ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ХАЛЫҚ МІНБЕРІНЕ АЙНАЛМАҚ Избранное

Пятница, 18 Март 2022 04:48 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 13104 раз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыру жолында өзекті деген бірқатар бағытты атап өтті. Ел Президенті ұлттық құрылтай құруды ұсынды.

714

 

«Біз бірліктің бастауы болған дала демократиясының бастауын жалғастыруымыз керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды ұлттық құрылтай құруды ұсынамын», - деді Мемлекет басшысы.
Жолдау тапсырмасына сәйкес, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі тарқатылып, орнына құрылтай құрылмақ.
Қ.Тоқаев бұл құрылымның атқаратын қызметін, бағытын айқындап берді.
«Құрылтай — қоғамдық диалогтың біртұтас институтционалдық моделін қалыптастыруы тиіс. Сөйтіп, билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатын болады. Қазіргі қоғамдық кеңестің бәрін өз айналасына топтастырады. Ұлттық құрылтайдың құрамында барлық аймақтың өкілдері болады. Сондай-ақ, оған Парламенттің бірқатар депутаты, Қазақстан халқы ассамблеясы, Азаматтық альянс, қоғамдық кеңес пен ұйымдардың мүшелері, белгілі мемлекет қайраткерлері және тағы басқа кіреді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Бұл құрылым халықтың көптен бері көкейін кернеген түйткілді мәселелерді талқылап, оны шешудің жолын қарастыратын халық мінберіне айналмақ. Мәселелер мерзімінде сараланып, шешімін тапқан кезде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасының да еш кедергісіз жүзеге асатыны анық. Билік пен халық арасы жақындай түскенде, елдің экономикалық, әлеуметтік, заңдық проблемалары да кедергісіз шешімін табатыны сөзсіз.

Гауһар ТӨЛЕПОВА,
«Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің төрайымы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.