Орташа есеппен алғанда мегаполис тұрғындарының әрбір үшіншісі білім беру саласында тәрбиеленуде. Олар мектептер мен колледждерде оқып жүр. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз жиынында осылай деді.

366

Қала аумағында жыл басынан бері 85 өрт оқиғасы тіркелді. Абырой болғанда, тілсіз жаудан мерт болған адамдар жоқ. Бұл туралы Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев мәлімдеді. Ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында азаматтық қорғау полковнигі өрт қауіпті кезеңдегі өзекті мәселелер туралы баяндады.

341

Шілде түсіп, жаздың ыстық күндері басталды. Аптап ыстықта тұрғындардың көлеңкелі мекен іздейтіні белгілі. Шымкенттегі дендросаябақ қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналғаны қашан. Саясы мол саябақ сырт көзге тыныш көрінгенімен, мұнда жұмыс қызу жүруде.

330

Шымкент республикалық қала статусына ие болғалы әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны ілгерілеп, оң өзгерістер байқалуда. Үш жылдың ішінде қалаға 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған. Жалпы аумағы 1,7 млн шаршы метр үй пайдалануға берілді.

324

Бүгінде ресми бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистер ғана емес, әлеуметтік желінің белсенді қолданушылары да ақпарат көзіне айналған. Олар таратқан ақпараттың рас-өтірігі өз алдына бөлек тақырып, біздің айтпағымыз – халыққа ақпарат жеткізуде қоғамдық әріптестеріміз қатарды толықтыруда. Солардың бірі – Ербек Бакиев.

312

Мемлекеттің қолдауымен өз ісін бастап, кәсібін жүргізіп жатқан жерлестеріміз аз емес. Тың идеясын ұсынып, бизнес-жоспарын қорғаған жандарға 200 айлық-есептік көрсеткіш көлемінде грант беріледі. Ол нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

255

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша көңіл бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда әлеуметтік әлсіз топтағы жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру басты мақсат болып тұр. Соның ішінде мүгедектігі бар азаматтардың белсенді өмір сүру салтын қалыптастыру бағытында әлеуметтік такси мен инватаксидің қамкөңіл жандарға көмегі көп.

253

Отбасы – мемлекеттің бір бөлшегі. Біздің қоғамда отбасы құндылығын арттыруға үлкен көңіл бөлінеді. Көп балалы отбасыларына қолдау ерекше. Шырайлы қаламызда да отбасыларға қамқорлық көп. Үшінші мегаполистің мерейін асырып, тіршілігін дөңгелетіп отырған Ақбаевтар отбасына бас сұққан едік.

223

Страница 5 из 32