Версия для печати

ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕ АШЫҚ ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ Избранное

Пятница, 20 Май 2022 03:59 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 17807 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге мүмкіндік беретін Конституциялық референдум – Әділетті Қазақстан ұстанымының бастамасы деуге негіз бар. Себебі ол биліктің өкілді тармағын айтарлықтай күшейтеді.

556

 

Жаңартылған Заң аясында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекітуі – елдегі саяси партиялардың тең дәрежеде бәсекеге түсіп, демократиялық үдерісті дамыта түсетіні сөзсіз. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың бәрі өзара байланысты және бір мақсатты көздейді.
Конституциялық реформаның нәтижесінде биліктің заң шығарушы тармағы айтарлықтай өзгереді. Соның арқасында, Парламент және оның палаталарының рөлі едәуір күшейіп, мәртебесі артады. Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесімен, яғни пропорционалды және мажоритарлы жүйе бойынша сайланады. Аралас сайлау жүйесі барлық азаматтың құқықтарын толық сақтауға, сайлаушылардың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді. Яғни халық өзі сайлаған Мәжіліс депутаттарынан мандатты кері қайтарып алу құқығына ие болады. Осының нәтижесінде демократия дәстүрлері нығайып, депутаттар мен сайлаушылардың арасында өзара жауапкершілік пен сенімге негізделген жаңа саяси мәдениет қалыптасады.
Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру бағытында біршама өзгерістер болмақ. Біріншіден, Конституциялық Кеңес Конституциялық Сот болып қайта құрылып, азаматтардың өтініштері бойынша олардың құқықтары мен бостандықтарына тікелей қарайтын болады. Сондай-ақ өлім жазасын жою туралы шешім конституциялық деңгейде түпкілікті бекітіледі. Прокуратураның құзыреті, оның жасақталуы мен қызмет тәртібі Конституциялық заңмен белгіленеді. Бұл құқық қорғау қызметінің жүйелі жұмыс істеуін және заңда белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын қадағалауды күшейтуге тиіс. Конституцияның жаңа 83-1-бабының нормалары Адам құқықтары жөніндегі уәкілге иммунитет береді. Ол азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау кезінде қандай да бір өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға тәуелді болмай, өз жұмысында тек Конституциялық Сотқа жүгіне алады. Осылайша, конституциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттырады және саяси үдерістерді шын мәнінде демократияландыра түсетіні анық.
Құрметті қазақстандықтар, қадірлі жерлестер!
Алдағы референдум – азаматтардың өткір де өзекті мәселелерін шешіп, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тікелей көмектесе отырып, сыбайлас жемқорлықпен және азаматтық қоғамға жат құбылыстармен күресіп, әділетті өмір сүруге мүмкіндік береді. Жаңа Қазақстан нақты көрсеткіштері бар жол картасы емес. Бұл – мемлекет пен қоғамды дамыту жүйесін түбегейлі жаңғырту деген сөз. Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз. Біздің шешіміміз – елдің ертеңі мен болашақ ұрпақтың тағдырын анықтайды. Сондықтан баршаңызды 5 маусым күні дауыс беруге шақырамын!

Жанар Бектаева,
AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының
Атқарушы хатшысы

«AMANAT партиясы" қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы қаражатынан төленді.

Последнее изменение Пятница, 20 Май 2022 04:14
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.