Версия для печати

Коронавирусты пневмония несімен қауіпті? Избранное

Среда, 21 Июль 2021 04:20 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 5560 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, елімізде бір тәулікте коронавирусты пневмониядан 50-ден астам науқас қайтыс болған. Коронавирусты пневмония несімен қауіпті? Ем-дом кезінде не нәрсеге мән беру қажет? Індеттен сауыққасын өкпені қалай қалпына келтіруге болады? Осы сауалдардың жауабын жоғары санатты инфекционист дәрігер Динара
ТЕМІРӘЛИЕВАДАН сұраған едік.

478

 

– Динара Дәуренқызы, коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққан науқастарда індеттің белгісі өзгеріп тұратын секілді...

– Иә, вирусты инфекцияға шалдыққанда науқастың ағзасында түрлі белгілер байқалады. Оның үстіне Covid-19 мутацияға ұшырап, басқа түрлері кездесіп жатыр. Жалпы коронавирусты инфекциямен байланысты пневмония (COVID-19 пневмония) – «пневмонит» терминін дәлірек көрсететін өкпенің зақымдануының ерекше түрі. Бұл патологиялық процеске өкпенің интерстициальді тіндерін, альвеолярлы қабырғалар мен қан тамырларын тартуды білдіреді. Яғни, газ алмасуға қатысатын өкпенің барлық құрылымдары қабынады. Бұл қанның қалыпты оттегімен қанығуына жол бермейтін вирустық пневмония. Өкпенің коронавирустық зақымдануының алғашқы белгілері — құрғақ жөтелдің пайда болуы, кейде аздаған шырышты қақырықтың бөлінуі, жауырынның, төс пен арқаның ауырсынуы. Ал пациенттерде ең көп тараған бегілері: әлсіздік, ентігу, тыныс алудың қиындауы, дене қызуы, кейбір науқастарда қосымша бұлшық еттері ауыруы мүмкін, дәм мен иіс сезбеу де жиі кездеседі.

487

 

– Үнді штамы да елді дүрліктіруде. 80-ге жуық елде тіркелген дельта штамы жайлы не білуіміз керек?

–Коронавирустың дельта штамы қазір бүкіл әлемде белсенді таралып, эпидахуал күн санап нашарлауда. Бұл штамда бұлшықет, сүйек қақсап ауру, құлақ есту қабілетінің төмендеуі, іші ауырып іш өту, өкпе қабынуы бірге жүреді, микротромбоз аяғы гангренаға алып келеді. Инкубациялық кезең қысқа 3-7 күнді құрайды. Егер вирус ағзада 50%-дан жоғары болса, өлімге әкелуі мүмкін.

– Оқырмандардан ковид белгілері байқалғанда компьютерлік томографияға түсуі қажет па деген сауал жиі келеді.

– Компьютерлік томография қауіп факторлары болған кезде клиникалық көрсетілімдер бойынша немесе басқа патологиялық жай-күйлермен сараланғанда диагностика мақсатында жүргізіледі. Бұл зерттеуді симптомдар пайда болған сәттен бастап 3-5 күннен ерте емес мерзімде орындаған жөн. Аталған диагностика дәрігердің тағайындауымен ғана жүргізіледі. Өз бетімен жасатудың қажеті жоқ. Жоғарыда атап өткенімдей, кей жағдайларда оның қажеті болмайды. Оның орнына басқа да медициналық зерттеулер жүргізіледі.

– Сауыққан адам қандай оңалту ем-шараларын алуы керек?

– Дертке шалдыққан науқас стационардан шыққаннан кейін толық сауығып кетпейді. Кейбір науқастарға 3-6 айға дейін ем тағайындалады, оңалту шараларынан өтеді. Оңалту бағдарламаларына тыныс алу, физиотерапия жаттығулары, емдік массаж, теңдестірілген тамақтану, режимі, физиотерапиялық процедуралар кіреді. Ауыр пневмониядан кейін ентігу, пульсоксиметрия деректері бойынша қанның оттегімен қанығу деңгейі (сатурация - SpO2) 95% - тен төмен және оттегімен қамтамасыз ету қажеттілігі сақталған жағдайда қалпына келтіру үшін бірнеше ай қажет болуы мүмкін. Дене температурасы қалыпқа келгесін күніне кемінде 3 рет 20 минуттан тыныс алу жаттығуын жасайды. Дегенмен өкпені шамадан тыс тыныс алуға мәжбүрлеңіз. Терең тыныс алып, сәл кідіріс жасап, баяу дем шығару да көмектеседі. Етбетімен жату өкпенің аэрациясын жеңілдетеді, олардың көпшілігі арқа жақта орналасқан. Сондықтан бір жастықты кеудеге, екіншісін жамбас сүйегінің астына қойып, ішіміз иіліп тұратындай қалыпта жатуға кеңес береміз. Күніне 1 сағаттан 5-8 сағатқа дейін және түнгі уақытта осындай қалыпта жатуға болады.

– Коронавирустан кейінгі синдром дегенді дәрігерлерден жиі естиміз. Осы жөнінде тарқатып айтып берсеңіз.

– Ковидтен кейінгі синдром – бұл коронавирустан кейінгі патологиялық жағдай. Ол әртүрлі белгілермен бірге жүреді. Инфекциямен ауырған кез-келген науқас дерлік осындай синдромға тап болуы мүмкін. Постковидты синдром адамдарда короновирус инфекциясымен ауырып жазылғанына қарамастан кездесе береді. Және ол 12 аптаға дейін немесе одан да көп уақытқа созылады. Сондықтан коронавирустық инфекциясынан жазылып шыққан науқастар денсаулығына өте мұқият болуы керек. Жүрек айну, жүрек тұсының ауырсынуы, бас ауру секілді белгілер байқалған жағдайда өзіңіздің емханаңызға хабарласып, дәрігеріңізге көрінгеніңіз абзал.

– Әңгімеңізге рақмет!

Последнее изменение Четверг, 22 Июль 2021 03:09