Версия для печати

Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке ДҮЙСЕБЕКОВ: «ӘРБІР ЖҰМЫСШЫ - БІР ОТБАСЫНЫҢ АСЫРАУШЫСЫ» Избранное

Пятница, 12 Март 2021 03:54 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 12801 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте өнеркәсіп, кәсіпкерлік саласы қарқынды даму үстінде. Бұған нақты дәлеліміз де жоқ емес. Өткен жылдың қорытындысы бойынша сараласақ, бір ғана өнеркәсіп саласының 87 пайызын құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 566,2 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 68,8 млрд теңгеге артқанын аңғартуда. Дегенмен, кез келген жетістік еселі еңбекпен келетіні анық. Оның үстіне биылғы меже одан да жоғары болуға тиіс. Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке ДҮЙСЕБЕКОВТІ әңгімеге тартқандағы мақсатымыз да осы. Саланың қол жеткізген табыстарымен қатар, көңіл қуантар мүмкіндіктері қандай? Алда қандай жаңа жобалар жүзеге аспақ?

228

 

– Береке Талғатұлы, сіз басқаратын басқарманың өткен жылғы жетістігі жаман емес. Алайда, біз түгілі алпауыт мемлекеттердің экономикасын шатқаяқтатқан, әлемді алаңдатқан COVID-19 пандемиясы, карантиндік жағдай кәсіпкерлік саласына оңай тимеді. Соған қарамастан...

230


–Иә, расында да карантиндік режим іскер азаматтардың өз кәсібін дөңгелетуіне әжептеуір қиындық келтірді. Бірақ, қол қусырып қарап отыруға болмайды. Бірінші кезекте біз жұмыс орындарын сақтап қалуға, жаңа жобаларда мейлінше жұмыс орнының көп болуына баса назар аударудамыз. Себебі, әрбір жұмысшы – бір отбасының асыраушысы. Қиын жағдайда әр үйге аз да болса табыс кіріп тұрғаны әлеуметтік жағдайды әлсіретіп алмауға кепіл бола алады.
Пандемия салдарынан экспорттың шектелуі, тұтыну нарығының кең қанат жая алмауы өңдеу өнеркәсібі тауарларына деген сұранысты азайтқаны рас.
Дегенмен, Шымкентте өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларында өсу динамикасын байқауға болады. Мысалы, фармацевтика өнеркәсібі 66,1%-ға, машина жасау 38,6%-ға, тамақ өнеркәсібі 18,4%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 10,3%-ға, металлургия 2,6%-ға өсті. ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 366,9 млрд. теңгеге 5 мыңнан аса жаңа жұмыс орны мен 45 жоба 5 жылдыққа іске асады. Оның ішінде бүгінгі таңда 22 жоба іске қосылып, 1 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды.
–Сөзіңіз аузыңызда, оқырманымыз да біле жүрсін, жұмысын жандандырып отырған сол жобалардың бірқатарын мысалға келтіре кетсеңіз.
–Әрине, іске қосылған жобалардың ішінде әсіресе, дизельді генераторлар шығаратын «New technology Ltd» ЖШС-ін, қантты және қатты печенье өндірісі желісін қосқан «Рахат-Шымкент» ЖШС-ін, жазу қағаздарын шығаратын «Qagaz ordasy» ЖШС -ін атар едім. Бұлардың бәрінде де кемі отыздан астам жұмыс орны ашылды. Ал, шоколадты кәмпиттер мен сағыз шығаратын «NURTAU distribution company» ЖШС -і 60 жұмыс орнын ашса, дымқыл майлықтар шығаратын «DALSAN (ДАЛСАН)» ЖШС 40 адамды жұмыспен қамтып отыр.
–Осы жақында бізде аяқ-киімнің табанын жасайтын фабрика барын білдік...
– Иә, сіз айтып отырған «СП «LuxShoes» ЖШС- нің жобалық құны 290 млн.теңгені құрайды. Шыныпластикалық арматуралар шығаратын «ЮжСтройСервис» ЖШС-ін де мақтанышпен айтуға болады.
–Былайғы жұрт біле бермейтін өндірістеріміз баршылық екен ғой.
–Әрине, білмеген соң «өзіміз түк те шығармаймыз. Өндіріс жоқ» деп ауызды құр шөппен сүртіп айту оңай. Алайда, жоқтан бар жасап, әрекет етіп жатқан кәсіпкерлеріміз, баршылық.
–Дегенмен, Шымкенттің маңайындағы ауыл-аймақтар әсіресе ауыл шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығын өркендетуге қолайлы-ақ. Бұл орайда мақтана айтар неміз бар?
–Дұрыс айтасыз, кәсіпкерлікті дамыту барысында біз әсіресе қалаға жаңадан қосылған елді мекендердің әлеуетін тиімді пайдалануға басымдық берудеміз. Ол бірінші кезекте жылыжай шаруашылығын өркендету, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру, сүт өнімдерін өңдеу өндірісіне көңіл бөлу. Бұл орайда былтыр «Taza Onim» ЖШС-нің жылыжайы ашылды. Сүт өңдеп, ірімшіктің түр - түрін шығарып отырған «Эм-Нұр» ЖШС-нің құны 600 млн. теңгелік жаңа жобасы іске қосылғанын да айта кеткім бар.
Сонымен бірге еліміз түгілі шетелдерге қазақ кілемі брендімен танымал «БалТекстиль» фабрикасы жаңадан «Бал Декор» принт кілемдер мен кілемшелер өндірісі жобасын іске қосып отыр.
–Қала аумағында индустиралды екі аймақ және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ барын білеміз. Осы аймақтардың тыныс-тіршілігі қалай?
–Мысалы, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында бүгінде 21 жоба жүзеге асып, жұмысы қарқынды жүруде. Оларда жалпы алғанда 1690 жұмыс орны бар еді. Былтыр осы жобалар санатына тағы 6 кәсіпорын қосылып, қосымша 208 жұмыс орны ашылды.

229


Жалпы алғанда аймақта 2010-2020 жылдары 76,07 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 47,9 млрд. теңгенің өнімі экспортталды. Аймақ құрылғалы мемлекеттік бюджетке 5,1 млрд.теңге салық түскен.
Ал, 2 индустриалды аймақтарда («Оңтүстік – 337 га және «Тассай» - 89 га) 134,7 млрд. теңгенің 128 жобасын жүзеге асыру, 7 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған болса, былтырға дейін соның 89 жобасы іске қосылды. Оларға 89 млрд. теңге инвестиция тартылған. Бұл 6 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Жалпы индустриалды аймақтар құрылғалы бері бюджетке 19,5 млрд. теңге салық түсімі түскен.
–Экономиканы дамытудың тағы бір парасы шағын кәсіпкерлікті дамыту екенін жақсы білеміз. Шымкенттіктер бұл жағына келгенде өзге өңірлерге қарағанда ептілеу. Сонда да болса біле жүрсек дейміз, орта және шағын кәсіпкерлік саласы бізде қалай дамуда?
–Шымкентте қазір жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің нақты саны – 69,9 мың. Оларда 166 мың адам жұмыспен қамтылған. Былтыр бұл сала 699,1 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда әжеп-тәуір көп.
«Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2 454 млн. теңгеге 530 жобаға қолдау көрсетілді. 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе артық (2019 жылы 2 224 млн. теңгеге 227 жоба).
Шағын кәсіпкерлікті дамытуға ең алдымен қаржылық қолдау берік негіз болатыны түсінікті. Сондықтанда аталған жобалардың ішінде банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 218 жобаға 1 491,2 млн. теңге, банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 245 жобаға 672,8 млн. теңге, мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 67 жобаға 289,9 млн. теңге бағытталды.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде шағын несиелендіру бойынша 1 062,1 млн. теңгеге 105 шағын несие берілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,8 есе артық (2019 жылы 618,1 млн. теңгеге 58 жоба).
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 88,1 млрд теңгеге 92 кәсіпорыннан өтініш түсіп, екінші деңгейлі банктер арқылы 36,8 млрд. теңгенің 57 жобасына қолдау көрсетілді. Мақұлданғандар ішінде мынадай ірі жобаларды атап өтуге болады: («KazAlPack» ЖШС - 19,2 млрд. тг, «Pioneer Grain Products» ЖШС - 3,0 млрд. тг, «Юникс» ЖШС - 1,5 млрд тг, «Шымкент қағазы» ЖШС - 1,1 млрд. тг, «Бал Текстиль» ЖШС - 1,0 млрд. тг.)
–Шымкентте кәсіпкерлікті дамытуда инвесторларға да қолайлы жағдай жасалған. Былтыр 278,5 млрд теңгенің инвестициясы тартылғанын білдік.
–Ия, инвестор тартуда біршама әрекеттеріміз өз нәтижесін беруде. Сіз айтып отырған 278,5 млрд. теңге 2019 жылмен салыстырғанда 11,4 пайызға артық. Осының өзі жылдан жылға бұл салада да жұмыс қарқынды екенін аңғартады.
Қалада 2020-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,4 трлн. теңгені құрайтын 157 инвестициялық жобаның базасы жасалды. Оның 34-і былтыр жыл соңына дейін жүзеге асып, 2000 жаңа жұмыс орны ашылды. Соның ішінде 5 жобаға шетелдік инвесторлар тартылған.
–Береке Талғатұлы, атқарылған жұмыс аз емес екен. Алдағы күндері де жүзеге асатын мұндай жобалар көп шығар?
–Әрине, алдағы белес бұдан да жоғары болуын қалаймыз. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы бір жылда өнеркәсіп өнімінің көлемін 710 млрд. теңгеге жеткізуді межелеп отыр. Ал, өнеркәсіп саласының басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемін 623 млрд. теңгеге немесе 2020 жылға қарағанда 102,0 пайызға арттыру ойда бар.
Бұл орайда Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Шымкент қаласы әкімдігі арасындағы түзілген меморандумға сәйкес 2021 жылға жоспарланған негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 315 млрд. теңгені құрайтынын тілге тиек ете кетсек дейміз.
Оның ішінде мемлекеттік жобалар (212 жоба) – 95,2 млрд. теңге, МЖӘ бойынша жобалар (23 жоба) – 5,4 млрд. теңге, жаңғырту бағдарламасын іске асыратын ірі кәсіпорындар (10 жоба) – 46,8 млрд. теңге, өнеркәсіп саласы (28 жоба) – 44,8 млрд. теңгені құрайды.
Ал, «Shymkent» ӘКК» АҚ арқылы іске асырылатын жобалар саны – 42 (33,2 млрд.теңге)
2021 жылы өнеркәсіп көлемін 2020 жылға қарағанда 102,5%-ға дейін өсіру межеленген. Аталған көрсеткішке жету үшін ірі жобаларды іске қосу, қосылған жобалардың жүктелуін арттыру және жұмыс жасап жатқан кәсіпорындардың өндіріс көлемін ұлғайту арқылы қол жеткізілетін болады.
Мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту үлесі есебін 2021 жылы автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Астаналық «Datanomix» компаниясының «мемлекеттік сатып алуды талдау және көрсету жүйесін» енгізудің коммерциялық ұсынысы алынып, бюджетке ұсынылды.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 2020 жылы 69 781 болса, биыл оны 77 мыңға жеткізу жоспарлануда. Бұл тағы да қосымша жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз.
–Шымкенттік тауар өндірушілерді қолдау мақсатында жәрмеңке, көрме ұйымдастыру ісі де өз жалғасын табатын болар...
–Міндетті түрде. Маусым айында «Made in Shymkent» көрмесін өткізуді жоспарлаудамыз. Осыған орай, шымкенттік тауар өндірушілер өнімдерінің каталогы әзірленеді.
Сонымен бірге, Фронт офис құрылады. Осылайша мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту, оның ішінде шымкенттік кәсіпорындардың үлесін ұлғайту мақсатында жаңа механизм қолданылмақ. Ол бойынша жергілікті атқарушы органдардың бағдарлама әкімшілері (аудан әкімдіктері мен салалық басқармалардың, ведомствоға қарасты мекемелер, мемлекеттік жеке серіктестік жобалар бойынша)жылдық сатып алу жоспарларын басқармаға ұсынады. Ұсынылған материалға сараптама жасалынып, қаламызда өндірілетін тауарлардың көлемі мен сомасы, сондай-ақ, ЖСҚ ішіндегі құрылысқа жоспарланған материалдар мен жабдықтар айқындалатын болады. Деректер базасы Фронт офиске ұсынылады.Талдау нәтижесімен жергілікті өндіруші кәсіпорындар және бюджеттік әкімшілер хабардар етіледі. Өз кезегінде қаламыздың кәсіпкерлері Фронт офиске өздерінің шығаратын өнімдері жөнінде деректерін ұсынады, ал бюджеттік әкімшілер - жергілікті өндірушілердің өніміне бейімдеу мақсатында техникалық ерекшеліктеріне өзгерістер енгізеді. Фронт офис оператор ретінде үйлестіру жұмыстарын жүргізетін болады. Қазіргі кезде аудан әкімдіктері мен салалық басқармалардан сатып алу жоспарлары жинақталуда.
–Әңгімеңізге рақмет.