Версия для печати

Бюджет қаражатын артық жоспарлаған..

Среда, 14 Октябрь 2020 12:27 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 2715 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі–Департамент) тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 шілдедегі кеңейтілген отырысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамалық тапсырмасын орындау үшін жолданған ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 06.08.2020 жылғы №КВГА-03-КВ/1293-И тапсырмасы негізінде «Шымкент қаласының Полиция департаментінің емханасы» мемлекеттік мекемесінде «Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін қызметкерлер үшін сыйақы» дағдарысқа қарсы іс-шарасына бюджеттен бөлінген қаржылардың мақсатты пайдалануы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының сақталуына аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Аудит нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 6 тармағында «мемлекеттік органдардың осы Кодекстің 65-1-бабының үшінші бөлігіне сәйкес лимиттері айқындалған ағымдағы әкімшілік шығыстарын қоспағанда, мәлімделген қаржыландырудың бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпалын сипаттай отырып, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есеп-қисаптар;» деп көрсетілгенмен бюджет қаржысын дұрыс жоспарламау салдарынан 1215,0 мың теңгеге артық жоспарлауға жол берілген.

 

Шымкент қаласы бойынша Ішкі

мемлекеттік аудит департаментінің

№1 сәйкестік аудиті бөлімінің

бас маманы-мемелекеттік аудиторы

А.Киикбаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.