Версия для печати

МӘМС-КЕ АУДАРҒАН ЖАРНАЛАРЫМДЫ ҚАЙТАРА АЛАМЫН БА?

Четверг, 22 Сентябрь 2022 03:27 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3177 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Иә, қайтара аласыз. Тек келесідей жағдайларда ғана. Егер жарнаны төлеу кезінде қате жіберіліп, сіздің жасаған төлеміңіз жүйеде көрінбесе жарна қайтарылады. Сондай-ақ егер сіз жеңілдікке ие азаматтар санатында болсаңыз, жарнаны қайтарып алуға болады. Өйткені, мұндай санаттағы адамдарға жарнаны мемлекет төлейді.

 

 

 

Басқа жағдайларда төлем қайтарылмауы мүмкін. МӘМС-ке төленетін жарналар мен аударымдар түсетін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мынадай себептер бойынша ақшаны қайтарудан бас тарта алады:

      Өтініште қаржыны қайтаруға қисынсыз себеп жазылған кезде;

      Өтінішке қоса берілген құжаттар толық болмаған жағдайда;

      Ақшаны қайтаруға негіз жоқ болса;

      Төлемді қайтару уақытша тоқтатылған немесе жойылған жеке кәсіпкерлерге ресімделеді, ал ақпараттық жүйелерден әлгі жеке кәсіпкердің жұмыс істеп тұрғандығы туралы деректер келеді. Мұндай жағдайда жарна қайтарылмайды. ҚР аумағына уақытша тұруға келген шетел азаматы (шетелдіктердің отбасы мүшелері) МӘМС үшін қателесіп төлем жасаса ақшаны қайтаруға өтініш қалдыра алады.

Сұрақтар бойынша колл орталыққа қоңырау шалуға болады -1406.

 

10 қалалық емхананың атынан Тургунбаева Мухаббат Рахматуллаевна

Последнее изменение Четверг, 22 Сентябрь 2022 04:06
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.