Версия для печати

ХАЛЫҚ АЙТҚАН ӘРБІР МӘСЕЛЕ ӨЗЕКТІ

Понедельник, 25 Октябрь 2021 10:25 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 6441 раз
Оцените материал
(0 голосов)

1A12E7C4-3FAE-473B-9036-609045B378EB

 

Күн санап дамып келе жатқан қоғамда өзекті мәселелер де ұдайы болып отырады. Осы орайда біраз өзекті мәселелердің шешілуіне белсенді ат салысып жүрген Сауран ауданы мәслихатының⠀депутаты Арман Шалданбаев мырзамен сұхбаттастық.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Депутат болу ел мәселесіне енжар қарамау дегенді білдіреді. Ел ішіндегі қай мәселені салмақты деп санайсыз?⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
- Ең бірінші депутат деген кім? Осы сұраққа жауап берейін. Депутат халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізуші. Сондықтан да депутат мәселенің қай-қайсысы болмасын бей-жай қарамау қажет. Халық үндеген барлық мәселе салмақты. Оны бөліп жаруға болмайды. Саяси өмірге жаңа қадам басқандықтан барлығын уақыттың еншісіне қалдырамын. Бір айтарым мен халықтың баласымын. Елім үшін қолымнан келген істің барлығын жасаймын.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Қадір мен қасиет ұғымы өз мәнін жоғалтпауы керек. Осы орайда не нәрсені ерекше қадірлейсіз?⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Жасыратыны жоқ қазіргі таңда қадір мен қасиеттен кен де адамдар көп. Мәселен, адамдардың бойынан тұрақтылықты, адамгершілікті және шынайылықты іздейсің. Бірақ осы адами қасиетке ие жандар аз. Сондықтан мен жоғары да айтқан 3 қасиетті ерекше бағалаймын. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Біз білеміз,сіз біраз отбасыға көмек қолын создыңыз. Ол отбасылармен өзіміз де таныспыз. Жалпы қайырымдылықты қаншалықты өзіңізге міндет деп білесіз?⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Қолыңнан келсе барлығына көмектес, аянба. «Біріңді – қазақ, біріңді – дос». Мейлінше бір-бірімізге көмек қолын созуға ниеттенуіміз керек. Бірімізді-біріміз қолдап, абыройымызды арттыруымыз қажет. Қайырымдылық міндет емес, қайырымдылық асыл қасиет.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Әркімнің балалық шағынан бір ерекше сәт жадында ерекше жатталып қалады. Сондай бір сәтті баяндап берсеңіз.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Балалық шақ өте тәтті, қызығы мол кезең ғой. Менің балалық шағым өзге балалар секілді ойын ойнаумен өткен жоқ. Анам өкінішке орай өмірден ерте өтті. Ата-әженің қолында өстім. Олар маған бар махаббаттарын төкті. Ал ерекше есімде қалған сәттердің бірі атама велосипед айдауды үйренкенмін. Ол кезде атамның 70 жасқа қараған шағы еді. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Кімдерден үлгі аласыз?⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Нақты бір адамды үлгі тұтамын деп айта алмаймын. Әр адамның жақсы тұсын алуға тырысып бағамын. Барлық адам келесі адам үшін үлкен сабақ, әрбір адам ұстаз.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Қандай ұл мен қандай қыз пайдасыз деп ойлайсыз?⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Мемлекетіміз үшін әрбір азамат маңызды. Дегенмен намысы жоқ ұл мен ардан аттаған қыз пайдасыз. Жалпы жастардың намысты, арлы болуы ата-баба аңсаған ұлы мұрат. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Бүгінгі жастардың бойында болуы керек, міндетті деп табылатын қасиеттерге тоқталып өтсеңіз.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Жастар еріншек болмауы қажет. Жұмыс таңдамай, алға қадам басуы керек. Әрбір жастың болашаққа деген арманы мен мақсаты болуы шарт.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Сөз соңы, замандастарыңызға яғни жастарға не айтасыз?⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Әркім өз өмірін сүру керек. Қиындыққа мойымау қажет. Ер ердің, қыз қыздың  қалпында қалуы қажет. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сұхбаттасқан Рахат Арғынбай.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.