Версия для печати

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ЦИФРЛЫ ФОРМАТҚА КӨШТІ Избранное

Среда, 15 Март 2023 04:30 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5762 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Еңбек және әлеуметтік қорғау саласын цифрландыру – еліміздің экономикасын технологиялық тұрғыда жаңғырту бағыттарының бірі болып табылады.
Бүгінде цифрлы форматқа көшу үдерісі адами факторлардың алдын алып, сыбайлас жемқорлық әркеттерінің жолын кесуде. Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингте еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Бақтияр Өнербаев осылай деді.

357

 

Өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап елімізде пилоттық режимде «Отбасының цифрлық картасы» іске қосылды. Жаңа жүйеде қолда бар деректер негізінде экономикалық, әлеуметтік, тұрғын үй жағдайлары, денсаулық пен білім бойынша отбасының әл-ауқат деңгейін бағалауға және қадағалауға мүмкіндік беретін талдаулар жүргізіледі. Әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда «Отбасылық цифрлық карта» жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемді проактивті түрде алуға мүмкіндік береді.
— Ол үшін цифрлық карта арқылы әлеуметтік жәрдемақы алушыға SMS-хабарлама жіберіледі. Оң жауап болған жағдайда оған төлем тағайындалып, тиісті қаражат банктік шотына аударылады. Қазіргі таңда жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша электронды қызмет алу мүмкіндігі берілген. Олар — жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған кезде, бала күтіміне байланысты табысынан айырылғанда, жұмыссыз қалғанда, асыраушысынан айырылғанда және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-анаға (қамқоршыға), мүгедектігі бойынша және көпбалалы отбасыларға, «Күміс алқа» немесе «Алтын алқа» иелеріне берілетін жәрдемақылар және атаулы әлеуметтік көмек. Сондай-ақ, азаматтарға осы карта арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы автоматты хабарлама жіберіледі, -деді Б.Өнербаев.

358


2023 жылы әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер тізбесі кеңейтіледі. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізіледі. 2025 жылдан бастап жоғарыда аталған үш салада мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрі қамтылмақ.
Департамент басшысының дерегінше, Шымкентте зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 184 600 адамды құрайды. Мекеме азаматтарға мемлекеттік қызметтің 13 түрін көрсетеді.
–Өткен жылы 166 398 адамға зейнетақы мен жәрдемақы төлемі тағайындалды. Оның ішінде, 80 044 адамға жаңадан тағайындалса, 86 354 азаматқа әлеуметтік төлем қайта қаралған. Сонымен бірге, 31 азаматтың өтінімі кері қайтарылып, 2166 тұлғаға мемлекеттен берілетін әлеуметтік төлем төлеуден бас тартылды, - деді департамент басшысы.
Бүгінде қалада 39 299 мүгедектігі бар адам тіркелген. Бұл қала халқының 3,3 пайызын құрайды. Оның ішінде І топта – 3 804 адам, ІІ топта 15 197 және ІІІ топта 12 750 азамат, ерекше күтімді қажет ететін 7 478 бала бар.
Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында азаматтарға бір медициналық мекеме арқылы оларға қажетті қызмет көрсету пилоттық жобасы негізінде проактивті сырттай куәландыру қызметі іске қосылған. Жаңа жобада науқастар еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментіне бармай-ақ, емхана дәрігерлері құжаттарды электронды жүйе арқылы жөнелтеді. Департаменттің медициналық экспертиза мамандары құжаттарды мұқият қарап, мүгедектікті сырттай куәландырады. Мұндай формат сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, науқастарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынып отыр. Өткен жылдың өзінде департаментте 13 қызметтің 9-ы осы цифрлық жүйе арқылы жүзеге асырылыпты.