Бұхарбай ПАРМАНОВ: «МАҢЫЗДЫ БАСТАМАЛАР АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ» Избранное

Среда, 30 Июнь 2021 04:15 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 5733 раз

Үшінші мегаполистегі халық көп шоғырланған аймақ – Абай ауданы. Шаһардың шырайын ашқан ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі біздің назарымыздан тыс қалған емес. Төскейде жайылған төрт түлігі өрісін кеңейтіп, текті азаматтары түрлі кәсіптің тетігін ұстап отырған ауданның жақсы жаңалықтары көп. Оны аудан әкімі Бұхарбай ПАРМАНОВ сұхбат барысында әңгімелеп берді.

332

 

– Бұхарбай Рысқұлұлы, әңгімемізді ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуынан бастасақ. Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерге тоқталып өтсеңіз. Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы-2025» сияқты мемлекеттік бағдарламалар қалай жүзеге асырылуда?

333

– Біздің ең үлкен жетістігіміз ол – ата-бабаларымыздың аңсаған асыл арманы Тәуелсіздік. Сол асқақ арманға қол жетті. Кешегі қазақ жастарының өршіл мінезін танытқан Желтоқсан көтерілісі де жаңа тарихымызға елеулі із қалдырды. Биылғы жылы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өткелі отырған Қазақ елі бұл күндері төрткүл дүниеге танымал. Мемлекетіміз ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар, іргелі бағдарламалар қабылдап солардың бәрін сәтті жүзеге асырып келеді. Алдағы мақсат – Тәуелсіздігімізді тұғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ету. Осы жолда абыройлы белестен көріне білейік. Қазақ ұлтының сақталуы, ықылым заманнан өзі мекендеген ата жұртында дербес мемлекет, егемен ел ретінде шаңырақ көтеріп, өркендеуінің бастауы Тәуелсіздікке келіп тірелетіні анық. Сондықтан да қазақ үшін Тәуелсіздіктің орны ерекше. Мінеки, ел болып, тереземіз басқа жұртпен тең болып, халықаралық деңгейде толыққанды мойындалған мемлекет ретінде өмір сүріп жатқанымызға да 30 жылдың жүзі болып отыр. Бұл ретте Қазақстан Респбуликасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың рөлі зор.

Осындай жетістіктердің арқасында Шымкент қаласы мегаполис атанып, республикалық маңызы бар қалаға айналды. Тәуелсіздіктің жетістігі ретінде қала халқы 1 млн.нан асты. Оның ішінде Абай ауданының тұрғындары 322 мыңға жуықтады. Ауданда әлеуметтік нысандар оның ішінде мектептер саны 36-ға жетіп, балабақшалар саны 29-ға жетті.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы 1034 шақырымды құрайтын 1025 көше бар. Атап айтқанда, магистралды - 28 көше (145,4 шақырым), ішкі орамдық - 997 көше (889,3 шақырым). Оның ішінде: асфальт жол - 651 (63,4%) 659,6 шақырым (63,8%); көбейіп, тас жол - 277 көше (27,1%); 329,9 шақырым (31,9%) азайды.
Абай ауданы аумағында жалпы, 3 553 кәсіпкерлік нысан орналасқан. Оның ішінде «СКАТ» әуе компаниясы, «Зерде-Фарма», «Голд Алюминиум», «Электрокомплект-1», сияқты ірі кәсіпорындар бар.
Өткен жылы жалпы аудан кәсіпкерлерінен жергілікті бюджетке салықтан 4,2 млрд. теңгеге түсім түскен. 2020 жылғы жоспар бойынша Абай ауданы бойынша 68 кәсіпкерлік нысанға 4,1 млрд. теңге жеке инвестиция тартылып, жұмыспен қамтылғандар саны 449 адамды құрады. Ал 2021 жылға 12 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.
Ал ауыл шаруашылық саласына тоқталып өтсем, ауданның жалпы ауыл шаруашылығы жер көлемі 26 мың гектардан асады. Өткен жылы төрт түлік мал (жылқы, қой, ірі қара) саны 2019 жылмен салыстырғанда 44% пайызға артқан. 2020 жылға жеке инвестицияға 197 млн. теңге көлемінде субсидия бөлінген, оның ішінде, лизингке сатып алынған ауыл шаруашылық техникасын 2,1 млн. теңгеге субсидия алды. Алма бағына 15,9 млн. тенге, қоймалар салуға 178,8 млн. теңге, мал сатып алуға, техника және технологиялық жабдық сатып алуға 809 мың. теңге алды.
Cонымен қатар, Абай ауданы бойынша “Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау “ бағдарламасымен 344 млн. теңге субсидия алған, оның ішінде, қой шаруашылығына 84 млн. теңге, ірі қара малға 75 млн. теңге, бал ара шаруашылығына 13,8 млн. теңге, тауық еті мен жұмыртқа өндірісіне 154 млн. теңге ұлғайып отыр. Бұл көрсеткішті жылдан жылға арттырудамыз. Мұның бәрі аудан экономикасын көтермесе, әлсіретпейтін факторлар.

– Ауданның дамуына үлесін қосып жүрген кәсіпкерлер мен меценаттар бар ма?

– Абай ауданында орналасқан елді мекеннің қалталы азаматтары жұртқа қамқор, бауырмалдығымен көпке үлгі. Олардың көібісі елімен жеріне қызмет етіп, туған жеріне қажетті мектеп, балабақша аурухана салып балалар ойнайтын спорт алаңшаларымен, стадиондар, мәдениет үйін, адамдар демалатын скверлер салуды жоспарап жүрген кәсіпкер азаматтарымыз бар. Сол азаматтар халық арасында қайрымдылықпен де айналысып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмектесіп келеді. Мінекей осындай елдің азаматтары барда ауданымыз көркейіп, дамып келеді. Сол азаматтарға үлкен алғысымды білдіремін.

– Аудандағы ең өзекті мәселелердің бірі – коммуналдық инфрақұрылым. Аудан аумағына кейіннен қосылған 10 елді мекеннің инфрақұрылымдық мәселелерін шешу бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?

– Сұрағыңыз орынды. Өздеріңізге мәлім 2014 жылы Түркістан облысынан Абай ауданы аумағына 10 елді мекен (халық саны - 37 674) қосылып, аталған елді мекендердің инфрақұрылымдық мәселелерін шешуде тиісті жұмыстар атқарылуда. Ол мекендердің инфрақұрылым мәселелері 2014 жылдан бері шешімін таппай келген. Ауыз су мәселесі бойынша атап айтқанда 10 елді мекеннің 3-еуі Ақжар, Айкөл, Алтынтөбе тұрғын алаптары сапалы ауыз сумен қамтылған.
Өткен жылы аталған елді мекендердің мәселелерін шешу бағытында қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының ықпал етуімен бюджет есебінен қаржы бөлініп тиісті жұмыстар жүргізілді. 5 елді мекенді яғни, Жаңаталап, Қызылжар, Тәуелсіздікке 20 жыл, Игілік және Көкбұлақ тұрғын алаптарын сапалы ауыз су жүйесімен қамту мақсатында қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, Ақтас тұрғын алабын ауыз сумен қамту мақсатында ағымдағы жылы бюджеттен 666 млн.тг. қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Ал Ақтас тұрғын алабы мен Арғымақ шағын ауданын электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 234,7 млн.теңге бөлініп, 358 тұрғын үй электр жарығымен қамтылды. Сонымен қатар, өткен жылы ауданға қосылған 5 елді мекеннің ЖСҚ-н дайындауға 118,3 млн. теңге бөлініп, жобалар толығымен әзірленді. Биыл Жаңаталап, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл және Айкөл тұрғын алаптарын электр жарығымен қамту үшін қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Табиғи газ жүйесімен қамту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ауданға қосылған Алтынтөбе тұрғын алабы газдандыру жұмыстарына 106,2 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарына 2021 жылы аяқталу жоспарланған, нәтижесінде 1231 тұрғын табиғи газбен қамтылады. Өткен жылы 4 елді мекеннің (Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Арғымақ,) жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Биыл аталған жобалардың құрылыс жұмыстарына 1,2 млрд.тг қаржы қарастыру жоспарда. Одан бөлек, Көкбұлақ елді мекенін табиғи газбен қамту мақсатында қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірленуде. Сонымен қатар, Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекенінде жобалық сметалық құжаттарды әзірлеуге ұсыныс берілген.

– «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Жалпы ауданда тұрғындардың мәселелері қалай шешіледі?

– Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және мемлекеттік мекемелердің қызметінде кедергісіз орта құру, сондай-ақ фронт-офистерді енгізу мақсатында Абай ауданы әкімінің аппаратында «Open Ѕрасе», «Ашық әкімдік» форматында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
«Open Ѕрасе» форматындағы «Ашық әкімдік» кеңсесіне арнайы 2 қызметкер бекітіліп, тұрғындарға кедергісіз кіріп шығуға қолайлы орта жасалып, электронды қолтаңба, анықтамалар алуға және т.б. қызметтер көрсетуде.
Жыл басынан бері «Ашық әкімдік» кеңсесіндегі өзіне өзі қызмет көрсету бұрышынан 437 аудан тұрғынына 1311 электронды мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Тұрғындардың мәселелерін дер кезінде шешу бойынша «Ашық әкімдік» кеңсесінде өзім және орынбасарларым жыл басынан бері жалпы 17 рет жеке қабылдау өткізіп, 40 азамат қабылдауда болды. Аталған 40 азаматтың өтініштерінің 23-і толық қанағаттандырылды, 19-на түсіндірмелер берілді, 1 өтініш құзырлы мекемге жолданды, қалған 7 өтініш бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Халықтың қала өміріне етене жақын араласуы біздің де жұмысымызды жеңілдетеді.

– Атқарылған жұмыстар ауқымды екен, алда тұрған міндеттер де аз емес шығар... Аудан тұрғындарын алдағы бес жылдықта қандай жаңалықтар мен өзгерістер күтіп тұр?

– Аудан аумағындағы елді мекендерді сапалы ауыз сумен 100 пайыз қамту жұмыстарын 2022 жылы толық орындаймыз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, алдағы 5 жылдықта аудан тұғындарын сапалы электр энергиясымен, табиғи газбен қамту үлестерін 100 пайызға жеткізіп, кәріз жүйесін 60 пайызға жеткізу көзделуде. Аудандағы 1025 көшенің 63 пайызы асфальт жол болса, қалған жолдары тас және тпоырақ жолдар. Топырақ және тас жолдардың үлесін азайту. Осы жұмыстардың кезең кезеңімен атқару үшін Абай ауданының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік экномикалық даму концепциясы әзірленген. Асылық айтқаным емес, алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетеміз деген ниеттемін.

– Әңгімеңізге рақмет.