БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Избранное

Среда, 04 Декабрь 2019 04:50 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4003 раз

Директорлар кеңесінің шешімімен «Shymkent «ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы болып Нұржан Өмірсерікұлы тағайындалды.

303

 

Нұржан Өмірсерікұлы 1985 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика» және Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің есепшісі болып бастаған.
2006-2008 жж – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы;
2008-2011 жж – ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі;
2011-2014 жж – Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының ұйымдастыру-құқық бөлімінің басшысы;
2014-2018 жж – Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің орынбасары, кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы, бүгінгі күнге дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.