БІ3 БІРГЕМІЗ! Избранное

Среда, 15 Февраль 2023 04:34 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2249 раз

Орталық «Ақмешітте» бауырлас түрік елінде зілзала апатынан қайтыс болғандардың рухына Құран бағышталып, құрбандық шалынды. Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі мүшелері және ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі тағылымды іс-шараны бірлесе ұйымдастырып, қиын сәтте бауырлас елмен бірге екенін білдірді.

1032

 

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев енді бұндай жағдай қайталанбауын тілеп, халқымыз қиындыққа душар болған түрік халқымен бірге екенін атап өтті.
– Түркия елінде болған жағдай барлығымызға ауыр тиді. Марқұм болғандардың рухы шат болып, зардап шеккендерге Алла шипа берсін. Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен бірге елімізде тыныштық, амандық болсын деген ниетпен осындай іс-шараны ұйымдастырдық. Құдайға деген шүкіршілігімізді білдірдік. Алла елімізге жақсылығын еселеп берсін, мұндай апаттар қайталанбасын деп тілейміз, – деді өкіл имам.
Қалалық ардагер кеңесінің төрағасы К.Төлебаев мұндай қиын жағдайда көпшілікті көмек қолын созуға шақырды. Бүгінде Шымкент қалалық ҚХА жанынан еріктілер тобы құрылған. Олар күнделікті қажетті заттар, азық-түлік, тағы басқа гуманитарлық көмек жинап жатыр. Шымкент қаласынан түрік еліне бірінші гуманитарлық көмек жөнелтіледі.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.