құруды көздеп отыр.
Сонымен бірге мобильді жұмыспен қамту орталығының жұмысын әрі қарай жалғастыру мақсатында арнайы интернет-портал құрылмақ. Порталдың бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтқанда жұмыс берушілерге арналған тегін интерфейс, бос жұмыс орындарына тек ШОБ субъектілерінен орналастыру, жұмыс берушіге өз түйіндемесімен тікелей жүгінуге мүмкіншілік туғызу.