ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ: 3000-ҒА ЖУЫҚ САЙТ БҰҒАТТАЛДЫ
Пятница, 10 Ноябрь 2023 04:26«Қаржы пирамидаларымен күрес, олардың алдын-алу және қаржылық сауаттылықты көтеру бойынша атқарылған жұмыстар туралы» баспасөз брифингінде атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Камилхан Исмаилов, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Шымкент қаласының өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Әбілғазы Қалназаров жүзеге асқан жұмыстардан хабардар етті.
«Сұңқар» жастар денсаулық орталығы ашылды
Пятница, 03 Ноябрь 2023 07:53Шымкент қалалық №3 емханасының жанынан «Сұңқар» жастар денсаулық орталығы ашылды. Мұнда 10-18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар мен 18-29 жас аралығындағы жастарға репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша тегін консультативтік, медициналық-әлеуметтік, заңгерлік қызметтер көрсетіледі.
Жастар орталығы жасөспірімдердің, жастардың денсаулығын сақтау және әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында ашылған.
«Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының төрағасы Төлебай Рахыпбеков мұндай орталықтардың маңызы зор екенін атап өтті.
— Қазіргі уақытта жастардың арасында мәселе өте көп. Соларды шешу үшін осындай орталықтар ауадай қажет. Мұнда барлық ақпарат құпия сақталады. Сондай-ақ, жастарға сенімділік және мейірімді көзқарас тұрғысынан көмек беріледі. Қазір еліміздің әр аймағынан осындай мекемелер ашылуда, - деді Т.Рахыпбеков.
Орталықта емдеу-диагностикалау қызметі, мамандардың қабылдауға арналған кабинеттері, тренинг өткізуге арналған зал қарастырылған.
Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласында 5 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Олар №3, №6, №7, №13 және «ДауМед» мекемесінде орналасқан. 2023 жылдың 9 айында аталмыш орталықтардың көмегіне 6411 пациент жүгінген.
Қорғаныс шебіндегі 40 жыл
Среда, 01 Ноябрь 2023 03:43Шымкент қаласындағы 10216 әскери бөлімінің құрылғанына биыл — 40 жыл. «Түркістан сарайы» мәдениет үйінде мерейтойға орай салтанатты жиын өтті.
134 228 ОҚУШЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Пятница, 27 Октябрь 2023 03:58Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева 2023 жылы 9 айда атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы инфрақұрылым және материалдық-техникалық базаны дамыту, әлеуметтік қолдау, білім сапасы бойынша жүзеге асырылған жұмыс барысын баяндады.
БАЙРАҒЫМЫЗ КӨКТЕ ЖЕЛБІРЕГЕН КҮН
Пятница, 27 Октябрь 2023 03:54Республика күніне арналған салтанатты шара қаладағы «Тәуелсіздік» саябағында Мемлекеттік ту көтеру рәсімінен бастау алады. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары мен жастар жиылды.
ЮНЕСКО ӨКІЛДЕРІ ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ
Пятница, 27 Октябрь 2023 03:49Шымкент қаласында Жібек жолының мәдени мұрасын қорғаудың стратегиялық бағыттарын анықтау мақсатында үйлестіру бюросының (SRLHN) III отырысы өтті. Іс-шараны ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхиты аймағының халықаралық мәдени мұралар орталығы мен қалалық туризм, сырты байланыстар және шығармашылық индустрия басқармасы бірлесе ұйымдастырды.
«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ТЫҢ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАҢДАНДЫРДЫ
Пятница, 20 Октябрь 2023 04:39Қала жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобалар байқауы және еріктілерге арналған грант жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Үздік жобалар байқауы белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдауға бағытталған.
ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
Пятница, 20 Октябрь 2023 04:35Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы есепті кезеңде жылу маусымына дайындық, инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы, көшелерді жарықтандыру бойынша жүзеге асқан жұмыстарды баяндады.