Версия для печати

ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ Избранное

Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:33 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 1928 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қыркүйектің 15-нен бастап елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Екі айға созылатын дәстүрлі науқан қарашаның 15-не аяқталады. Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Шымкент қалалық филиалының директоры Сәбит ҚҰРАЛБЕК емханаларға тіркелу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер жайында маңызды сұрақтарға жауап берді.

135

 

Емханаға тіркелудің бірнеше әдісі бар. Алғашқы әдіс – тұрғындар Egov электронды веб-порталы арқылы жүргізіледі. Тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Медициналық ұйымды таңдауда басты ескеретін жайт – емхана үйден немесе жұмыстан 15-20 минут уақытта жаяу жететін жерде орналасқан жөн. Бұл дәрігер көмегі қажет болған жағдайда оның жедел жетуіне, сондай-ақ, отбасы мүшелерінің бәрінің бір дәрігерге қаралуына мүмкіндік береді.
– Науқан кезінде емханаға тіркелген азаматтар медициналық қызметті 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап алады. Оларға осы жылдың 31 желтоқсанына дейін бұрын тіркелген емханада қызмет көрсетіледі. 2021 жылы 27 707 тұрғын еркін таңдауды пайдаланып өзінің тұрғылықты жерінен басқа аумақта орналасқан емханаларды таңдаған. Келісімшартта көрсетілгендей тіркелуші шалғайда тұрса, емхана дәрігерлері үйге барып, медициналық қызмет көрсетпейді. Егер тұрғылықты мекенжайы бойынша үйіне жақын маңдағы емханаға тіркелген жағдайда, яғни 20 минуттық жерде болса ғана дәрігер науқастың үйіне барып қызмет көрсете алады. Ал, науқан кезінде еркін таңдау құқығын пайдаланбаған азаматтар бұрын тіркеуде болған емханада қалады, - дейді Сәбит Құралбек.
Бекітілген нормативке сәйкес, азаматтарға сапалы медициналық қызмет көрсету үшін бір жалпы практикалық дәрігерге 1700, аймақтық терапевтке 2200 адам, педиатрға 600 бала және 14 жасқа дейінгі 900 баладан аспауы қажет.

144


Шымкент қаласында бүгінде мемлекеттік емханаларда 633 мың адам, ал жекеменшік ұйымдарға 500 008 адам тіркеліп отыр. Биыл жеке инвесторлардың есебінен 4 жаңа медициналық мекеме пайдалануға беріліп, халыққа қызмет көрсетуде. Қосымша тағы жеке 5 емхана халықты тіркеуге өңірлік преспективлық жобағы енгізілді. Денсаулық сақтау министрлігінің №194 бұйрығына сәйкес, жыл сайын халықты ерікті түрде емханаға тіркеу науқаны жүргізіледі. Әр азамат науқан уақытында өзіне ыңғайлы емхана мен дерігерді таңдауға құқылы. Десе де, шаһарда 230 мың шымкенттік ешқандай емханаға тіркелмепті. Оның 165 мыңдайы еңбекке жарамды санаттағы адамдар.
–Осы жылдың ақпан айында жоғарыда аталған азаматтардың ішінде 58 740 тұрғынның МӘМС қорына мүлдем төлем жасауға мүмкіндігі жоқ екені анықталды. Қала әкімдігімен бірлесе азаматтарды тегін медициналық көмекпен қамтудың жолы қаралды. Нәтижесінде әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасы арқылы 4 бағытта ұсыныс берілді. Алдымен азамат жұмыссыз ретінде тіркеледі. Қазір сол азаматтардың 16 000-ы жұмыссыз ретінде тіркеліп, кейбірі қысқа мерзімдік оқу курсында жаңа мамандық игерген, кейбірі «Бизнес бастау» бағдарламасы арқылы өз кәсібін бастаған. Осылай 16 мың адамның мәселесі шешілді. Осы күрделі мәселені шешуде қала және аудан әкімдігінің өкілдерінің еңбегі орасан болды, -дейді Сабит Құралбек.
Ел аумағында уақытша болатын шетел азаматтары мен еңбек мигранттары, яғни азаматтығы жоқ тұлғалар емханаға «ерікті медициналық сақтандыру» шарты негізінде белгілі бір уақытқа дейін ғана тіркеле алады. Мерзімі жеткенде олар автоматты түрде медициналық ұйымнан шығарылады. Ол үшін тіркеуге арналған өтінім қазақ немесе орын тілінде жазылып, жеке басын куәландыратын құжаты ұсынылады. Шетел азаматы емханаға жеке өтінім беріп, жекелеген медициналық сақтандыру шартын жасайды.
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңының 3-бабы 2-тармағы бойынша ҚР аумағына уақытша келген шетелдік азаматтар мен олардың отбасы мүшелері МӘМС жүйесінде қазақстандық азаматтармен бірдей құқықтарды пайдалана алады, - деді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалының директоры Сәбит Райымбекұлы.
Айта кетсек, емханаға тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінім ресімдеу арқылы бекітіледі. Тіркелуге қолжетімді емханалардың тізімімен Қордың www.fms.kz сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінде танысуға болады.