300 адам жұмыспен қамтылады Избранное

Пятница, 12 Май 2017 05:33 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4077 раз

Оңтүстіктікқазақстандық 300 азамат Ақмола облысында ірі кәсіпорындардың бірі болып табылатын «Новопэк» компаниясында жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

89787 

Мұндай келісімге облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мен «Новопэк» ЖШС-нің басқарушы директоры Айдар Жақыповпен болған екі жақты меморандум аясында қол жеткізілді.

Солтүстік өңірлерде бүгінгі таңда жұмыс қолының тапшылығы сезіледі. Бұл ретте Оңтүстіктен Ақмола облысына тұрғындарды қоныстандыру мақсатында жасалған меморандум аясында аталған зауыт басшысы Айдар Жақыпов облыстан баратын 300-ге жуық азаматты жұмыспен қамтып, баспана мәселесін шешуге көмектесетінін атап өтті.

Айта кетсек, 2003 жылы негізі қаланған «Новопэк» компаниясы полимерлік қаптама нарығында көшбасшылардың қатарында. Зауыт Австрия, Италия, Түркия және Тайвань елдерінің заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Аумағы 45 мың шаршы метрді құрайтын кешен 600 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар. Бүгінде өндіріс орны айына 8 млн дана өнім шығарады.

Последнее изменение Пятница, 12 Май 2017 05:56