«ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ ҚАЛЫПТЫ ӨМІРІМІЗДІ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТТІ» Избранное

Среда, 09 Февраль 2022 04:15 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5751 раз

Президент берген тапсырмалардың орындалу барысы қандай?

Өткен жылы ел экономикасы 4 пайызға өсті. Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

214

 

– Өткен жылы ел экономикасы 4 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібі – 5,5, құрылыс индустриясы 7,6 пайызға артты. Қызмет көрсету саласында оң үрдіс бар. Сауда-саттық – 9,2, көлік саласы 3,6 пайызға ұлғайды. Дегенмен, инфляция деңгейі межеден асып кетті. Бұл көрсеткіш 8,4 пайыз болды. Өкінішке қарай, қаңтар оқиғасы қалыпты өмірімізді түбегейлі өзгертті. Заңсыз әрекеттердің салдарынан көптеген азаматымыз зардап шекті. Шағын және орта бизнес өкілдері шығынға ұшырады, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті қазіргі мәліметтер бойынша бизнеске 100 млрд теңгеден астам көлемде залал келгенін атап өтті.
– Жаңа Үкіметтің алдында еліміздің экономикалық әлеуетін толық қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл – өте маңызды міндет. Сондықтан оны басымдықтардың бірі ретінде санауымыз қажет. Жоспарланған реформаларды жүзеге асыру және инфляцияны төмендету басты міндеттердің бірі. Ең бастысы, азаматтарымыздың табысын арттыруымыз қажет, – деді Қасым-
Жомарт Тоқаев.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Президенттің қаңтар оқиғасынан кейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.
– Қаңтар айында болған қайғылы оқиғалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына түзетулер енгізді. Әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында осы жылдың басынан бастап сіз Үкіметке шұғыл және жүйелі 108 тапсырма бердіңіз. Бүгінгі таңда 44 тапсырма орындалды, – деді Әлихан Смайылов.
Премьер-Министр бүгінде әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-жоспар аясында елдің барлық аймақтарында қоғамдық тәртіп қалпына келтірілгенін атап өтті.
– Коммуналды қызметтердің бағалары мен тарифтерінің өсуіне жарты жылға мораторий енгізілді. Жанар-жағармайға және газға шекті бағалар белгіленді. Үкімет жанындағы отандық кәсіпкерлер кеңесі құрылды. Утилизациялық алымдар мемлекетке берілді. 100 процент мемлекеттік ұйым «Жасыл даму» акционерлік қоғамы жауапты оператор болып айқындалды, – деді Үкімет басшысы.
Премьер-Министр Үкімет отырысында газ бағасы 2024 жылға дейін өзгермейтінін және утилизация алымының мөлшерлемесі төмендетілетінін жеткізді.
Салаға жауапты министрлердің баяндамасын тыңдаған Мемлекет басшысы тұрғын үймен қамту, кеден саласы және еркін экономикалық аймақтардың өз деңгейінде қызмет ете алмай отырғанын сынға алды.
– Экономиканы өркендету үшін қосымша қаражат қарастыру керек. Мен бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мақсатында бірқатар міндет жүктедім. Ең алдымен, бюджеттегі тиімсіз әрі шығыны көп жобаларды анықтап, одан түбегейлі бас тарту қажет. Еркін экономикалық аймақтардың көпшілігі инвестиция әкелу ісінде тиімді бола алмады деп бірнеше рет айтқанмын. Ал оларға шамамен жарты триллион теңгедей болатын ауқымды салықтық ынталандыру шаралары берілді, – деді Президент.
Мемлекет басшысы Үкіметке шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару және мемлекеттік бағдарламалардың тиімді орындалуын, халықтың табысын арттыру бойынша тапсырмалар жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.