Мәжілістің 107 депутатына куәліктер мен белгілер тапсырылды Избранное

Пятница, 15 Январь 2021 04:57 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 23129 раз

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 7-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеді

 

 

«Заңнамаға сәйкес Парламент депутатының өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген сәттен басталады. Сайланған депутаттарды тіркеу үшін заңнамамен көзделген барлық негіз бар. Осыған орай күн тәртібіне 7-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу туралы мәселе шығарылды», - деді отырысты ашқан ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев. Осыдан кейін ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1-бабының 5-тармағына сәйкес, депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігі саяси партияның басшы органы сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей айқындайтынын айтты.

520

«Ақ жол», «Nur Otan» және «Қазақстанның халық партиясы» саяси партияларының тиісті құжаттары осы жылдың 12 және 13 қаңтарында ҚР ОСК-ге ұсынылды. Сонымен қатар сайлау заңнамасы негізінде Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық комиссиясы ОСК-ге Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша дауыстарды санау хаттамасын ұсынды. Конституциялық заңның 98-бабына сәйкес, ОСК сайланған Мәжіліс депутаттарын тіркейді. Сайлау туралы заңның 45-бабында ОСК сайланған Парламент депутаттарын 7 күн мерзім ішінде олардан Конституцияға және республика заңдарына сәйкес, Парламент депутаттарының мәртебесімен сай келмейтін өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініштерін алғаннан кейін тіркейді деп белгіленген. Аталған өтініштер алынды. Сайлау заңнамасында ОСК әрбір депутатқа өзі белгілеген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні тапсыратыны көзделген», - деді ол.
Бұдан соң ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қаулы жобасына бірауыздан дауыс беріп, ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев жаңа сайланған Мәжіліс депутаттарына куәлік пен омырауға тағатын белгіні тапсырды. Коронавирус індетіне байланысты құттықтау рәсімі бұрынғыдай қол алысып емес, қолдарын сырттарынан түйістіру түрінде өтті.
Айта кетейік, 7-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісіне еліміздегі 3 саяси партия және Қазақстан халқы Ассамблеясының кандидаттары депутат болды. Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясы - 76, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 12, «Қазақстанның халық партиясы» - 10 мандат иеленді. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан 9 депутат сайланды.

 

Последнее изменение Пятница, 15 Январь 2021 05:01
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.