Версия для печати

АШЫҚТЫҚ – ТИІМДІ ЖҰМЫС ТЕТІГІ Избранное

Пятница, 11 Март 2022 04:14 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 21774 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Статистика – елдің экономикасын басқару жүйесінің құрылымдық бөлігі. Бұл сала дәйекті және сапалы статистикалық ақпараттардың негізінде әлеуметтік-экономикалық даму тенденцияларын объективті бағалап, мемлекеттегі нақты жағдайды түсіне отырып, алға қойылған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

458

 

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика Бюросының құзыреті шегінде мемлекеттік статистикалық қызмет мәселелері бойынша функцияларды іске асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асыратын бюроның аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Мемлекеттік статистика органдарының негізгі міндеттері – мемлекеттiк статистиканың қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметтi жүзеге асыру және қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттiлiгiн қанағаттандыру. Осы міндеттерді жүзеге асыруда департамент жыл сайын статистикалық жұмыс жоспарын бекітіп, соған сәйкес қызмет етеді.
2022 жылы 147 жалпымемлекеттік статистикалық нысандар бойынша статистикалық байқау жүргізу қарастырылған. Қазіргі уақытты бюроның статистика салаларына қатысты жаңадан және жаңартылып бекітілген 80 астам әдістемелері кеңінен қолданылады. Барлық әдістемелер алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелерді ескере отырып құрастырылған. Бұл өз кезегінде нақты және сапалы статистикалық деректерді жинақтауға мүмкіндік береді.
Статистикалық жұмыс жоспарлар бюроның www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында «Өңірлер / Шымкент қ. / Ресми статистика» бөлімінде қолжетімді. Барлық статистикалық мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін сайттың басты бетінде негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша соңғы деректер, хабарландырулар және статистикалық нысандар бойынша іріктеу зерттеуге түскен респонденттер тізімі орналастырылған.
Департаменттің Instagram «statistika_shymkent», Facebook «Департамент статистики Шымкент» ресми аккаунттарында да соңғы жаңалықтар, қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, хабарландырулар мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттар беріліп отырады.
Сондай-ақ, www.gov.kz сайтының «Ресми интернет-ресурстар / Басқалар / ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі / Агенттік туралы / Ұлттық статистика бюросы / Аймақтар / Аумақтық департаменттер / ҚР СЖРА ҰСБ Шымкент қаласының Статистика департаменті» бөлімінде жаңалықтар, баспасөз-хабарламалар, департамент туралы жалпы ақпарат (басшылық туралы), байланыс ақпараты, мекеменің құрылымы, құрылымдық бөлімшелердің байланыс нөмірлері, ережелері және «Мемлекеттік органның әдеп нормаларын сақтау бойынша жұмыс тиімділігінің деңгейін анықтау үшін онлайн-сауалнама» орналастырылған.
Мемлекеттік статистика қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және ақпараттық‐имидждік саясатты қолдауда 2018 жылғы 19 қазаннан бастап бюроның stat.gov.kz: YouTube арнасы http://www.YouTube.com/cannel/ іске қосылған.
ҚР «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына сәйкес респонденттер алғашқы статистикалық деректерді:
- ҚР заңнамасында айқындалған тәртіппен электрондық түрде;
- қағаз жеткізгіште;
- телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы;
- интервьюер жеке сауал салуды жүргізген кезде ұсынуға құқылы.
Заңнамаға сәйкес алғашқы статистикалық деректер құпия болып табылады. Оны мемлекеттік статистика органдары тек қана статистикалық ақпаратты түзу мақсатында пайдаланады. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде осы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында респонденттерге түсетін жүктемені төмендету мақсатында респонденттерге статистикалық есептерді онлайн режимінде тапсыруға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, респонденттер үшін «Респонденттің кабинетінде» тіркелусіз «Жүгіртпе» бөлімінде заңды тұлғалар БСН және (немесе) дара кәсіпкерлер ЖСН енгізу арқылы жыл бойына міндетті түрде тапсыратын статистикалық нысандардың тізімін алу қарастырылған.
Бүгінде респонденттердің басым бөлігі (интервьюерлер аралау арқылы жүргізілетін сауалнамаларды қоспағанда) «Респондент кабинеті» https://cabinet.stat.gov.kz арқылы электрондық қолтаңбаны қолдану арқылы онлайн режимінде статистикалық есептерді ұсынады.
Ал департаментте респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді қағаз жеткізгіштерде қабылдау «Бір терезе» қағидасы бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ғимаратымызда респонденттер үшін статистикалық есептілікті онлайн режимде ұсынуға арналған компьютерлермен жабдықталған орындар бар. Аталған орындарда мамандар «Ақпараттық есептеу орталығы» кәсіпорны филиалының мамандары оффлайн және онлайн режимде респонденттерге статистикалық есептерді электрондық түрде ұсыну жөнінде кеңестер береді.
Ұсынылатын статистикалық ақпаратттың сапасы мен дәйектілігін жақсартуда департаментте алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімі, оны толтыру нұсқаулығы бойынша, онлайн режимде ұсыну тәртібі жөнінде салалық бөлім мамандары тарапынан респонденттермен кеңес беру, соның ішінде телефон арқылы да жүргізіледі, онлайн форматта бейнеконференциялар, оқу семинарлары мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып тұрады.
Жұмыс жоспарына сәйкес тұрғындардың өмір сүру және жұмыспен қамтылу деңгейі және т.б. зерттеуге көмектесетін ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын және (немесе) жылына бір рет іріктемелі зерттеулер қарастырылған. Мемлекеттік статистика органдары арнайы куәлігі бар алдын ала оқудан өткен интервьюерлер респонденттерге сауал салу барысында алынған ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді. Олар тек статистикалық мақсаттарға, алынған деректер жалпыланған түрде халықты әлеуметтік қорғау саласында түрлі бағдарламаларды дайындауға және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау үшін пайдаланылатынын түсіндіре отырып, зерттеулер жүргізеді. Күмән туған жағдайда респонденттер департаменттің байланыс нөмірлеріне хабарласуына және бюроның ресми сайтынан www.stat.gov.kz «Өңірлер / Шымкент қ» бөлімінде ораналастырылған интервьюерлердің аты-жөнін көруіне болады.
ҚР «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-2-бабына сәйкес статистика органдары респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай-ақ профилактикалық бақылау нысанын да жүзеге асырады. Бұл арқылы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынған не ұсынбағанын анықтау түрінде жүзеге асырылады. Яғни бұл кезде бірден әкімшілік іс қозғалмайды. Алдымен анықталған бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік қарастырылған.
Респондентке бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны респонденттің белгіленген мерзімде орындамауы статистика органдарына әкімшілік іс жүргізуді қозғауға, яғни 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 497 бабына сәйкес әкімшілік жаза қолдануға құқық береді.

Меруерт БОЛАТҚЫЗЫ,
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының
орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.