Шымкент қаласының 2023 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қортындылары жарияланды. Мәліметтерге сүйенсек, осы кезеңде қалада 70.3 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл 2022 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 8.2 пайызға жоғары.

32

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде – 19 наурызда өтеді. Бұл күні шымкенттіктер өз таңдауын жасайды. Қазіргі таңда үміткерлерді тіркеу аяқталып, 19 ақпаннан бастап үгіт-насихат кезеңі басталды. Сайлау тәртібінің ерекшеліктері, үміткерлер мен сайлаушылар білуі тиіс заңдылақтар және өзге де сауалдарға Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мелдебек ӘДІЛБАЕВ жауап береді.

31

«СТАНДАРТ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫ – МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕС СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖАРҚЫН МЫСАЛЫ

Елімізде жүзеге асырылып жатқан жаңа экономикалық саясат «Мемлекет – бизнес – азамат» үштігі арасында өзара жауапкершілікке негізделген әділетті қарым-қатынас орнатуды көздейді. Яғни, мемлекет заң аясында баршаға бірдей мүмкіндіктер берілуін, әділетті бәсекелестік ортаның қалыптасуын қамтамасыз етсе, ұлттық буржуазия қолындағы ірі капиталын өз елімізге, өз еліміздің өнеркәсібі мен инфрақұрылымын дамытуға жұмсап, сапалы жұмыс орындарын ашып, салықтық міндеттемелерін жауапкершілікпен орындауы шарт. 

23

Шымкентте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларды бұқаралық спортқа белсенді түрде тарту жөніндегі тапсырмасы тиянақты түрде орындалып жатыр. Мәселен, биыл Шымкент қаласында 20 мыңнан астам бала мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне қатысады. Осы мақсатта мемлекеттік бюджеттен жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы тиісті қаржы қаралған.

1030

Шымкент қаласында өткен 2022 жылы 301 193 түп ағаш көшеті отырғызылды. Оның 40 497-сі көктем айларында отырғызылса, 160 696 ағаш көшеті күзгі маусымда егілген. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасынан хабарлады.

1013

Шымкент бір жағынан республикалық маңызға ие қала, заманауи мегаполис ретінде дамып келе жатқанымен, екінші жағынан мұнда ауыл шаруашылығы саласы зор потенциалға ие. Қалаға кейінгі жылдары қосылған елді мекендердің есебінен Шымкентте 28 мың гектардан астам алқапқа егін егіліп жүр. Соған қарамастан шаһардағы базарлар мен дүкен сөрілерінде көршілес елдерден әкелінген импорттық көкөніс пен тамақ өнімдері самсап тұрады. Неге бұлай? Себебі, бізде әлі де ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеумен айналысатын кәсіпорындар аз, агроөнеркәсіп кешені жеткілікті деңгейде дамымай отыр.

808

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы жариялаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отандық экономиканың креативті секторын дамытуға айрықша назар аудару туралы тапсырма берген болатын.

762

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам, Өтеміс, Шапырашты және Қызылсу тұрғындарымен кездесті. Шаһар басшысы кездесуде өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы мақсат-міндеттер жайлы айтты.

754

Страница 9 из 41