«Нұр отан»:«20 игі іс» акциясы жалғасуда Избранное

Среда, 27 Февраль 2019 04:14 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2594 раз

«Нұр Отан» партиясы биыл атап өтілетін 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «20 игі іс» тақырыбымен іс-шаралар өткізуді қолға алған болатын. Осы істің аясында партиялықтар «Алтын Дән» бастауыш ұйымымен бірлесіп Бөбектер үйіне арнайы барды.

Шымкент қаласындағы мамандандырылған бөбектер үйінде жүйке жүйесі зақымданған, сезім мүшелерінің аурулары бар балалар тәрбиеленеді. Мұнда тәрбиеленушілер перзентханалардан туғанынан бастап төрт жасқа дейін қабылдайды.

Денсаулық сақтау мекемесіне қарасты бөбектер үйі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбилерге жақсы күтім, медициналық көмек көрсетуге, аурудың алдын-алу және балаларға дұрыс тәрбие беру үшін арналған мекеме.

Бөбектер үйінің директоры Ғалымжан Айнабектің айтуынша, қазіргі таңда «Үміт» тобында 24 бала тәрбиеленуде. Мұнда некесіз босанған әйелдердің, жеке бас бостандығынан айырылған ата-аналардың балалары қабылданады.

Бөбектер үйіне арнайы барған «нұротандықтар» осында тәрбиеленіп жатқан балаларға арнап жалпы сомасы 235 000 теңге тұратын, «Фаэтон» мекемесінде дайындалған нейро-ортопедиялық оңалту комбинезондарын сыйға тартты.

Туабітті денсаулығы жоқ балаларды оңалту үшін бұл киім-кешектерді алуда «Алтын Дән» БПҰ-ның төрағасы, белгілі меценат, кәсіпкер Бахарам Абдукаримов қолдау көрсетті.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.